Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендіре отырып, темір және оның қосылыстары туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы:темір және оның маңызды қосылыстарына сипаттама бере алады.
Басым бөлігі:Темір және темір қосылыстарының физикалық қасиеттерін, қолданылуын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар:Темір және темір қосылыстарының физикалық қасиеттерінің айырмашылықтарын түсінеді. Химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады. Қосылыстарының формулаларын жатқа біледі.
Тілдік мақсат
Пәнаралық лексика және терминология
Гемоглобин
Метеорит
Қара металлургия
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Пиррит
Магниттік теміртас
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:
Ашықтық: Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады.Олар өздерінің білгендерін өзге құрбылармен де бөлісіп отырады.
Ынтымақтастық: Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды.
Өмір бойы білім алу: Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі. Мысалы спирттердің күнделікті тұрмыста, медецинада және басқа салада қолданылуы туралы айтылады.
Пән аралық байланыстар
Металдардың қосылыстарын меңгеруін бағалау, оқу мақсатына жету үшін теориялық және практикалық бөлімдерде
-физикамен
-құрылыспен
-географиямен
-биологиямен
Байланыстыра отырып, нақты мәліметтер беру,қосымша ресурстармен жұмыс жасау үшін арнайы сілтемелер беру
Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешу арқылы білесіздер.
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен,
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен.(ТЕМІР)
Ықтимал жауаптар:
Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойласыңдар?
Дәптермен жұмыс.
10 минут
«Кітап-досың, ақылшың». 163-169-беттер
Оқушылар жұптық жұмыс жүргізеді, мәтінмен танысады, өзара талқылайды және ортада түсіндіреді.
Бекіту. Ой толғаныс
1-5 жаттығу 166-бет
Қосымша: 162-бет 7-жаттығу
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақтың сонында оқущыkарға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде баспалдақ әдісі бойынша қорытынды жасауы сұралады.
1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны?
2 .Топтық жұмыс кезінде өз белсенділігіңді көрсете алдым деп ойлайсын ба?
3.Бағалау процесі қаншалықты әділ деп ойлайсын?
Үйге тапсырма: 4,5-жаттығу 162-бет
Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, не білгендерін жазады
Күнделікке түртіп алады
Бағалау парқшаларына өзін-өзі бағалайды, топ басшысы қорытынды баға қояды.