Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Тағдыр түрлі болғанымен, өмір біреу



бет44/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Тағдыр түрлі болғанымен, өмір біреу.
Мұқағали Мақатаев
Жер бетінде саусақ таңбалары бірдей сәйкес келетін екі адам жоқ. Сондай – ақ, өмір өткелдері бірдей болатын екі адам болмайды. Егіздердің өздерінің өзара айыырмашылықтары бар. Себебі, әр адам өзінің әлемінде өмір сүріп, тіршілік кешеді. Біздің әрқайсымыз да туған сәттен бастап ата-ананың мейіріміне бөленіп, есейе келе ұстаздың, ересектердің, қоршаған ортаның әсерімен өзіміздің әлемімізді құрамыз. Адам сыртқы әлемге жету үшін көптеген тәсілдер ойлап тапты. Ішкі әлемді де зерттеуге болады. Біздің әрқайсысымыздың өзіміздің ерекше ішкі әлемеміз бар. Сондықтан да ол ол тек өз қожайынына қалауы бойынша ашылады. Өздерінің шығармаларын жасай отырып жазушылар, суретшілер, композиторлар, ғашықтар өздерінің ішкі әлемдерін көрсете алады. Сонымен біз өзіміз бен өзіміз қарым-қатынас жасай отырып, ішкі әлемімізді тани аламыз. Біз өзге адамдардың ішкі әлемін (қарым-қатынас жасай, кітіпа оқи отырып, әуен тыңдай отырып) түсіне аламыз және осының арқасында өз жанынының жаңа, құпия жақтарын ашамыз. Бірақ ақылды адамға бұл әлі аз болып көрінеді. Оған жалпылау, заңдылық шығаруға, жалпыға бірдей заң шығару ұнайды. Сондықтан да адамның ішкі әлемінің қасиеттерін түсінуге тырысқан ерекше ғылымдар құрылды. Көптеген адамдарға тән қасиеттер және сирек ездесетін қасиеттер де ерекше. Осы ғылымдардың ішінде психология және философия ерекше орынға ие. Философия, адамды және адамзатты толғандыратын басты сұрақтарға жауап іздеуге тырысады: «Адам дегеніміз кім?», «оның өмір сүруіңінің мақсаты және мағынасы неде?», «Оның әлемдегі орны және рөлі қандай?». Психология жауап беретін сұрақтар, қарапайымдау: «Адам психикасы қалай құрылған?», «Адам қандай психикалық қасиеттерге ие?», «Адамдар бір-бірімен несімен ерекшеленеді және ұқсайды?», «Біз қалай ойлаймыз, сезінеміз, әрекет етеміз?». Әрбір адам-өзінің ішкі әлемінің психологы. Оның қасиеттеріне жетуге психологқа көмектесетін: психологиялық және философиялық ғылымдар; әдебиет, өнер; басқа адамдармен ашық, сенімді қарым-қатынас; өз-өзімен қарым-қатынас, өз өмірінің тәжірибесі. Ішкі әлемнің жұмысының арқасында біз сыртқы әлемді танимыз: ақылдың арқасында оның тіршілік ету және даму заңдылықтарын, сезімнің арқасында біздің жеке пікірімзді және тілегімізді қаныққан бояумен әрілейміз. Әрқайсысымыздың қоршаған орта туралы жеке картинасына иеміз (әлем бейнесі – деп аталады). Адам - таңғажайып құбылыс, оның өмірі екі әлемде өтеді: ішкі және сыртқы. Әрине, бұл әлемдер өзарабайланысты, бірақ олар өз заңдары бойынша дамып, өмір сүреді. Сонымен, адам сондай қиын, адам тұра алмайтындай деп айтса да болады(соғыс, аштық, табиғи катаклизм) жағдайда өмір сүре алады, бірақ сонымен қатар шиеленіскен, ашық және бай ішкі өмірге ие. Тіпті осы кезде де өзін бақытты сезінеді. Тек тіршілік ету емес, өмір сүру үшін. Керісінше, қоршаған орта керемет болуы мүмкін,
Сократтың мына даналық сөзін ұғынып алыңыздар: «Егер адам өз жағдайыына қанағаттанбаса, оны екі жолмен өзгертуге болады: не өз өмірінің, не жан дүниесінің жағдайын жақсарту арқылы. Біріншісі әрдайым болмағанымен, екіншісі әрдайым өз билігіңде».
Өзін ұғыну төрт керемет мүмкіндікті ашады:
♦ өзін білу;
♦ өзін бағалау;
♦ өзін өзгерту;
♦ өзін қабылдау.
Өзін қалай білуге болады? Қарапайым кеңес: бақылау және талдау. Адаммен қарым-қатынас жасай отырып - өзіңізді бақылаңыз. Не сезінесіз? Басқа адамның сөзіне және әрекетіне қалай жауап бересіз? Қандай ойлар пайда болады? Қарым-қатынастағы серіктестігіңізді бақылаңыз: ол сізге қалай жауап береді?. Қандай-да бір іспен айналысып- талдаңыз, не және қалай жасайсыз. Бәрі ойдағыдай болады ма? Сіздің жетістігіңізді басқалар қалай бағалайды? Жұмыс процесі барысында және аяқталу бойынша не сезінесіз?
Бұрын өтіп кеткен оқиғаларды және осындай сұрақтарды талдай отырып әркім өзі туралы қорытынды жасауға болады.
Өзінің Менінің ашылуы - адам өмірінің маңызды ашылуларының бірі. Өзін ұғыну өз өмірімізді және өзінің басқа адамдармен қарым-қатынасын неғұрлым мағыналы, басқаруға икемді етуге мүмкіндік береді. Өзінің ішкі әлемін зерттеу- қызық тапсырма. Зерттеу ерекшелігі әрбір адам өзі жасай алады.
Әрбір адам - екінші рет қайталанбайтын ерекшк, нақты тұлға. Адамдар жаны мәндігілігімен ерекшеленеді; олар тек сырттай ұқсас. Қаншалықты өзіңмен өзің болсаң, соншалықты өзіңді түсіне бастайсың, соншалықты өзінің болмысына тән қасиеттері айқынырақ болады.
Мен бейнесі - бұл адамның өзі туралы түсінігі. Ол әрқашан сөзбен көрінеді, көбінесе - ішкі картина; ол жерде көру, дене және дыбыстық бейнелер, арнайы сөздер қатысады. Адам жалпы сирек сөз арқылы ойланады. Ол елестетеді, түйсінеді, бастан кешіреді. Мен бейнесі, адам өзін-өзі сипаттауға және эмоционалды баға беруге көмектесетін бірнеше тұрақты мінездемелерден тұрады. Бұл мінездемелер әртүрлі және олардың кез-келгені Мен-сипаттамалардың біріне қатысы бар: әлеуметтік, физикалық немесе психологиялық. Бұл туралы толығырақ тоқталайық.
Кім өзін түсінсе, ол өзгелерді де түсіне алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет