Адамгершілік – адамдар қарым - қатынасының жолы. Этимологиялық сөздікте «адамгершілік» сөзі - адамның эмоциялық психологиялық мінездемесі деп көрсетілген. Ол кейде қызбалыққа салынуы мүмкін, кейде тұйық, қатігез, қайырымды және т.б. Мұндай айырмашылықтар адамның іс әрекеті адами тұрғыда бағаланғанда (өзінің ар-намысына қарай іс әрекет жасаса) адамгершілік тұрғысында емес, яғни қоғам ережелеріне қарсы болғанда ғана сақталады.Сондықтан діни мәдениетте осы жолды таңдап алуы тегін емес.Рух, адам рухы – сананың іс әрекеті мен белсенділігінің әлдеқайда терең антологиялық негізін құрайды.
Американдық психолог Г.Олпорт: «Мінекей, көресіздер, мен құндылықтардың объективті философиялық мәнін емес, оның психологиялық мәнін айтып отырмын. Құндылықтар менің түсінігімде бұл әркімнің жеке ойы. Кішкентай болса да оның ойы үшін принципті маңызы болған жағдайда құндылықтар әркез сезіледі». А.Н. Уайтхердтің анықтамасы бойынша «Құндылық – білім категориясы емес, ол мәнділік категориясы» деген.
Тән, рух және сана - біріккен үш рухани құрылым. Тұлғаның руханилығы жөнінде: талғамы, қызығушылығы, қарым-қатынасы, сөйлеу, өзін - өзі ұстай білу мәнері мен мінез –құлқы болып табылады делінген. Жалпы алғанда адам туралы - оның тұлғалық ерекшелігін табу. Оның тіл жетпейтін құпиясы логикалық талдауға қарағанда, тартымлылығы көбінесе көркем шығармаға ұқсас. Осылардың барлығы тұлғаның жалпы мәдениет деңгейі, мәдени мұрамыздың кішкене бөлшегі екенін білеміз, түсінеміз. Ертеден –ақ адамдар мәдениет ұғымымен қолөнері құндылықтары туралы ой пікірлермен байланыстырған. Ежелден - ақ адамның табиғат әлемінде тектен-текке өмір сүрмегені, ол қандай да бір нәрсені ойлап, жасағаны анық. Саз балшық, тас, ағаш немесе сүйек – табиғи материалдарды қайта өңдеді, өзін де өзгертті, яғни өзінің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіріп, қабілетін, алғырлығын, қиялын, ойлауын дамытты, рухани жағынан баии түсті. Өздерінің ие болған барлық осы қасиеттері мәдениеттілікке жатады. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды адам қолымен жасаған материалдар бұл сыртқы мәдениеті емес, керісінше адамның бірінен бірін бөліп қарауға болмайтын адамның рухани байлығы мен жетістіктері оның ішкі рухани мәдениеті болып табылады. Әрине бұлардың барлығы ғасырдан ғасырға мәңгі адамзат құндылықтары деп түсінілетін: махаббат, құрмет, қайырымдылық, мақсатқа ұмтылушылық, мейірімділік, ерлік, достық, шыншылдық, энтузиазм, сенім, бақыт, шыдамдылық, жауапкершілік, денсаулық түсініктерін жоғары деңгейге көтереді.
Студенттерге сұрақ: «Мәңгілік адамзат құндылықтары мен мәдени мұраны қалай байланыстыруға болады?».
Педагог студенттерге мәдени мұра адамзат тәжірибесінде құрылады, олар мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ, мәдени мұраларды жасаушы қозғалыс күші адам жанының тазалығы болып табылады.