Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта, музыкалық).
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттауға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуге, музыкалық шығармаларды редакциялауға және партитурадан аударуға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер және аккомпаниатор мамандығы бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, оқыту пәндерінің курстарына тақырыптар әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға, пәндерді оқыту курстарының тақырыптарын әзірлеуге тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуге, музыкалық шығармаларды редакциялауға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, (музыкалық), және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық), және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |