184
Қазақстан Республикасы аумағында құқық қорғау органдары діни
экстремизммен
күресу
үшін
әуелі
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және де өзге
де нормативтік құқықтық актілерге сүйенеді.
А.Д.Дәрменов экстремизмнің алдын алу үшін оған қарсы күресуші
субьектілерді екі топқа бөледі:
1)
мемлекеттік институттар (заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі);
2)
саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат
құралдары, сонымен қатар экстремизмді ескертуге, алдын алуға мүмкіншілігі
бар тұлғалар.
Білім саласындағы орталық атқарушы орган білім беру ұйымдарында
балалардың экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен
ізгіліктің көпшілік таныған принциптерін құрметтеуін, қалыптастыруға
бағытталған тәрбиелік бағдарламалардың бекітілуін және іске асырылуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: