306
тәрбиеленушілердің білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының,
тәрбиелілігінің деңгейі.
Білім сапасы тәрбиеленушілердің байқампаздығы, талдау, жинақтау,
абстракциялау іскерлігі, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтау,
іс-әрекеттің жүйесін белгілеу, өз іс-әрекетін бақылау, оған керек жағдайда
түзетулер енгізуден көрінеді. Тәрбиеленушілердің тәрбиелілігі олардың
пікірлері, мінез-құлқы, жүріс-тұрысынан байқалады.
Озық педагогикалық тәжірибенің үшінші белгісі
– оқыту, тәрбие, дамуда
тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін сынып жетекшілері мен
тәрбиеленушілердің өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.
Озық педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі
– жаңалық болып
табылады.
Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және
жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір сынып жетекшісі еліміздегі жаңашыл
ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми
еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен
пайдаланғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: