Әдістері мен формалары. Дәріс–әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», видеоматериалдарды қарау, ойындар және жаттығулар, медитация, өзіндікталдау.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және видеоматериалдар, қағаз, маркерлер.
Сабақ барысы:
Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.
«Қошамет әткеншегі» жаттығуы
Нұсқау: біз кішкентай кезімізде әткеншекте тербелгенді ұнататынбыз, қазір біз де тербетілеміз, бірақ «комплимент әткеншегінде». Екі шеңбер құруымыз керек (сыртқы және ішкі) және бір-бірімізге бетпе бет қарап тұруымыз қажет. Сіз бір адамның алдына келгенде оған комплимент айтуыңыз керек. Сіз адамның алдына келгенде әткеншек тоқтайды.
Қанша адам болса, сонша әлем
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен Айланы қылады сеп.
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адам адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ-
Осы болар таза ақыл өлді демек.
Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.
Жер білсе адамзаттың бұл қылығын,
Үстінен бәрін төгіп тастар еді – ау.
Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.
Шәкәрім.
Адамдар – жұмбақ әлем. Ол әлемнің ішіне үңілу қиынның қиыны.
Адамдар мені білмейді- ай деп қапаланба, мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан.
Конфуций
Адамға ең мұқият зерттейтін нәрсе ең алдымен өзі. Өзінің жан дүниесі.
Л.Н.Толстой
Өзгені білмеу емес, өзіңді біле алмау- күнә.
Дәріс-әңгімелесу.
Оқытушы. Әрбір адам өзінше бір әлем, өзінше бір дүние. Ол дүниеде бәрі де бар...
Ертеде бір данышпан: «Білгеніңді сабырлылқпен ішіңде сақта. Тойымсыз, қанағатсыз оқып үйрен. Содан соң осыдан өзім не ұғып, не алдым деп өзіңе өзің сұрақ қой» десе, Александр Эверет: «Өзіңізгі өзіңіз жүгініңіз, өзіңізді өзіңіз таныңыз, өйткені, кемеңгерлік өз ішімізде жатыр дер едім. Өзіңнен артылып, тағы да өзге боламын деудің қажеті жоқ»,- депті. Мұндайда қазақ халқы «Өз қанатың бомаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың» демейтін бе еді? Кемеңгерлікті іздесең өзіңе жүгін. Даналықты да өзіңнен ізде. Ішкі дүниеңді ақтар. Мықты болсаң жан сарайыңның жақұттарын, маржандарын көрсет. Сонда ғана өзіңді табасың, өзіндік үніңді естірте аласың. Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі сияқты. Араласа келе адамдар бір бірінен соншалықты алыс, тіпті кереғар, әркелкі екенін сезе түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |