Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет17/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.
Оқу зертханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшенің жылдық жобаларын дайындап, басшылыққа ұсынады. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында бөлімше үшін қаралған жұмыстарды ұйымдастырып, бақылау жасап отырады, сәйкес білім салалары бойынша олардың даму мүмкіндігін айқындайды, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына қойылған ғылыми-техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды. Бөлімшенің перспективті және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, оларды жоғары оқу орнының басшылығына ұсынады. Елдің әлеуметтік-экономикалық саласының тиісті ғылым және техника өрісін дамыту жөнінде техникалық тапсырмалар, әдістемелік және жұмыс бағдарламалары, техникалық-экономикалық негіздемелер, болжамдар мен ұсынымдар, басқа да жоспарлар мен әдістемелік материалдар әзірлеуге жетекшілік жасайды.
Жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуына, бөлімше мамандары мен қоса атқарушылар орындаған жұмыстар сапасына бақылау жасайды. Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттар ресімдеудің кешенділігі мен сапалылығын, оны бекітілген тәртіпте келісімді қамтамасыз етеді. Бөлімше орындаған жұмыстар туралы есептерді бекітіп, оны қарауға ұсынады. Олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмыс жүргізуіне қажетті жабдықтарға, материалдар мен басқа да ресурстарға сұранысын айқындайды, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасайды.
Ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етеді, мамандардың шығармашылық белсенділігін арттыру шараларын қабылдайды. Мамандардың біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастырады. Қызметкерлердің бөлімше жұмысының жалпы нәтижесіне қосқан жеке еңбек үлесін ескере отырып, еңбекақы төлеу жөнінде кафедра меңгерушісіне ұсыныстар береді. Оқу зертханасының қызмет бағытын анықтайды, оның жұмысын ұйымдастырады, бақылау жасайды, олардың жұмыстарын үйлестіреді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және білім сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тиісті білім, ғылыми техника саласындағы мәселелерді; экономика даму бағыттарының түрлерін, осы мәселелерге қатысты отандық және шет елдік тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және енгізуді, ғылыми құрылғыларды, оның қолданылу ережелерін, ғылыми-техникалық құжаттарды ресімдеуді, құралдарға, материалдарға, басқа да ғылыми құрылғыларға тапсырма беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.06. № 241 Бұйрығымен 3-бөлімі өзгертілді (бұр.ред.қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет