Оларды қандай жағдайларда пайдаланатыныңыздарды ойланып көріңіздерші?
бір нәрсе керек болғанда ма әлде ол адамға өтініш білдіргенде ме?
Не болмаса көңіл-күйлеріңіз жақсы болғанда ма?
Оны жиі қолданасыздар ма?
Олай болмаса, неге?
Адамдарға жакын сезімдеріңізді білдіруде не нәрсе кедергі болуы мүмкін?
Адамдарды жылы сөздермен атағанда қандай сезімде боласыздар?
Олай атаған адамдар сіздің жылы сздеріңізге қалай жауап береді?
Оқытушы. Әрбір бақытты отбасының өзіндік құпиялары бар. Сіз үшін бақытты отбасы-сөзінің мәні неде деп ойлайсыз? Отбасы және сүйіспеншілікті сақтап қалу сіздің үздіксіз назарыңызды, уақытыңыз бен қуатыңызды талап ететін күнделікті жұмыс іспеттес. Егер сіз отбасылық өміріңізде бір-біріңізбен сүйіспеншікті, сенім мен өзара түсіністікті сақтап қалғыңыз келсе ол үшін сіз қатынастарыңызға тұрақты түрде күш-қуат жұмсауда аянбауыңыз керек. Бірлескен жобалар мен міндеттер отбасындағы бақытқа негізделген қатынастарды орнтауға өз септігін тигізеді. Сірә, ол отбасын сақтап нығайтудағы, отбасы мүшелерінің сүйіспеншілігі мен өзара қызығушылықтарын сақтаудағы қуатты құралдардың бірі болар. Егер де сіздердің ортақ жобаларыңыз болса, егер сіздер бір ортақ нәрсеге ұмтылыс білдіретін болсаңыздар, онда сіздерге бірге қызықты болып, қуанышты сәттеріңіз толастамайтын еді. Сіздердің әрдайым талқылауға болатын әңгімелеріңіз аяқталмайтын еді. Отбасы бұл – қиын қыстау мезеттерде көмекке келетін, жетістіктеріңізге бәрінен де артық қуанатын жақын адамдарыңыз.
«Даналық сабақтары». Шағын топтармен жұмыс Студенттермен келесі ойларды талқылаңыз:
Отбасы бұл – балаларды бақытсыздықтан қорғауға тартылған кішігірім кеме іспеттес. Ол балаларды жеке шарықтауы мерзіміне дайындайтын ұя.
Отбасы қуанышқа негізделіп, сол үшін жаралған. Отбасын бір-бірін сүйіп қосылған екі адам құрайды.