90
талдау, тапсырманы орындау әдістері, алынған нәтижелер, ойын кезінде болған
сезімдер мен қарым-қатынастарды есте сақтап отыру керек.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған ойындар жүргізу
барысында
қатысушылар келесі төмендегідей ережелерді орындауы керек:
көтерілген қол ережесі;
әркімнің ойынға қатысудан бас тарту құқығы;
ойыншылар пікірінің бір-бірінің қарым-қатынасына байланысты болуы;
ойыншылардың
бірі шыққанда, қалғандары
оны аяғына дейін тыңдауға
міндеттілігі.
Қорыта
келгенде, ойын – баланың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Олар
ойынсыз өсе алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен
айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуы да
мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты».
Достарыңызбен бөлісу: