Хасен Масғұтұлы, Моңғолиядан Атамекеніне оралған қандасымыз, жас ақын, өзінің «Жиырмасыншы ғасырдың - Кенесарысы» [16, 130] атты жыр толғауында:
«...Аждаһаға қасқайып қарады.
Жұмекеңнің ерлігі бар алашқа тарады.
Өткен сайын уақыт дараланып беделі,
Өр тұлғасы асқақтап, асқарланып барады.
Ел, жер десе, қозатын делебесі.
Бүгін де ұрпаққа үлгі өнегесі.
Жұмабек Тәшеневті халқы сүйген,
Жиырмасыншы ғасырдың – Хан Кеңесі», - деп жырлайды.
Ерсін Нәсіпұлы, Қытайдан Отанына оралған қаңдасымыз, жас ақын, өзінің Жұмабек ағасына арнаған «Қазақтың баһадұр ұлы Жұмабек Тәшенев» [16, 118] атты өлеңінде:
«...Жүрмедің ғой ұлы сабаз ай қарап,
Қасым ханның қайсарлығын қайталап
Зұлымдыққа қарсы тұрған бейненді,
Есім ханның ерлігі деп айта алад.
Сен елінді, қилы тағдыр күй кешкен
Махаббатың болмаса егер сүймес ең
Нар тұлғаңа қылыш төніп тұрса да,
Кеттің аға бүгілместен иместен
Сен халқынңа жақын болдың бір табан
Қарыздармыз мәңгі-бақи біз саған
Жалынан да сипатпайтын жауыңа,
Дала мінез, жалаңтөсім, арысым...», - деп жырлаған.
Мектепте оқитын жас өскіндер өздерінің алғашқы өлең жолдарын Батыр аталарына арнапты...
Мәдина Аманжолова, Ақмола облысы А.Құсайынов атындағы орта мектептің оқушысы, өзінің Батыр атасына «Жұмабек Тәшеневке арнау» [16, 129] атты өлеңінде:
«Елім» деген үніңнен елеңдеген,
Кезінде осы кісі еленбеген.
Өзіндей тұлғаларды мақтан етем,
Сондықтан қосып тұрмын өлеңге мен.
«Қазақ» десе жүрегі елеңдеген,
Махаббатпен өзіңе туды өлең.
Біртуар азаматты еліміздің,
Атынды ардақтатып жүремін мен.
Егер, емен құласа – бетеге екен.
Дара туған тұлға да – өтеді екен.
Тек қана қараңғыда жанған алау,
Жарығы тым алысқа жетеді екен.
Өтті ғой егемендік қалауы боп,
Бұл кісінің зейнетінен азабы көп.
Осындай біртуар ерлері үшін,
Атансын бейбіт өмір жалау боп!, - деп, жырласа.
Ия, тарихты тұлғалар жасайды. «Тұлғасыз тарих болмайды» деген белгілі шындық бар. Жұмабек Тәшенев есімі қандай сый-құрметке болсын лайық. Өйткені, қазақ ұлтының жүрегі мен азат Отанымыздың көгінде Жұмабек батыр жұлдызы жарқырай бермек. Қазақ ұлты қанша жасаса, Жұмабек Тәшеневтің есімі де сонша жасамақ.
Қорытынды :
Жалпы Қазақстан КСРО қоластында болғанда үлкен басшылықта қызмет еткендер арасында ұлттық мүдде үшін тайсалмай сөйлеп, ашық алысқан жалғыз Жұмабек Тәшенов десек, қателеспейтін шығармыз.
Міне, осындай ерліктерінің өзі ғана тәуелсіз Қазақстанда Жұмабек Тәшенов есімін ұлықтауға толық негіз бола алады (18, 75 бб.).
Қорыта айтқанда, бізде жобалау, жоспарлау көп те, нақты іске кірісуде әлі де жалтақтауымыз көп. Баукеңдей батыл, Қасымдай қайсар, Тәшеновтай тайсалмайтын талапшыл, т.б. нарқасқа ұл-қыздарымызды тәрбиелеуді жанұядан, бала-бақшадан, мектептен бастауға көңіл бөлетін уақыт жеткен сияқты.
Орта мектепте, арнаулы орта білім мекемелерінде, Жоғарғы оқу орындарында әртүрлі тақырыптағы факультатив сабақтар, элективті сабақтар орнына міндетті түрді «Ертану – Елтану» атты сабақ өткізген жөн.
Қазақтың біртуар азаматтарының өмір деректерін жас ұрпақ өз өмірлеріне керек деректерге айналдырса найзағайлы, намысты Тәшеновтер жалғасы Мәңгілік елдің – мәңгілік намысты ел Азаматы болатыны сөзсіз.
Жұмекең біздің ұрпаққа қазақтың қасиетті қара жерін қалдырды, елін, жерін қызғыштай қорғау керектігін аманат еткен мұра қалдырды, небір қисынсыз қысымға төтеп беретін қазаққа тән қайсар мінез қалдырды, қандай бір қиын жағдайда болмасын басын тік ұстап, ұлттық болмыстың қайталанбас үлгісін паш етіп өтті.
Жат елдің ежелгі құлдар көтерілісінің көсемі Спартакты он күн оқытатын біздің тарих мемлекеттік-патриоттық идеологияның жоқтығынан Жұмабек Тәшеневтің атын да жазбағандықтан, небір оқымыстылар мен жоғарғы биліктегі шенеуніктеріміздің көпшілігі ұлт қаһарманының теңдессіз ерліктері тұрмақ, оның кім екенін де біле бермейді. Кешіктірмей мектеп оқулықтарының, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына өмірі мен қызметін толық кіргізіп, мемлекеттік басқару академиясындағы болашақ шенеуніктерге «Тәшенев тағылымы» міндетті түрде оқытылуы керек. Осылай етсек, ала-құлалыққа бет бұрған жастарымыз елінің, жерінің өткенін сезініп, ерлікке, өрлікке толы тарихынан нәр алып патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиеленері хақ.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт келешекте басына қандай күн туатындығын да білмейді» – деп тегіннен-тегін айтпаған.
Сондықтан, әрбір ісі аңыздар мен дастандарға бергісіз асыл еріміздің тарихи-саяси бағасын бергізіп, Тәшеневтің ерлікке толы асқақ рухын жастарымыздың жүректеріне сіңіріп, «болмаса да ұқсап бағуға» баулу ұлт тарихын зерттеуші зиялыларымыздың қасиетті борышы һәм міндеті болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Байғазин М. Ж. Ж .ТӘШЕНЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ: ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗДЫҢ ҚҰНЫ. Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарыеың жинағы. 6-бет.
2. Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов . Жұмабек Тәшенов. Алматы: «Елтаным» баспасы. 2015ж.
3. Кәрішал Асан Ата «Шынжырда өткен Жолбарыс...» А.: «Үш қиян», 2004ж.
Достарыңызбен бөлісу: |