Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы



Pdf көрінісі
бет102/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы 
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар технологиясы үшін шығармашылық 
деңгейдің жетістіктері мақсат басымдылығы болып табылады.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және 
қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру. Ұжымдық – бұл тәрбиешілер 
мен 
тәрбиеленушілердің 
жолдастық, 
тұлғааралық 
қатынасын 
білдіреді. Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, 
бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. Жұмыс – бұл оның нәтижесі, ортақ 
пайда және қуаныш дегенді білдіреді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сан алуан түрдегі тәрбие жұмыстарын 
игере отырып, ұжымдық шығармашылық жұмыстардың технологиясын жүзеге 
асыру және әдістеме жасауды меңгеру аса маңызды. Өкінішке орай, педагогтар 
жиі қарапайым іс-шараларын ұжымдық іс деп атайды. Шығармашылық іс-
әрекеттердің ескірген түсініктерге байланысты түрлері, олардың идеялары, 
ұйымдастыру ұстанымдары туралы И.Т.Иванов пен оның шәкірттері көп 
қарастырды. Бұл әдістеменің негізгі мәні – тығыз байланысты серіктестік, 
ұжымның барлық мүшелерінің үлкендер мен кішілердің, тәрбиешілер мен 
тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.
Тәрбие жұмыстары ұжымдық және шығармашылық негізде құрылады. 
Егер бірлескен ізденіс процесінде құрылса, 
онда:
1.
Әркімнің талабы мен қызығушылығы ескеріледі. 
2.
Топтың, бірлестіктің жалпы мақсатын жоққа шығармайтын жеке мақсат 
болады. 
3.
Ұжымдық жұмыстар әркімге ортақ істе өз орнын табуды ұсынады. 
4.
Берілген жұмыс түрлерін орындау барысында даралық үлгісін көрсетеді. 
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар технологиясының негізінде 
ұйымдастыру ұстанымдары: 

балалар мен үлкендер әрекетінің әлеуметтік-пайдалы бағыттылығы; 

балалар мен үлкендердің серіктестігі; 


91

романтизм және іскер шығармашылық ықпал. 
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар түрлеріне сабақтан тыс уақыттағы 
ұжымның шығармашылық істері, дәстүрлі тапсырмаларды алмасуы, сюжетті-
рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және т.б. істер жатады. 
Ұжымдық шығармашылық істер сан алуан: олар үнемі бірлестікте, жұмыс 
атқару барысында осы әдістемені пайдалану кезінде туындайды.
Ұжымдық 
шығармашылық 
істер 
төмендегідей 
алты 
кезеңді 
қарастырады: 
Бірінші кезең – алдын алу жұмыстары.
Тәрбие жұмыстарындағы 
ұжымдық шығармашылық істердің орнын белгілейтін тәрбиеші немесе ересек 
адам болуы да мүмкін. Жаңа кезеңге берілген ұжыммен жоспар құрып, нақты 
тәрбиелік міндеттерді анықтайды. Әр қатысушының белсенді іс-әрекет 
мүмкіндіктерін айқындап, балаларды рухани ширатып, дайындап, іс-әрекетке 
итермелеп, өз ойларын іске асырудың жолдарын ойластырып, таңдауға тиісті 
түрлі нұсқалар түсіндіріледі. Осы кезеңде адамның өзіне қойылатын сұрақтар: 
1.
Не істеген дұрыс? 
2.
Кіммен? 
3.
Кім үшін? 
4.
Қашан? 
Бұл тұрғыда үлкендер де балалармен бірге ойланады. 
Екінші кезең – ұжымдық жоспарлау.
Енді тәрбиеленушілер өздері іске 
кіріседі. Олар шағын ұжымда қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Бұл әңгіме 
шартты түрде «жинақтау-бастау» деп аталады. Оның табысты болуын 
жүргізуші қамтамасыз етеді. Ол ұсынылатын нұсқаларды құрастырады, 
жетектеуге бағытталған сұрақтар қояды, ұсынылған идеяларды негіздейді
қосымша «ойлануға» да міндеттер жүктейді. Ізденіс істер кеңесті таңдаумен 
аяқталады. 
Үшінші кезең – ұжымдық істер дайындығы. 
Істер кеңесі жетекші орган 
ұжымдық шығармашылық істер жүргізу мен дайындау жоспарын нақтылайды, 
бекітеді, әр қатысушының ұсыныстарын ескере отырып, орындалуын 
ұйымдастырады. Дайындық топ бойынша да жүруі мүмкін. Тәрбиеленушілер 
жай, сылбыр кірісетін болса, онда олар тәжірибелік жұмыстарға атсалыса 
алмауы да мүмкін. Сондықтан да мұнда үлкендердің рөлі жоғары, олардың 
мінезі тәрбиеленушілерге әсер ете алады, өзара әрекет те жасайды.
Төртінші кезең – ұжымдық шығармашылық істерді жүргізу, 
дайындықтың есебін шығару.
Бұл кезеңде топтарда жасалатын жұмыстарды 
ескеріп, іс кеңесімен келісілген, нақты жоспар іске асады. Тәрбиеленушілер 
түрлі формада істерді дайындау мен жоспарлау барысында жинақталған 
тәжірибені көрсетеді. Ұжымдық шығармашылық істерді жүргізу барысында 
туған ойлардың ауытқушылығынан қорықпау керек. Қатысушылар тарапынан 
ондай қателер кетуі де мүмкін. Мұның бәрі – өмір мектебі. Педагог іске 
қатысушы балалардың кемшілігін шұқылап көптің көзінше айтпай, қайта көңіл-
күйлерін реттеп, сәтсіз кезеңдерді сипай өткені абзал. 


92
Бесінші кезең – ұжымдық шығармашылық істер есебін ұжыммен шығару.
Бұл ұжымдық шығармашылық істер есебіне арналған жалпы жиналыс немесе 
топтық жиналыс болуы мүмкін. Ұжымдық шығармашылық істерді жүргізудің 
және дайындаудың жағымды да теріс жақтары талқыланып, әрқайсысы өз 
ойларын айтады. Жалпы жиналыстан басқа ұжымдық шығармашылық істерді 
өткізуді бағалау үшін әр қатысушы: сауалнама, қабырға газетіндегі сұрақтарға 
жауап беру, шығармашылық есеп беру арқылы атсалыса алады.
Алтыншы кезең – ұжымдық шығармашылық іске жақын арадағы
іс-әрекеттен кейінгі кезең,
жалпы жиында барлық қатысушылар өз ойларынан 
алған әсерлері мен уайымдарын бөлісуі тиіс. Әрине, мектеп оқушылары өз 
ойларын қалай жүзеге асыру керектігін, жинаған тәжірибесін қалай түйіндеуді 
біле бермейді. Сондықтан да ұжымдық шығармашылық істер есебін 
шығарғаннан кейін, дереу жиналыста айтылған ойлардың ұжымдық түрде 
жүзеге асуына басым күш салу керек. Жаңа істер анықталып, іс-әрекеттің 
бірізділігіне бағдарламалар жасалады. 
Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады 
(33-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет