Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы»ММ


- сынып Сауат ашу оқулығы 2 бөлім



бет9/12
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#119277
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курсовой слайд 2
Педагогика – тәрбие туралы ғылым., Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ
1- сынып Сауат ашу оқулығы 2 бөлім
«Спорт- денсаулық кепілі» бөлімі бойынша
«Заттың қимылын білдіретін сөздер» тақырыбын алсақ.Балалар байланыстырып сөйлеуді диалог арқылы жүзеге асырады.
1-тапсырма. Диалогты мұқият тыңда.
-Балалар, сендер бұл сұраққа не дейсіңдер?
2-тапсырма.Мәтінді түсініп оқы.Сұрақтарға жауап бер.
  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Сен осылардың қайсысын жасайсың?
  • Қарамен берілген сөздерге сұрақ қой.

  • Ережені мұқият оқы!!
    3-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Заттың қимылын білдіретін сөздерді тап.Оларға сұрақ қой.
    4-тапсырма. Балалардың қайда бара жатқанын айт және өз ойыңды дәлелде.
    5-тапсырма.Көркем жаз.

2.4.Баланы байланыстырып сөйлеуге қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын әдіс баяндау әдісі. Баяндау кезінде айтылатын тіркестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыратын төл сөздерді де кірістіруге болады. Баяндау іс- әрекетінің құрылысы төмендегідей болуы тиіс.
Баяндау әдісі арқылы сабақта балаларға жаңа білім беріледі. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды мұғалімнің өзі жетік те,толық білуі тиіс. Баяндау барысында шығарманың басталуы, өрбуі,шарықтау шегі және аяқталуын дауыс ырғағы арқылы шебер жеткізіле отырып,көркем шығарманы баланың санасына жеткізуге жағдай жасалады. Репродуктивті әдісті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қолдану кезінде мұғалім түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатып балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді естеріне түсіруіне, яғни табиғат құбылыстарын суреттеуі немесе оқиғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Балалардың өткен тақырыпты естеріне түсіруге және жаңа материалдарды меңгертуге мазмұнды суреттер беріліп әңгімелеу ұсынылады.
Әдістің көмегімен байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруда түрлі жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен тапсырмаларды балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғызылады. Сондай-ақ баладан ойын жүйелі құрастыруға және толық жеткізуге талап қойылады. Сөздік әдіске жататын баяндау, әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері балалардың ойын, өрбітіп, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда өте тиімді.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу - көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектеп жасындағы баланың байланыстырып сөйлеуінің барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады.
Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілеуді орындау, байланыстырып сөйлеу сабақтарындағы мнемотаблицалар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, есте сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Моделдеу - көрнекілігін қолдану, балалардың байланыстыра сөйлеуін мақсатты дамытуға, лексикасын белсенді байытуға, сөйлемнің әртүрлі құрылымдарын сөз сөйлеуде пайдалана білуді қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалардың монологтық сөз сөйлеуін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуге болады.
Балаларға әдістерді құру және қолдану үдерісі үлгілердің түріне және жас ерекшелігі мен балалардың өз қабілетіне қарай біртіндеп жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет