Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК Пәннің мақсаты. «Тәрбие жұмысының технологиялары» білім бағдарламасының мақсаты – тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті: «Тәрбие жұмысының технологиялары» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы мен
әдістемесі саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;
тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып
жетекшісі іс-әрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзыреттіліктерді қолдана білу;
болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби
жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.