Аккомпаниатор
Лауазымдық міндеттері: Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени іс-шараларда өнер көрсетуде музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы таңдайды, білім алушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін; әртүрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі музыкалық шығармаларды, дайындықтар мен сабақтарды жүргізу әдістемесін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздігін.
Достарыңызбен бөлісу: |