Сурет-60. Қиын балалар шығуының әлеуметтік көрсеткіштері
Қиын балаларды қайта тәрбиелеудің педагогикалық шарттары:
Қиын балаларды зерттеуді қоршаған ортадан бастау.
Қиын баланы қайта тәрбиелеуді оны қоршаған ұжымының
бағдар-бағыттауы бойынша әдептілік жолымен жүргізу.
Қиын балаларды тәрбиелеу жұмысын жиі, бірізді, тұрақты, ғылыми
ұйымдастырылған түрде жүргізу.
Ойлау
қабілеті
зақымдалған
балаларды
уақытында
емдеуді
ұйымдастыру.
Балалар мен оқушы жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу
жүйесін жетілдіру
Тәуелсіз еліміздің дамуының бірден бір ерекшелігі – қоғам өміріндегі
діннің нығаюы болып табылады. Баршамызға белгілі, соңғы уақыттарда дінге
сенушілер саны көбеймесе азайған емес. Соның ішінде халқымыздың 70 %-дан
астамы ислам дінін ұстанады. Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі –
қоғамдағы діннің рөлі. Еліміздегі діни ахуал, діни сенім, қоғамдық сана мен
мәдениетіміз де үлкен орынға ие. Сонымен қатар, шын мәнінде діннің рухани
қуаты, ғасырлармен шыңдалған адамгершілік қағидалары, ел бірлігі мен
адамдар татулығының, әсіресе жастардың рухани, моральдық тәрбиесінің
қайнар көзі болып табылатындығын айта отырып, мемлекеттік деңгейдегі осы
26%
16%
40.5 %
17.5 %
Достарыңызбен бөлісу: |