Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені



Pdf көрінісі
бет355/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені 
зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері 
Озық педагогикалық тәжірибе – қоғамдық педагогикалық қызметтің 
бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке 
тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде 
педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске 
асыруы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың 
негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені өзекті ғылыми 
мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық процестің заңдылықтарын 
оқып үйренуге негіз болады. 
Сынып жетекшісі өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі 
тәжірибелі сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарымен танысып, тәрбиелік
іс-шараларға қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен 
салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, 
атап 
айтсақ, 
сабақ 
жоспары, 
күнтізбелік-тақырыптық 
жоспар, 
тәрбиеленушілердің жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің
оқу-тәрбие жұмысының жоспары, тәрбиеленушілердің баяндамаларын
және т.б. жинақтайды. 
Сынып жетекшісінің озық тәжірибесін зерттеу кезеңдері:

педагогикалық озық тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың 
тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде, іс-шара жоспарын жасау; 

әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі сынып 
жетекшілерді анықтау; 

тәжірибелі 
сынып 
жетекшілердің 
шығармашылық-проблемалық 
тақырыптарын жинақтау; 


307

тәрбиелік тақырып пен жұмысты кезеңдерге бөлу; 

сынып жетекшілердің өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін 
айқындау. 
Педагогикалық тәжірибені зерттеу жолдары:

педагогикалық процесті тікелей бақылау; 

бақылауға алынған педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда 
негіздеу; 

нәтижелерді талдау және салыстыру; 

педагогикалық 
тәжірибені 
сынып 
жетекшісінің 
практикалық
іс-әрекеттері арқылы негіздеу. 
Педагогикалық тәжірибені зерттеу мерзімдері: 
-
педагогикалық қызмет жүйесін зерттеу (бірнеше жылға созылуы 
мүмкін); 
-
сынып жетекшісінің қандай да бір тақырыптағы жұмыс жүйесін зерттеу 
(тоқсандық, жылдық); 
-
сынып жетекшісінің жұмыс тәжірибесіндегі бір тиімді элементті зерттеу 
(белгіленген уақыт бөлігінде);
 
-
жаңа технологияны меңгеру тәжірибесін зерттеу (меңгеру нәтижесіне 
байланысты). 
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері 102-суретте ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет