Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы»ММ



бет10/12
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#119277
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курсовой слайд 2
Педагогика – тәрбие туралы ғылым., Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ
ІІІ. Қорытынды бөлім. Байланыстырып сөйлеудің маңызы
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту сабақтарда және күнделікті өмірде де іске асады.Балалардың диалогтық,монологтық сөйлеу тілін дамыта отырып,ересектер сөздерін мәнерлі жеткізе білуге икемдейді.Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату,белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру ,өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.
Байланыстырып сөйлеу әрекетінде бала сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып ,ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып жүйелі айту,жазудың нәтижесінде ауызша,жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Жұмыста С.Рахметова, Т.И.Линго, Ғ.Бегалиев, Ф.Оразбаева, К.Аханов, С.Қазыбаев т.б. ғалымдардың еңбегін зерделей отырып, «байланыстырып сөйлеу», « байланыстырып сөйлеуге үйрету» ұғымдарының мәні анықталды.
Қорыта келе байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады. 
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет