|
саналатын ерік және ақыл-ой ерекшеліктерінде, мінез-құлық мотивінде іске асырылатын табиғи және әлеуметтік меңгерілген қасиеттердің жиынтығы және іс-әрекет және мінез-құлықтің реттілігімен жүзеге асады.
|
180
|
Өзін-өзі бағалау
|
адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі.
|
181
|
Студенттің өзін - өзі бағалауы
|
студенттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
|
182
|
Өзін-өзі таңдау
|
қоғамдық іс-әрекет процесінде өзінің ішкі мәнін зерттеу, өзін-өзі тану процесі.
|
183
|
Өзін-өзі аңғару
|
өзі туралы тұрақты, индивид өкілінің қайталанбайтын жүйе екендігін жоғары немесе төмен деңгейде ұғынуы. Адамның өзін-өзі аңғару күйі.
|
184
|
Өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас
|
Өзінің ар намыс сезімінде, өзін-өзі сыйлауда, немесе керісінше, өзін сөгуде, өзінен ұялуда көрінетін тұлға құрылымының компоненті
|
185
|
Пікірталас
|
дұрыс шешімін табу мақсатында қандай-да бір сұрақтарды топтық талқылау.
|
186
|
Парыз
|
адам ар ұятының арқасында орындайды және өзіне талап, міндет ретінде сезінеді
|
187
|
Педагогикалық эмпатия
|
студенттердің психикалық күйін, эмоция, сезімдерін, бастан кешірулерін оқытушының түсінуі
|
189
|
Педагогикалық еңбек
|
өсіп келе жатқан ұрпақты және ересектерге білім беру және оқыту, тәрбиелеу мақсатында мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекет
|
190
|
Педагогикалық шеберлік
|
мұғалімнің, жоо оқытушысының, педагогтің кәсіби іс-әрекетінің жоғары деңгейі
|
191
|
Педагогикалық қарым-қатынас
|
оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің жүзеге асуы
|
192
|
Психика
|
объективті шындықты белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.
|
193
|
Психодиагностика
|
( грек. жан және тануға бейім) - тұлғаның жеке индивидуалды ерекшелігін айқындау және зерттеу әдістерін өңдейтін психология ғылымының саласы
|
194
|
Психодрама
|
адамның мәнді мәселесімен байланысты 1эмоциялардың аяқ астынан көрінуі үшін қажетті жағдайлар құрылатын рөлдік ойынның бір түріне жататын топтық психотерапия әдісі
|
195
|
Психологиялық мәртебе
|
субъектінің құқығын, міндетін анықтайтын тұлғарааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орны
|
196
|
Психотерапия
|
субъектінің өзінің өмірлік проблемаларын шешуде, өмірлік қиындықтарды жеңуде психологиялық көмек көрсету
|
197
|
Психожаттығу
|
бастан кешірулерді, эмоционалды күйлерді, мәселелерді қимыл қозғалыс, ым-иашра, пантомимика көмегімен көрсетуді болжайды.
|
198
|
Проективті сурет
|
адамның ішкі проблемалары туралы қосымша ақпарат алу негізінде қолданылады, сөзбен жеткізе алмайтын жағдайларды анықтауға және ұғынуға мүмкіндік береді.
|
199
|
Рефлексия
|
(лат. бейнелеп көрсету) - субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
|
200
|
Рақымдылық
|
басқа адамның психикалық күйін түсіне алу, адамды сүюдің көрінуінің формасы
|
201
|
Сыпайылық
|
адамдарға деген сый, қарым-қатынастың және өзарақарым-қатынас жасаудың әдеттегі құралына, күнделікті нормасына айналған тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
|
202
|
Сенім
|
адамның ақыл-ойы, күші, ерік, қабілет және эмоционалды компоненттерден тұратын және адамның шынайылық немес ойдағы құбылыстарға деген қатынасынан көрінетін рухани күй.
|
203
|
Сұхбат
|
алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу тәсілі.
|
204
|
Студент тұлғасы
|
белгілі бір еңбек іс-әрекеті облысындағы маманның қызметін жоғары біліктілікпен орындауға дайындық үстіндегі жас адамның тұлғасы
|
205
|
Студенттің ғылыми іс-әрекеті
|
студенттің тұлғасының өзін-өзі көрсетуінің формасы, оның өмірлік өзін-өзі бекітуге ұмтылысы; шығармашылық ойлауын, ынталылықты, дербестілікті дамытады, ақпарат ағымын ажыратып оның қажеттесін таңдай алуы.
|
206
|
Сезімнің бейнеленуі
|
адам өз сезімдерін өз бастан кешірулерін сөз арқылы немесе вербальды емес мінез-құлықта көрсетуден құралатын тәсіл.
|
207
|
Сана асты
|
сана табалдырығының астынан өтетін психикалық процестер (жақсы таныс туралы ойлар, дағдылар, әдеттер, еріксіз реакциялар т.б.)
|
208
|
Студент дамуындағы тұлғаның кәсібиленуі
|
кәсіпке деген терең қызығушылықтың болуы, таңдаған мамандық бойынша білім, дағдының қалыптасуы, жоо болашақ бітіруші тұлғасының жетілуі
|
209
|
Студенттің кәсіби дайындығы
|
тұлғалық қасиет және жоо-нын аяқтаған соң іс-әрекетінің тиімділік алғышартының болуы.
|
210
|
Студенттің өзін - өзі бағалауы
|
студенттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
|
211
|
Стандарт
(білімдегі)
|
білім беру жүйесі секілді күрделі көппрофильді, көп деңгейлі мақсатты үлгінің туралы түсінікті бекітуге шақырылған инеграцияланған пәнаралық категория
|
212
|
Стресс
|
күшті әсердің негізінде пайда болатын күй, шиеленіс.
|
213
|
Сабақ
|
жалпы білім беретін мектептерде, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде оқу сабақтарын ұйымдасырудың негізгі нысаны.
|
214
|
Сендіру
|
адамның бағалау қатынасын көрсететін тұлғалық құрылым.
|
215
|
Сабақ берудегі мақсаттылық бағдары
|
пән мақсатының қысқаша анықтамасы және оның маманды дайындау жүйесіндегі рөлі.
|
216
|
Сезгіш тон
|
өмірлік маңызды әсерлерді (дәмдік, температуралық т.б.) алып жүретін және оларды сақтауға немесе шеттетуге итермелейтін жағымды немесе жағымсыз бастан кешірулер.
|
217
|
Сезім
|
әлеуметтік қажеттіліктердің (махаббат, намыс, жек көрушілік т.б.) қанағаттану кезінде пайда болатын адамның неғұрлым тұрақты бастан кешірулері
|
218
|
Сергектік
|
Адамдарға қамқор болуда, олардың мұқтаждықтарына және сұраныстарына зейін қоюда көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
|
219
|
Субъект
|
адам заттық-тәжірибелік іс-әрекетті алып жүруші ретінде
|
220
|
Тұлға белсенділігі
|
өзгелерге және қоршаған ортаға ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.
|
221
|
Тұлғаішілік кикілжің
|
тұлғаның құндылық бағдарының, оның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының қақтығысуы.
|
222
|
Тәрбие
|
жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау іс-әрекеті.
|
223
|
Тәкаппарлық
|
басқа адамдарға деген асқақ, менсінбеушілік қатынасында көрінетін моральды-психологиялық қасиет.
|
224
|
Топ
|
дамудың түрлі деңгейінде болатын, тұтастылық, ұйымдастыру жетекшілік стилі бойынша, әлеуметті-психологиялық климаты бойынша ерекшеленетін адамдардың шынайы әлеуметтік қауымдастығы (ұлт, класс, пария, бригада, экипаж).
|
225
|
Тұлғаның деградациясы
|
психикалық тепе-теңдіктің, тұрақтылықтың, белсенділіктің жойылуы және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.
|
226
|
Тәртіптілік
|
тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалды жән басқа компоненттерінен тұратын тұлғаны тұрақты қасиеттері
|
227
|
Түзету
|
психикалық немесе физикалық дамудың жетіспеушілігін, психикалық функциялардың бұзылуын меңгеру, игеру.
|
228
|
Тұлға
|
адам әлеуметтік қатынас субъектісі ретінде; қоғамдық қатынасқа енуімен анықталатын біріккен іс-әрекет және қарым- қатынаста қалыптасатын индивидтің жүйелі қасиеті.
|
229
|
Тұлғалық өсу
|
кәсіби өзіндік жетілудің қызығушылығы мен қажеттілігінен туындаған субъект іс-әрекетінің жағымды өзгеруі
|
230
|
Тұлғалық мәртебе
|
өзарақарым-қатынас құрылымында тұлғаның орналасуы
|
231
|
Тұлғааралық кеңістік
|
қарым-қатынас дистанциясы, адамдардың эмоционалды жақындығының субъективті кеңстіктік критерийі
|
232
|
Топтық бағалау әдісі
|
біріккен жұмыс бойынша бақыланушыны жақсы білетін, бағалай алатын адамдардың яғни бірнеше эксперттердің ойларының негізінде тұлға туралы неғұрлым толық ақпарат алу.
|
233
|
Тұлғаның бағыттылығы
|
тұлғаның мақсаты және мінез-құлық мотивінде, қажеттілігінде, қызығушылығында, мұратында, сенімдерінде, бағдарында көрініс беретін маңызды қасиеттерінің бірі.
|
234
|
Табандылық
|
қиыншылықтарға қарамастан мақсаттың жүзеге асуына бағытталған тұлғаның еріктік қасиеті
|
235
|
Торығу
|
рухани күштің төмендеуінің психикалық күйі, болашақ жоқ, өзінің мүмкіндігіне сенбеу, қиын жағдайлардан сәтті шығуға деген үміттің болмауы.
|
236
|
Түсіну
|
өткен тәжірибесінде меңгерілген бір нәрсе туралы ақпараттың болуы және осының нәтижесінде оқиғаның, фактінің мәні мен мағынасына, әсерету мазмұнына ие болупроцесі
|
237
|
Түсінік
|
нақты заттардың және құбылыстардың бірдей қасиеттерін жалпылаудың нәтижесі, олардың айқын белгілерін көрсететін абстрактілі ойлаудың формасы.
|
238
|
Тұлғаның дамуы
|
сандық және сапалық қасиеттердің, көзқарасының, өзіндік сананың, шынайылыққа деген қатынасының өзгеруі, тәжірибенің жинақталуы.
|
239
|
Талант
|
қандай да бір іс-әрекеттегі ұлы қабілеттілік және табиғи дарындылық
|
240
|
Транспоренттілік
|
халықаралық қарым-қатынаста максималды ашық болу.
|
241
|
Траст
|
қоғамды әрбір адам қажетсінетін , сенім
|
242
|
Толеранттылық
|
түрлі ойларға, адамдарды және оқиғаларды бағалауға деген шымдылықта көрінетін тұлғаның қасиеті.
|
243
|
Тестілеу
|
жеке айырмашылықтар көлемін салыстыру үшін белгіленген қысқа, стандартталған, уақыт бойынша шектелген сынақ
|
244
|
Тесттер
|
жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен дағдысын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар.
|
245
|
Таңырқау
|
олардың тұлға құрылымында пайда болуына және елікіргіштігне байланысты болатын интеллектуалды эмоция немесе сезім.
|
246
|
Табыс
|
қоршаған ортасының табысты мойындауы, бір нәрсені, біреудің жетістіктерін қоғамдық қолдау.
|
247
|
Талаптану деңгейі
|
өзінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалаудың негізінде тұлғаның ұмтылуы және іс-әрекеттің нәтижесінде ұжымда нақты орынға ие болу, тапсырманы орындаудың қанағаттандыратын деңгейін анықтау.
|
248
|
Тұлға қасиеттері
|
танымдық, эмоционалды, еріктік қасиеттерден тұратын тұрақты психологиялық құрылым.
|
249
|
Тәжірибелік сезім
|
адамның іс-әрекетімен байланысты сезімдер (табыс, қанағаттану, шығармашылық шың)
|
250
|
Үрей
|
тәуекелмен, қауіппен байланысты тапсырмаларды орындау алдындағы эмоцианалды күй
|
251
|
Үйреншікті таным
|
Адамдардың күнделікті өмір тәжірибелерінде жүзеге асатын қасиеттер және басқа объектілерге қатынасы, тануы
|
253
|
Ұялшақтық
|
санадан тыс дұрыс емес психологиялық бағдардың, қорқынышпен берілген және басқа да стресстік факторлардың болуы
|
254
|
Ұжым
|
(лат. жинақтау)- біріккен іс-әрекетте дамудың жоғары деңгейіне жеткен, бір мақсатқа бағытталған адамдардың біріккен тобы.
|
255
|
Ұлттық мінез
|
ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық құрылымы.
|
2556
|
Ұят
|
субъектінің өзінің әрекеттерінің, ойларының сыртқы орта күтімдеріне сәйкес келмеуін саналы түрде ұғынуы
|
257
|
Шабыт
|
тұлғаның шығармашылық көтерілуінің психикалық күйі.
|
258
|
Шығармашылық
|
адамның белсенділігінің және дербестілігінің өнімді формасы
|
259
|
Шыдамдылық
|
адамның әлеуметтік-психологиялық қасиеті, ерліктің, ішкі күштің көрсеткіші.
|
260
|
Эстетикалық сезім
|
арнайы заттың сапасына деген біздің қатынасымызды сипаттайтын түйсінулеріміздің ерекше бояуы. табиғаттағы, өнерде, өмірде, адамдағы керемет немесе жаманды сезіну.
|
261
|
Эгоизм
|
өзін сүюден, өзінің «Меніне» шоғырланған, басқаларға селқос қарауда көрінетін тұлғаның қасиеті.
|
262
|
Эйфория
|
объективті жағдайға қатыссыз көтеріңкі көңіл-күйдің болуы, қаннен қаперсіз, ризашылдық күйі.
|
263
|
Эксперимент
|
жалпы ғылыми танымның және жеке психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.
|
264
|
Эмоция
|
адамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы.
|
265
|
Этникалық таптаурындар
|
адам өмірлік тәжірибелеріне ұлтық дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, рәсімдердің меңгерілуі және енуі
|
267
|
Христиандық
|
әлемдік діндердің бірі (буддизм және исламмен қатар).
|
268
|
Фрустрация
|
(лат. алдау, бұзылу) - ішкі шиеленістің өсуінәі психикалық күйі, мақсатқа жеудегі сәтсіздікке байланысты көңіл қалумен көрінетін психикалық күй
|
269
|
Фасилитация
|
санасында мәнді бейненің өзектіленуінің салдарынан индивид іс-әрекетінің өнімділігінің немесе жылдамдығының өсуі.
|