Курстың академиялық саясаты
Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа қатысу міндетті (ауырған жағдайда медициналық анықтамасы болуы қажет), кешігуге жол берілмейді. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық бақылау және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау керек. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |