Кәсіби немесе өзге іс-әрекетті ұсынылған ережелер бойынша ойын түрінде модельдейтін жағдайды қалыптастыру әдісі.
2
Драмалау
Сабақтардағы оқу материалының мазмұнын рөлдер бойынша көрсету, ойластыру. Тірі кейіпкерлермен қатар, жаны жоқ заттар мен білімдердің кез келген саласындағы феномендерді де рөл арқылы көрсетуге болады.
3
«Пікірталас»
Топтың әрбір мүшесінің көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін қайсібір мәселені бірігіп талқылау.
4
«Ойын», «Жаттығу»
Оқу материалының студенттердің дербес тәжірибесіне проекциялануы. Ойын мен жаттығулардың негізінде болашақ мамандар әлеуметтік маңызы бар біліктіліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады.
5
Инверсия
Сөздердің, заттардың, құбылыстардың ретін бұзып, одардың орнын ауыстыру; дәлелденген тезиске қарама-қарсы нұсқасын дәлелдеу. Аталмыш әдісті бақылау сұрақтарының әдісі деп те атайды (мысалы, керісінше қалай болады? Жағдайды өзгертсек қалай болады?-типіндегі сұрақтар).