Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы»ММ



бет4/12
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#119277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курсовой слайд 2
Педагогика – тәрбие туралы ғылым., Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ
І.КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы түсінік
Бала табиғатының, жаратылысының жалпы табиғи мүмкіндігінің бір белгісі – кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары. Тәні таза, жаны сау бала қалай жетілсе, тілі де солай жетіледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін жасаған әдіскер ғалымымыз С. Рахметова: «Бала тілді ешбір ереже білмей-ақ, оқымай-ақ сөздерді қиыстырады, сөйлемдер құрастырады, ойын жеткізе алады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана. Бірақ, өкінішке орай, біздің мектептерімізге келетін балалар отбасының сөйлеу дәрежесінде екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі мәселе–балалардың ана тілін еркін меңгеруіне, сөзді таза қолданып, дұрыс құрастырып, сөз тіркестері мен сөйлемдерді өзара жүйесімен құрастырып жеткізе бермейтігінде. Көбінесе олардың сөздері жаттанды, не орысшадан тікелей аударған күйде келеді», - деп жазды.
Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.
Балалардың байланыстырып сөйлеуі қазақ тілі, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында біртіндеп үйретіледі. Балаға әр сабақта берілетін сөздерді өзге сөздермен мағыналық байланысқа түсетіндей етіп беру, баланың келесі сабақта сол сөздерден тіркестіріп бір ой шығаруға болатынын түсінуін қамтамасыз ету –олардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың басты жолы. Жеке сөздерді, бір ғана ұғым не бірнеше мағына беретін сөз бен сөз тіркестерін сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене қабылдағанда ғана балада байланыстыра сөйлеу пайда болады.
Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАР.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет