Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Мектептен тыс ұйымдармен (милиция, наркологиялық-дәрігерлік



Pdf көрінісі
бет199/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Мектептен тыс ұйымдармен (милиция, наркологиялық-дәрігерлік 
мекемелер, орталықтар және т.б.) өзара әрекеттестік 
Мектептен тыс ұйымда оқу-тәрбие процесі балалардың денсаулық 
жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Ұйымда балалардың аурудан 
сақтануы, олардың денсаулығын нығайту, денесiн шынықтыру, саламатты өмiр 
салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етiледi. 
Бала тәрбиесінде өзара әрекеттестікте жұмыс жасайтын мекемелер 
– 
аудандық, қалалық, әкімшілік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және 
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, кәмелетке жасы толмағандар 
ісі жөніндегі инспекция, балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент, 
психологиялық-педагогикалық кабинет, жол полициясы, наркологиялық-
дәрігерлік және саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, бұқаралық 
ақпарат құралдары (58-сурет). 
Мектептен тыс ұйымдарға жататындар: 
-
балалардың 
шығармашылық 
сарайлары, 
үйлерi, 
орталықтары, 
кешендерi, студиялары;


179
-
жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен 
базалары; 
-
музыка, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; 
-
ынта-ықыластары бойынша клубтар;
-
спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер;
-
парктер, стадиондар, галереялар және т.б. 
Мектептен тыс ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) балалардың жеке басының дамуы, денсаулығын нығайтуы, кәсiптiк 
бағдарын айқындауы, шығармашылық еңбегi, өздерiнiң қабiлеттерiн iске 
асыруына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету;
2) балаларды қоғам өмiрiне бейiмдеу;
3) балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру; 
4) өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, саламатты 
өмiр салтын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет