294
Диагностиканың әртүрлі әдістер мен әдістемесін пайдаланудың
ерекшеліктері
Диагностикадағы
әдістерді
пайдалану
–
мінез-құлықтар
мен
іс-әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға,
бағалауға
мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Бақылау-зерттеу (тексеру) әдісі.
Бақылау арнайы жоспар бойынша
жүргізіледі. Ғылыми негізде шығармашылықпен
жасалған жоспар зерттеу
жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін
педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан
бақылаудың нәтижесі зерттеушінің
педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және
сауаттылығына байланысты болады. Зерттелетін
тақырыптың мақсаты мен
мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқыту-
тәрбиелеу барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі
тәрбиеленушілердің
танымдық іс-әрекеті, ұжымдық іс-әрекеті және
олардың зейінін жандандыру
және т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады.
Тәрбие процесінде қолданылатын негізгі диагностикалық әдістер
98-суретте ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: