181
баланың
шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін
зерттеу;
баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;
балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие
жұмысын жүргізу және т.б.
Ұлы педагог А.С.Макаренко бойынша сынып жетекшісінің қиын
балалармен атқаратын жұмыстары:
-
қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір баланың
өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;
-
мінез-құлқында аз да болса
оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту,
яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;
-
отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы
қатынасты жүйеге түсіру;
-
қиын баланың ынта-ықыласын,
талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп,
қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен
орындауға бетбұрыс жасату;
-
өзін-өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке
басын құрметтеуге үйрету, барша балаға біркелкі талаптар қою, педагогикалық
ынтымақтастық қатынаста болу.
Сондай-ақ,
отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол
мектепке үйренуі, сыныптағы балалармен тіл табысуы баланың үлгеріміне,
тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі
жасайтыны белгілі.
Осыған орай, сынып жетекшілерінің балалар арасында
жағымсыз көріністерді болдырмауда балаға назар аударып, оған керекті, қолдан
келер бар жағдайды жасап, қадағалағандары дұрыс.
Қиын баласы бар ата-ананың жіберетін басты қателігі – оларда
педагогикалық білімнің жетіспеушілігі, тіпті кейбір тәрбиелі деген
отбасының өзі педагогикаға қарама-қайшы тәрбие береді:
Достарыңызбен бөлісу: