Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы»ММ


Байланыстырып сөйлеудің бастауыш сыныптағы әдістемелік талаптары



бет6/12
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#119277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курсовой слайд 2
Педагогика – тәрбие туралы ғылым., Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ
2.2. Байланыстырып сөйлеудің бастауыш сыныптағы әдістемелік талаптары.
Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары:
1) Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалдарын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеу қажет.
2) Жазылған жұмыстың мазмұны болуы, балалардың жазған мамұндамалар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс.
3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала жинақтау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық жинақтап, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдардың ішіндегі негізгілерін таңдап қолданылуға тиіс.
5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі.Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз - сөз бен сөйлемдердің үйлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз
Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені былайша топтастырылды: танымдық талдау жаттығулары; түзету жаттығулары; шығармашылық ізденіс жаттығулары.
Зерттеуімізде жаттығуларды іріктеу үшін мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алдық: баланың теориялық білімін практикада қолдануына бағытталуы; балада қызығушылық туғызып, олардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасауы; ұшқыр ой, ұтымды пікір, бейнелі сөздер кездесетін, тәрбиелік мәні бар, қызықты мәтін берілуі; тапсырманың шығармашылық сипатта болуы көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет