Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


- сабақ. Тақырыбы: «Мәдениетке деген құндылықты қарым - қатынасты орнату»



бет86/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика
Тесты БД для Платонуса
9 - сабақ.
Тақырыбы: «Мәдениетке деген құндылықты қарым - қатынасты орнату»
Сабақтың мақсаты: «адамгершілік» ұғымын ашу, студенттердің мәңгілік адамзаттық құндылықтар, адамның жоғары рухани құндылықтарды меңгеруде өмір мақсаттары туралы ой пікірлерін кеңейту; «мәдени мұра» ұғымын нақтылау және оған деген құндылықты қарым - қатынасын орнату.
Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау, «даналық» сабақтары, жаттығулар, ойындар, өзіндік талдаулар.
Материалдар:хрестоматия, студент дәптері, аудиоматериалдар.


Дәріс - әңгімелесу.


Адам болып өмірге келгеннен соң,
Адам болып өлу арманым!


А. Құнанбаев
Оқытушы. «Өзін өзі тану» бағдарламасының негізі дәстүрлі қазақ мәдениетінің гуманистік жарқын өкілі ретінде Абайдың шығармашылық мұралары мен халық педагогикасынның таза көздері болып табылады.
Абай мұраларына үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай лаззат алады.
Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жиған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейді. Сондықтан да өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Іс әрекетте ішкі рухани дүние - «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.
Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және халық даналығы, өнер және рухани тәжірибе арқылы сіңеді. Абайдың шығармашылығы адам мен қоғамды жетілдіру арналған, өзге елдің өнегелі мәдениеті мен шығармашылығын өнеге құралы ретінде қарастырған. Әлем . мәдениетін меңгере отырып, адам қандай болмасын басқа идеаларды, түрлі өзге тілдер мен мінез құлық нормаларын қабылдайды. Қазақ халқының өте құпия ой пікірлерін ашып көрсеткен, гуманист, ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбаев үшін ең маңыздысы - бұл адамгершілік қасиеті, адамның өміріндегі құндылықтары, өзінің өмірдегі орнын табу.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та бар қалан! деп ұлы Абай тегін жырламаса керек.
Абай адамның тұлғалық құрылымындағы өзіндік сананың рөлін жоғары бағалай келе, қазақ халқының менталитеттік экзистенциалдық мәні мен жалпы адамзаттық ұмтылысты көрсетіп берді. Абайдың айтуы бойынша адамгершілік «Адам болып қалу» формуласы болып табылады. Адамның жасын, оның көзқарасын мынандай негізгі үш нәрсе анықтайды: ақылы, жүрек, ерік күш жігері. Халықтың және қоғамның тірегі осындай қасиеттерді бойын жинаған, толық меңгерген тұлға болуы тиіс. Нағыз елінің патриоты бола білген Абай өзінің болашақта халқының білімді, сауатты болғанын, өнері білімі мен ғылымы дамыған, алған бетінен қайтпайтын және жасампаз еңбек ете алатын деп көре білді. Ол «Кімнің білімі көп, махаббаты мол, шыншыл болса – сол адам ақылды, ғалым, бүкіл әлемді билейді» деген. Ұлы ойшыл өзінің халқын бір орында тұрмауға, үнемі дамуға, өзін өзі жетілдіруге, өзінің рухани дүниесін байытуға, белсенді болуға шақырды.
Абай өзінің «..... кітабында» қазақ халқының сауатын ашу үшін әлемдік мәдениет пен ғылымның маңызы туралы ой толғайды. Қазіргі Қазақстанда ұлы Абайдың барлық әлемде достықты нығайта отырып, достарыңның санын көбейту, өзіңнің жеке бейнеңді, ұлттық және адамдық намысыңды сақтай отырып, басқа халықтардан үйрену керек деген үндеуі қазіргі Қазақстандағы әлемдік жаһандануға өтуде өте өзекті.
Педагог: студенттерге сұрақ

  • Сіздер үшін адам болу дегеніміз не?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, өздерінің ой-пікірлерін айтады, Абай шығармаларындағы даналық, қанатты сөздердің бүгінгі күндегі өзектілігіне талдау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет