Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады. Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
Оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді. Практикаға оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.