|
адамның биологиялық, физиологиялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды және адамгершіліктік параметрлерінің дамуының жоғары деңгейіне жету.
|
88
|
Компетенттілік
|
маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы.
|
89
|
Кешендер
|
адамның өз-өзіне көңілі толмай және қоршаған ортадағы адамдардан жасыруға тырысуымен сипатталатын мінез қасиеттері
|
90
|
Комфорт
|
қанағаттану және сабырлық күйі
|
91
|
Конгруэнттілік
|
таңдау жағдайларында өзінің шынайы «Менімен» келісімде бола алуы
|
92
|
Кеңес беру
|
клиенттің мәселесін зерттеу барысында, кикілжіңді анықтауда, жағдаяттарды игерудің жаңа тәсілдерін іздеу барысында көрінетін психологиялық көмектің бір формасы. Психолог бұл жерде өзгеру процесін басқармайды көмек берудің бұл түрі кеңес беру деп аталады.
|
93
|
Кикілжің
|
түрлі мотивердің, қызығушылықардың және қажеттіліктердің негізінде қарама қарсы көзқарастардың қақтығысуы.
|
94
|
Конформдылық
|
адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
|
95
|
Коммуникабелділік
|
басқа адамдармен жолдастық қарым-қатынасқа деген қабілеттіліктен көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
|
96
|
Креативтілік
|
ойлаудың дәстүрлі жүйесінен бас тарта отырып жаңа идеялар тудыру, мәселелік жағдаятарды тез шеше алу қабілеті.
|
97
|
Көңіл-күй
|
индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
|
98
|
Кәсібилік
|
кәсіби іс-әрекетті сәтті орындау үшін қажетті адамның тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
|
99
|
Кәсіби бейімділік
|
кәсіптің нормасы мен талаптарына, кәсіби ортаның нақты жағдайларына маманның бейімделу процесі.
|
100
|
Кәсіби компетенттілік
|
маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы
|
101
|
Кәсіби-этикалық нормалар
|
психологтың кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар, оның өзінің іс-әрекетінде мінез-құлықтың адамгершілік нормаларында жүзеге асуы.
|
102
|
Кәсіби ойлау
|
мәселелік міндеттерді шешу үшін осы кәсіби облыста қолданылатын тәсілдермен, мәселелік жағдайларды шешудің әдістерін меңгеруші
|
103
|
Кәсіптік өзін-өзі анықтау
|
кәсіптің талаптарын, нормалары мен құндылықтарын өзінің дайындық деңгейі, тұлғаның жеке қасиеттерімен дербес салыстыру процесі және нәтижесі.
|
104
|
Кәсіби қабілетілік
|
басқалардан ерекшелеп тұратын және кәсіби іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін адам тұлғасының жеке-психологиялық қасиеті.
|
105
|
Кәсіп
|
қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болған формасы, оны орындау үшін адамда білім, дағдыны және соған қатысты кәсіби маңызды қасиеттердің болуы керек.
|
106
|
Кәсіби маңызды қасиеттер
|
адамның еңбек әрекетінің негізгі сипаттамалары бойынша (өнімділік, сенімділік т.б.) жүзеге асуының тиімділігіне әсер ететін қасиеттері.
|
107
|
Кәсіби білім
|
адамда кәсіпке қажетті білім, ептіліктерді және оның таңдаған еңбек саласына деген бейімділігін және қасиетін қалыптастыруға бағытталған мамандарды дайындау жүйесі.
|
108
|
Қалау, ниет
|
өзекті қажеттіліктің көрінуі, саналанған эмоционалды күй.
|
109
|
Қатыгездік
|
адамгершіліксіз дөрекі жағдайларда, басқа адамдарға жәбірлеуші қатынаста, оларға зиян келтіруде көрінетін тұлғаның моральды психологиялық қасиеті.
|
110
|
Қызғаныш
|
басқа адамдарға деген наразылық және теріс ниеттілікте көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
|
111 | Қозу |
ағзаның тітіркендіргішке әдеттегіден де белсенді, күштірек жауап беру қасиеті.
|
112
|
Қысылу, тұйықтық
|
өзінің қабілеттері мен жетістіктерін дұрыс бағаламау,артық тұйықтықта көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
|
113
|
Қызығушылық
|
тануға деген ұмтылысты шақыратын объектіге немесе құбылысқа деген жағымды (танымдық), эмоционалды боялған қатынастың көрінуі
|
114
|
Қорқу
|
қауіппен бетпе бет соқтығысқанда немесе ортаның қауырт жағымсыз өзгеруінде өзін-өзі сақтау инстинктінің негізінде пайда болады.
|
115
|
Қарым-қатынас
|
субъектінің біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайын, өзараәрекеттерінің және өзараәсеретуінің арнайы формасы
|
|