Кесте-1. «Тәрбие» ұғымына берілген анықтамалар
Ғалымдардың
аты-жөні
Анықтамалары
Әбу Насыр
әл-Фараби
Тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды.
Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек...
М.Жұмабаев
Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген
сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл
жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген
мағынада жүргізіледі
В.А.Сухомлинский
Тәрбие – кең мағынасында, бұл рухани жағынан үнемі жетілу және
баюда көпсалалы процесс
Л.Н.Толстой
Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету...
Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат
көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі
Н.К.Крупская
Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен
жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала
ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал
кең мағынасында ...қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл
жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді
К.Д.Ушинский
...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана
тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда
күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, халық ...және оның тілі
болады
Т.А.Ильина
Тәрбие – жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау
мақсатын көздеп, оларға қоғамдық, тарихи тәжірибені ауыстыру
процесі
Достарыңызбен бөлісу: |