Сурет-101. Әдістемелік жұмыс жүйесі
Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі және білікті маман басқарады және
оның отырыстары тоқсан бойынша 1 рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің
жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрамды бір бөлігі
нәтижелерін талдау негізінде жасалады және сол жылға қойылған міндеттерден
тұрады. Жоспарды әдістемелік бірлестік жетекшісі жасайды және жоспар
педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді.
Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны:
мемлекеттік стандарт талабын орындау;
оқу сапасын жақсарту;
оқу процесінде инновациялық, ақпараттық технологияларды саралап
қолданудың тиімді жолдарын көрсету;
озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану;
оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық
жазылуын бақылау;
қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау, қарастыру, бекіту;
теориялық, практикалық семинарлар ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |