Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек



Pdf көрінісі
бет418/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек 


360
1.
Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады. 
2.
Мүгедек балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан 
Республикасының заң актілерімен белгіленеді 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз).
3.
Мүгедек балаларды тәрбиелеуші және оларды күтіп-бағуды жүзеге 
асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек 
алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ 
 
34-бап. Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу 
1.
Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен, 
рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуына 
мүмкіндік жасайды. 
2.
Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабілетін дамыту 
үшін ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио 
хабарларын шығаруды көтермелейді. Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 
3.
Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін
адамның қадір-қасиетін қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық 
бұзушылыққа ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиетті,
ойын-сауық және басқа іс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет