295
Тәрбие процесінде қолданылатын негізгі диагностикалық әдістер:
талдамалық:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік
деңгейін және сипатын
талдау;
бақылау-бағалаушылық:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін бағалау
мен бақылауды жүзеге асыру;
түсіндірушілік:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейіне түсініктеме
беру, нормадан ауытқушылық болса, оның себептерін түсіндіру;
дамытушылық:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейі нәтижелерін
диагностикалау, олардың өз бетімен білімдерін арттыруына,
өз-өздерін
жетілдіруге себеп болады;
ақпараттық:
тәрбиеленушілерге олардың тәрбиелік деңгейі туралы
ақпарат беру;
прогностикалық:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік
деңгейін ары қарай
арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;
ұйғарушылық:
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін ары қарай
арттырудың жолдарын анықтау;
кері байланыстылық:
диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді
жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен
талдау.
Диагностикалық әдістеме – психодиагностиканы
пайдалануды қажет
ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті
нақтылауды айтады. Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында
ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық
әдістің тесттерімен
қандай да бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен
нақты зерттеулер жүргізу барысындағы
әңгіме мазмұны арасындағы
ерекшеліктер.
Әңгімелесу
–
пікіралысу,
сұхбаттасу,
әлеуметтік
ғылымдарда
қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі.
Енді
педагогикадағы әңгімелесуді
сөз етсек, ол тәрбиеленушілердің ойы
мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі.
Әңгімелесу
кезінде тәрбиеленуші тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу
материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі – тәрбиеленушілерге
эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі.
Оның сапасы
тәрбиешінің тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Ал,
психологиядағы әңгімелесу
– белгілі жоспар бойынша бақылауға
алынған адамның ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген
сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелушіге күдік тудырмау үшін
әңгімелесу
көбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін
мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: