309
Екіншіден,
сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
тәрбиеленушінің жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді
,
оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден,
сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы тәрбиеленушіде
іс-әрекеттің әр түріне
қатысты қызығушылығының дамуы, оған
белсенді
қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді
. Егер де
тәрбиеленушіде еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы
нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден,
сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
тәрбиеленушінің өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді,
сонымен бірге
ұжымда өмір сүруге үйретеді
. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға,
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Бесіншіден,
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде
уақытқа қатысты
қатаң шектеу болмайды
. Сынып жетекшісі оның формалары
мен әдістерін, құралдары мен мазмұны және бағытын тандауда ерікті болады.
Бұл бір жағдайда, оған өзінің көзқарасы және сенімі
тұрғысында әрекет етуге
мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.
Алтыншыдан,
сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне
күнделікті
бақылау мүмкіндігінің болмауы
. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен
тәрбиеленушілердің жеке-дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.
Соған сәйкес форма немесе әдістің нәтижесін анықтау қиындық туғызады.
Жетіншіден,
сыныптан тыс тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің
мүмкіндіктеріне сай қолдары
бос уақытта
(үзілісте, сабақтан кейін, мейрам
немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарда)
ұйымдастырылады.
Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар
мен жұртшылықтың өкілдері
қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері тұтас
педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік
және дамытушылық. Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие
бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және
дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның
мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, сынып жетекшісі қонаққа барған
жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігі туралы
тәрбиеленушілермен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның
мақсатына тәрбиеленушінің мінез-құлық ережесі
туралы білімдерді кеңейтуді
белгілейді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам
баласы өмірінің әртүрлі саласындағы, өзіндік тәжірибесіндегі: ғылым, өнер,
әдебиет, техника, өзара қарым-қатынас, моральдық бейнесінде бастан кешірген
және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.
310
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері:
1) сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны тәрбиеленушінің сезіміне,
әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл-ойына әсер етуді
көздейді);
2) тәрбиеленушінің практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі
іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
3) жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын
атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
4) коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре
білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару және т.с.с.);
5) этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан
тыс
жұмыстардың
ерекшелігін
анықтауда
Н.К.Крупская
еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда түзетуді
қажет ететін тәрбиенің жалпы принциптері басшылыққа алынады.
Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асырыла
отырып,
сыныптан тыс жұмыстардың
төмендегідей
ерекше белгілерін
сипаттайды:
- сыныптан тыс жұмыстарға тәрбиеленушілердің жаппай және ерікті
қатысуы;
- әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай
тәрбиеленушілердің саралануы;
- практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қоюы;
- қатынас пен қатысу саласының әртүрлілігі;
- уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы.
4-5 қосымшада жеке тұлғаның креативтілік қабілетін қалыптастырудағы
инновациялық тәрбиелік іс-шаралардың үлгі-жоспары берілді.
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбиеленушілерге
ұлттық тәрбие беруде
төмендегідей (ұстанымдар) принциптер
басшылыққа алынады (103-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: