Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Әңгіме. Анасының жеті қызы. (В.Сухомлинский)



бет63/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Әңгіме. Анасының жеті қызы. (В.Сухомлинский)


Анасының жеті қызы болыпты. Бір күн анасы алыста тұратын ұлына қонаққа барады. Үйіне тек бір аптадан кейін оралады. Ол үйге келгенде қыздары бір-бірімен жарыса анасын қалай сағынғандарын жеткізіп болмайды
- Мен сені күн шуағын аңсаған көкнардай сағындым-дейді бірінші қызы.
- Мен сені бір тамшы суға зәру болған жердей күттім-дейді екінші қызы.
- Мен сені ойлап, құсты күткен кішкентай балапандай жыладым – деді үшіншісі.
- Маған гүлсіз арадай қиын болды-дейді төртіншісі.
- Түсінде таңғы шықты көрген раушан гүліндей елестедің-дейді бесіншісі.
- Мен сені бұлбұлды қарауылдаған шие бағы сияқты күттім-дейді алтыншысы.
Тек жетінші қызы ғана үндемейді. Ол анасының аяғындағы етіктерді шешіп, аяғын жууға легенге су қуйып алып келеді.

Психодрама«Менің отбасым»


Мақсаты: отбасыішілік қатынастардың диагностикасы. Өз отбасының мүшелеріне оңтайлы қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Студентке өз отбасының мүсінін немесе жанды көрінісін құрастыру қажет. Отбасына сіз жетілгенше бірге тіршілік еткен адамдардың барлығын қосу. Отбасы мүшелерін оларға тән мінездемелеріне қарай орналастыру. Отбасыңыздағы өзара қатынастардың бірін сахналау. Мүсінді жасаушы қатысушыларды отбасыңыздың әрбір мүшесі туралы хабардар ету. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен өзара қатынастарын көрсету үшін ара қашықтықты пайдаланыңыз. Сахнаға отбасының мүшесі ретінде міндетті түрде өзіңізді қосыңыз. Сіз сахнаны ұйымдастырғанша, топ мүшелерінің бірінің сізді көрсетуіңізді ұсынуыңызға болады.
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Отбасыңыздың өмірінен дәл осы сахнаны не үшін таңдадыңыз?

  • Отбасы мүсінін құрастыруда қандай сезімде болдыңыз?


Оқытушы. Сократ шәкірттерінің бірі үйленбекші болып, одан дұрыс шешім қабылдағаны жайында сұрай келгенін айтады. Жауабын алады: Білгеніңді істе. Кейін бәрібір өкінетін боласың. Сірә, ақиқат дананың сөздерін дәлелдеуде. Мыңжылдықтар бұрынғыдай бүгін де неке қоршалған қорғаныс іспеттес: сыртындағылар ішіне кіруге құштар болса, ішіндегілер – аман-есен шығуды армандайды. Сирек кездесетін ерекшеліктер жалпы ережені дәлелдеуде. Амалсыздан сұрақ туындайды: отбасылық бақыттың ұзақтығы бал айымен шектеліп, бірлескен өмірінде бір-біріне көңілі толатын ерлі-зайыптылар жоқтың қасы ма? Әлеуметтанушылар: қазіргі заманғы отбасы дағдарыста деп дабыл ғағуда. Дегенмен, отбасының дағдарысы туралы жалпы мемлекеттік қайғының ортасында бақытты отбасылық отбасылық одақтар бар! Ең алдымен тұрақты, жайлы әрі бақытты некенің ара-жігін ашып алу қажет, бұл ұғымдардың мәні бірдей емес. Отбасының тұрақтылығы некеге толыққанды қанағаттанудың белгісі емес. Ажырасуға ұмтылыс бұл – шеткі жайсыздықтың белгісі болып табылады. Ажырасу емге сенім болмағандағы отаның жасалынуы сияқты. Махаббатқа масайрап, сүйіспеншілікті кешірген соң, бір-бірінен көңілдері қалмай, бірігіп ошақ алауын сақтауға әрекеттенген ерлі-зайыптылар ғана бақытты бола алады. Сонымен қатар, алаудың өрттен басталуы шарт емес, екі адамның бірге жылыну ұмтылыстарының өзі-ақ жеткілікті. Әрі бақытты отбасының жалпыға бірдей заңдарға бағынуы міндетті емес. Олардың жайлылығы әртекті негізге арқау етеді. Бақыт – көзге шалынбайтын нәзік материя. Оның теориялық негіздеу өте қиын. Әркім оны барлық кеңестер мен мысалдарға қарамастан өздігінен іздейді. Дегенмен оның ортақ өлшемдері болады. Сол себепті Лев Толстойдын бір нақыл сөзіне келспегенімізбен басқасына мойынсынбаса болмас: «Адамды өзіңнен жоғары, не өзіңді одан жоғарымын деп есепемесең ғана адаммен бірге өмір сүру жеңіл болады».
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату–сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол жосығымызды ескергенде ғана оның қадір-қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын-туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпақ мұны ұғып, біліп өскені абзал.
Әйелдің еріне қарым–қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның, өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс – қимылы, қас–қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балаларының көзінше бір біріне қатты, балағат сөздер айтпақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде өзі беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе», т.б. деген сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыру қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынандай бір тағылымды эпизод бар.
Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне кешкіре жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, сәлемдесу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түйсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнелді. Ұлы жазушы М.Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, бедделін өсіруі, араларында өкпе-наз, дау-дамай туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы– шынайы әдептілік, инабаттылық, адамгершілік, өзара түсіністік. Сонда ғана олар үйдің «Қос алтын босағасы» дейтін халықтық марапатқа лайық биіктен көрінбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет