Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда


Жеке тексеріп қарау – кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретінде



бет3/3
Дата23.12.2021
өлшемі20,26 Kb.
#127862
1   2   3
Байланысты:
Кеден саясаты

Жеке тексеріп қарау – кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретінде.

Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.

Жеке тексеріп қарау жүргізуге байланысты рәсімді және жеке тексеріп қарауды рәсімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.

Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.

Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:

1) жеке тексеріп қарау жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;

3) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;

4) жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

5) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Кеден кодекске сәйкес шағым жасауға;

6) адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға жеке тексеріп қараудың жүргізілгені туралы хаттаманың көшірмесі, тауарлардың алынып қойғаны туралы акті беріледі.

Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізуге тиіс.



Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрігердің кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін орындаудан жалтаруға құқығы жоқ.

Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша хаттама жасалады. Хаттамаға — жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде — дәрігер қолдарын қояды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет