Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет32/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Детектор-программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.
Доктор-программалар – вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді
Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейді.
Фильтр-программаларкомпьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.
Вакцина-программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
AVP программасын iске қосу үшiн бас менюдегi ПрограммаларAntiviral Toolkit ProAntiviral Toolkit Pro командаларын орындаймыз. Егер бұл командалар жоқ болса, AVP антивирус программасын дискеттен орнату керек. Бұл программа iске қосылған мезетте жедел жады резиденттi вирустардан және антивирус программасының өзiн вирусқа тексередi (AVP32.EXE файлы).
AVP программасы iске қосылғаннан кейiн вирусты тексеру объектiсiн және тексеру параметрлерiн тағайындау мүмкiндiгiн беретiн терезе ашылады. Бұл терезе Файл, Вирустарды iздеу және “?” белгiсi бар – үш мәзір командаларынан Аймақ, Объектiлер, Iс-әрекет, Баптау, Статистика деген бес iшкi беттен тұрады.
Вирусқа тексеру үшiн “Аймақ (Область)“ астарлы бетiнде тексерiлетiн объектiнi немесе бумаларды көрсеткеннен кейiн Iске қосу батырмасын басамыз. Дискiнi немесе бумаларды таңдау үшiн қажеттi объектiде тышқанды екi рет шертемiз немесе “бос орын“ пернесiн басамыз. Дискiнi жылдам таңдау үшiн қажеттi дискiнiң жалаушасын көтеру керек. Егер тексерiлетiн тiзiмге жаңа буманы қосу қажет болса, Буманы қосу батырмасында тышқанды шертемiз де, ашылған терезеде қажеттi буманы көрсетемiз. Егер тексеру жүрiп жатқан кезде оны тоқтату керек болса Тоқтату (Стоп) батырмасын шертемiз немесе Вирустарды iздеу мәзірiнiң Тексерудi тоқтату командасын орындаймыз. Тексеру аяқталған соң, жұмыс нәтижесiн көрсететiн Статистика астарлы бетi ашылады.
Программадан шығу үшiн, ФайлШығу командасын орындаймыз немесе орыс әрiптерiнiң регистрi қосылып түрған кезде + <Ф> + <Ы> пернелер комбинациясын басуға да болады. Терезенi жабу батырмасын шерту немесе + пернелерiн басу арқылы да программаның жұмысын аяқтауға болады.
Егер компьютерде өте құнды ақпараттар сақталған болса, олардың резервтi көшiрмесiн басқа дискеттерге немесе магниттi таспаларға жазып алған дұрыс, себебi ешқандай антивирустық программа ақпараттардың резервтi көшiрмесi сияқты сенiмдi бола алмайды.
Аймақ астарлы бетi тексеруге қажеттi дискiлердi: Жергiлiктi дискiлер (Локальные диски) – компьютердегi қатты дискiлердi, Желiлiк дискiлер (Сетевые диски) – желiдегi дискiлердi, Иiлгiш дискiлер (Флоппи- дисководы) – дискеттi таңдау мүмкiндiгiн бередi .
Қажеттi объектiнi ерекшелеп белгiлеген соң, тышқанның оң батырмасын шерту арқылы онымен жұмыс жасау мүмкiндiгiн беретiн жанама меню ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет