ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжі МКҚК
Келісілді: Бекітемін:
Колледж әдіскері Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі
Р.Көбегенова______________ директордың орынбасары
«____»________________2017ж. У.Кстаубаева__________________
«___»_______________-____2017ж.
АШЫҚ САБАҚ
«Микроорганизмдер туралы түсінік, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері»
Дайындаған: арнайы пәндер оқытушысы
Бегалы М.Н. _______________
Қатысушы топ: А-240
Әдістемелік-циклдық комиссиясы
Отырысында қарастырылды
Хаттама №__«____»________2017ж.
ӘЦК төреағасы__________С.Кожабергенова
Астана, 2016ж
Оқытушы: Бегалы Мадина Нартайқызы
Пән: Тамақтану физиологиясы, санитария және гигиена негіздері
Мамандық, топ: 0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру», А-240.
Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдер туралы түсінік, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Күні: 15.02.2017 ж.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Микроорганизмдер туралы жалпы түсінік беру және олардың қоршаған ортадағы әрекеті мен әсері жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Микроорганизмдер жайлы түсінік қалыптастыру. Тірі табиғаттағы микроорганизмдердің тигізер әсері мен биологиялық маңыздылығын көрсету.
Дамытушылық: Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырып бойынша студенттердің білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Мамандықтары бойынша біліктілігін арттыру және жан-жақты маман дайындау. Уақытылы жылдам ойлау қабілетін дамыту, өз мамандығын, кәсібін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: Жеке және топтық жұмыс, көрнекілік әдістер, сұрақ-қою арқылы ынталандыру, пысықтау сұрақтары.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бейнеролик, оқу құралдары, плакаттар, бағалау кестесі.
Пән аралық байланыс: «Тағам дайындау технологиясы», «Биология», «Тамақтандыру кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру».
Пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі:
1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.
2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.
3 Ахатнова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Емдік тамақтану бойынша өткен тақырыпқа пысықтау жүргізу:
«Жасырын жәшік» атты ойын-сұрақ
Зат алмасу
Адамдардың жас айырмашылықтарына байланысты тамақтану топтамаларының ерекшеліктері
Емдік тамақтану түрлері
ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі.
ІV. Студентердің өзіндік жұмысы.
V. Тақырыпты бекіту.
«Бейне сұрақ»
«Тағам дайындауда микроағзалардың рөлі»
VI. Қорытынды
«Біз не білдік?»
Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Студенттермен амандасу;
ә) Студенттерді тізім бойынша түгендеу;
Бүгінгі сабағымызда «Микроорганизмдер туралы түсінік, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері» тақырыбы берілген, яғни біз бүгінгі сабақта микроорганизмдер туралы жалпы түсінік береміз және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастырамыз.
Бүгінгі сабақта топты шағын екі топқа бөлеміз.
1 топ «Зерттеушілер» тобы
2 топ «Танушылар» тобы
Студенттерді бағалау топтық бағалау балл бойынша әр кезеңмен бағаланып қорытынды баға шығарылады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Емдік тамақтану бойынша өткен тақырыпқа пысықтау жүргізу:
І топ- Емдік тамақтану негізі мен мақсаты
ІІ топ – Диетикалық тамақтану түрлері
«Жасырын жәшік» ойынында төмендегі тақырыптар бойынша үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар жасырылды.
Зат алмасу
Адамдардың жас айырмашылықтарына байланысты тамақтану топтамаларының ерекшеліктері
Емдік тамақтану түрлері
ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі.
Микроорганизм дегеніміз не? Қоршаған ортадағы микроорганизмдердің бізге тигізер қандай әсері бар? Жалпы бүгінгі сабақта біз осы микроорганизмдерге жалпы түсінік береміз және оның қоршаған ортадағы орыны мен тигізетін әсерін талқылайтын боламыз.
Жаңа тақырыптың жоспары:
Презентация «Микроорганизмдерге жалпы түсінік және оның қоршаған ортаға тигізер әсері».
Глоссарий:
1. Микробтар тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер.
2. Прокариоттар – қарапайым ядросы бар микроорганизмдер.
3. Эукариоттар – нағыз ядросы бар микрооргинизмдер.
4. Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Аэробты – оттегі бар орта.
Анаэробты – оттегі жоқ орта
ІV. Студентердің өзіндік жұмысы.
Өзіндік жұмыс тапсырмасы бойынша әр топ өздеріңіздің алдарыңызда тұрған суреттің ішінен пайдалы және зиянды микроорганизмдерді бөлін жазу қажет.
V. Тақырыпты бекіту. Бұл кезеңде студенттер бүгінгі алған білімдерін пысықтау мақсатында микроорганизмдерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
«Бейнесұрақ» Төрт бейне сұрақ беріледі, екі топқа екі бейнесұрақтан, дұрыс жауап берген топқа ұйпай беріледі.
«Сөйлемді жалғастыр» Берілген суреттер бойынша әр студент өз ойларын айтып, сөйлемді дұрыс жалғастыру қажет.
1. Микробтар тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда ... (голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.)
2. Микробтар құрылысы жағынан айырмашылығы ... (екі типке бөлінеді, эукариоттар және прокариоттар болып.)
3. Микроорганизмдердің басым көпшілігі ... (бір клеткалы организмдер.)
4. Автотрофтар деп ... (өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдалатын бактериялар)
5. Ауксотрофтар деп ... (амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайтын бактериялар)
6. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы ... (Микробиология ғылымы)
«Тағам дайындауда микроағзалардың рөлі»
Әрбір топ сүтқышқылды бактерияларды пайдаланып сүтқышқылды өнім дайындап келеді.
1 топ ашықтқы ретінде майлы айран (ряженка) пайдаланып дайындайды
2 топ ашытқы ретінде айран пайдаланып дайындайды.
Дегустация жасау бойынша 2 топтың өнімдеріне органолептикалық баға беріледі.
VI. Қорытынды
«Біз не білдік?» студенттер өткен тақырып бойынша өз пікірлерін білдіреді.
Бағалау. Әр кезеңдер бойынша баллдарын есептеп, бағалау.
VII. Үй тапсырмасы:
Келесі кесте бойынша микроорганизмдерге сипаттама беру.
Атауы
|
Сипаттамасы
|
Бактериялар
|
|
Вирустар
|
|
Саңырауқұлақтар
|
|
Фото есеп
Достарыңызбен бөлісу: |