-оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;
-қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;
-қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;
-оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;
-оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;
Проблемалық сабақ ұйымдастыру төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
-проблемалы оқыту сабақтары дəстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;
-белгілі бір пəнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пəн бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды негізгі жəне қосалқы материалдарды бөліп алу қажет;
-қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;
-негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дəстүрлі аралас сабақтармен өткізу пəн тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |