Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау)



бет128/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

127

НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау)



өзара әрекеттің әдеттенген сызбасын өзгертуге, өмірде сенімділікті меңгеруге, шығармашылық потенциалды белсендендіруге бағытталған психотерапевтік әдіс

128

Немқұрайдылық

қоршаған ортаға, басқа адамдарға деген қызығушылықтың болмауымен сипаталатын психикалық күй.

129

Мақсат

жеке адамның, адамдар тобының іс-әрекетінің болжанатын нәтижесі

130

Мемлекеттік қорытынды аттестация

бітірушілердің дайындығын, олардың дайындықтарының мемлекеттік білім стандарты талапарына сәйкестігін тексеру және бағалау, бітірушіге мамандық бойынша біліктілікті игеру және оларға диплом беру туралы сұрақтың шешілуі.

131

Мемлекеттік білім стандарты

пәндік білімдік мақсаты мен міндеттерін, бітірушілердің түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді, білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат.

132

Мұрат

(греч. елес) - адамның жеке ұмтылыстарының бағыттылығы көрінетін мотивация формасы

133

Махаббат

объектіге (адам, Отан, отбасы, қала, шындық, адамгершілік, дін т.б.)деген эмоционалды-құнды қатынас арқылы көрінетін, сезім

134

Медитация

(лат, ойлау) – өз ойларына және сезімдеріне, өзінің психикалық күйіне өзіндік әсер ету

135

Менталитет

тұлғаның, топтың бағыттылығы мен ойлауының қалыптасуы

136

Миға шабуыл

ізденіс жолдарын сынау жүзеге асырылмайтын, ізденіс барысында туындаған барлық болжамдар қамтылатын, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын сол болжамдарға талдау жасалатын пікірталас әдісі.

137

Мотив

(лат, қозғалысқа келтіру, итеру) – іс-әрекетті ішкі оятушы, оған тұлғалық мағына беруші

138

Мотивация

мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.

139

Мойындамау

өзін иегере алмау, ерік қасиетінің жоқтығын көрсететін, басқалардың ойына негізсіз қарсы келу.

140

Маманның кәсіби бағыты

кәсіби менталитеттің іс-әрекеттік көрінісі яғни кәсіби іс-әрекеттің түрлі жақтарына деген қатынасының жиынтығы және оның өзіндік бағалауы.

141

Мұғалім профессиограммасы



оның тұлғасына, қабілетіне, шеберлігіне және психолого-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптар тізімі

142

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті

оқушының жеке және жас ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани әлемін ескере отырып оған психолого-пеадгогикалық әсер етуде көрінетін үнемі орындалатын іс-әрекет түрі.

143

Мамандану

маманның кәсіби қызығушылығын және жоо мүмкіндігін ескере отырып нақты бағытының профильді ажыратылуы.

144

Мазасыздану

жағымсыз жағдайды күтудегі адамның басынан өтетін қорқыныш, мазасыздану күйі

145

Мінез

(грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы

146

Мұғалімның оқушыға шоғырлануы

оқушының қызығушылығына деген мүдделіктің болуы, ерекше таңдалған психологиялық үндеу, оқушыға «бұрылу» және оның қызығушылығына қызмет ету

147

Моральды сезім (адамгершіліктік)

адамның басқа адамдарға, қоғамға, өмір сүру ережесі мен нормаларына деген қатынасының бастан кешірулері

148

«Мен-тұжырымдама»

Индивидтің өзіне-өзі қатынасынан ұрады: а) өзінің даралығы туралы ойы; б) нақты қызығушылықтардың, бейімдліктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау және өзіндік сыйлау

149

«Мен» (ішкі)

өзінің бейнесі. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі түсіну. Әсерлер мен бастан кешірулерді есте кейінгі қалдыруларға және тануға байланысты.

150

Оқытушы іс-әрекеті

оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты міндеттерді орындау процесі

151

Ойын психотерапиясы

балаларға және ересектерге ойынды қолдану арқылы әсер етудің психотерапевтік әдісі.

152

Ойын

іс-әрекеттің белгілі бір саласын жасап, шартты жағдаяттардағы іс-әрекет түрі.

153

Оқытушы іс-әрекетінің жеке стилі

түрлі міндеттерді шешудің тұрақты, жеке-ерекше тәсілдері мен әдістерінің жүйесі.

154

Ой

талқылау нәтижесі. Бейнелік және жалпыланған түрде және өткенге, болашаққа, қазіргі кезге қатысы болуы мүмкін.

155

Оқыту

қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты түрде тасымалдау үдерісі; білім, білу, дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыру.

156

Объект

субъектігнің танымдық немесе затық-практикалық іс-әрекеті бағытталған сыртай қарсы тұрған зат немес құбылыс

157

Онтогенез

адамның өмірге келгеннен өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы

158

Оптимизм-пессимизм

(лат.Optimus – ең жақсы және pessimus – ең нашар). Оптимизм адамның жағымды көзқарастарының жүйесі. Пессимист өмірге және әлемге жағымсыз көзқарастар жүйесіне ие.

159

Оқытушы тәжірибесі

оқытушының оқу-тәрбие жұмысында білім, дағды, іскерлік, әдетті игеруі

160

Отбасы

ерлі зайыптылар, ата – ана мен бала арасындағы қатынастарын реттейтін нақты әлеуметтік нормамен, санкциямен, мінез-құлық үлгісімен, құқық және міндеттермен, сипаталатын әлеуметік институт.

161

Оқу іс-әрекеті

оқушыда оқуда мақсатқа жетуде мотивтелінген белсенділіктің көрінуі

162

ЖОО дағы оқу бағдарламасы

мақсат, мотив, болашақтарының ортақтығына негізделген оқу іс-әрекетіне түгелдей қатысу үшін студенттерді біріктіру.

163

Оқу бірлестігі

педагог пен оқушы бірігіп отырып проблема және ақыл-ой тапсырмаларын қойып және шешетін өзараәрекеттесу формасы

164

Оқу бағдарламасы



әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.

165

Оқулық

оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап.

166

Оқу-әдестемелік бірігу (ОӘБ)



ЖОО да маман-психологтарды дайындау мазмұнына жалпы бақылау жасауды жүзеге асыратын ұжымдық мемлекеттік-қоғамдық ұйым

167

Оқу киносы



оқу процесінде қолданылатын, арнайы оқытудың құралы ретінде құрылған фильмдер, сондай-ақ ғылыми-атақты, технико-насихаттаушы, хронико-деректі фильмдер.

168

Оқу жоспары

оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.

169

Өзараәрекет

өзара байланысты және шартылықты тудыратын объектілердің бір-біріне өзараәсер ету процесі.

170

Өзарақарым-қатынас

әлеуметтік топтағы адамдар арасындағы субъективті байланыстар және қарым-қатынастар

171

Өзаратүсіну

көзқарастары, бағыттары, қызығушылықтары максималды түрде мағынаға ие болатын жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, елдердің арасындағы қарым-қатынас тәсілі.

172

Өмірлік жол

тұлғаның жеке даму тарихы

173

Өзін-өзі өзектілеу



адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ көрсетуге және дамытуына ұмтылуы

174

Өзін-өзі сендіру

бір нәрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар)

175

Өзін-өзі тәрбиелеу

тұлғаның өзінде жағымды қасиеттерінің қалыптасуына және жағымсыз қасиеттерін шеттетуге саналы түрде бағытталған жұмысы.

176

Өзін-өзі бақылау

қойған мақсатына қатысты нәтижеге жету үшін адам өзінің мінез-құлқын және іс-әрекетін саналы реттеуінен көрінеді.

177

Өзін-өзі сүю

адамның өзін-өзі бағалауында көрінетін, эмоционалды қатынас

178

Өзін-өзі игеру

дұрыс ұйымдастырылмағын жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті, ішкі еріктік реттеу.

179



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет