Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет22/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47

Әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Алматы, 1970. - 140 б.

2. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XY-XIX ғасырлар). Алматы, 1993. - 96 б.

3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегісөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан 1988. - 105-106 б.

4. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Алматы, 1970. - 133 б.

5. Өмірәлиева XY-XIX қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976. «Ғылым баспасы», 160-161 б.

6. Балтабаева Ж. Семантика-стилистические функции неоформленного родительного и внимательного падежей в казахском языке// канд. дисс.
ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКА-СТИЛИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Б.М.Сұлтанова,

А.Алиасқарова,

ҚазМемҚызПУ -І курс магистранты.

Алматы, Қазақстан
Ақын, жазушылар шығармаларының тілін лингвистикалық тұрғыдан талдау, әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге, поэтикалық-көркем тілі мәселелеріне назар аударыла отырып, жазушының шығармашылық қуатын анықтауға мүмкіндік береді.

Д.Исабеков шығармаларының тілі, соның ішінде пьесаларының тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. Д.Исабеков шығармаларының тілі, тілдік құралдары, лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы  барлығы тілдік деңгей элементтері көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырыла қарастырылуы бүгінгі күн тұрғысынан қажет-ақ.

Д.Исабеков шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде Д.Исабеков шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау үшін пьесалары мен прозалық шығармаларын салыстыра  талдағанымызда көркем шығармадағы этнографизмдерді және лингвомәдени  тілдік бірліктерді  айқындап, олардағы ұлттық сипатқа, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы, фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны    және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері айқындалады.

«Этнолингвистика дегеніміз – тіл мәселелерін сол тілде сөйлеуші ұлыстың (этностың) өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, ұғым-түсінігімен, әдет –ғұрып, салт-санасымен, бір сөзбен айтқанда, халықтың рухани қазынасымен байланыстыра зерттеу деген сөз» - деді белгілі тіл білімін зерттеуші, ғалым Қалиұлы Б. [1,  138-б].Тілді зерттеудің тиімді саласы – этнолингвистика. Ол – адамзат қауымының этностық дегейдегі балаң, бастау тұсындағы тек-тамырын, мекен-жайын, өмір тәжірибесін, салт-санасын, кәсібін, жеке этностық топтардың алғашқы анайылық қалпындағы дүниетанымын, мифтік танымын, киімін, ішкен тамағын т.б. яғни мәдениетін тілі арқылы зерттейтін тіл білімінің саласы. [97,  45-б].

Өмір шындығын, атап айтқанда, қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы көрсетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып, салт дәстүрге қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып, дәл тауып қолданудағы [2, 24-б] жазушы-драмматург Д.Исабековтің шеберлігін арнайы қарастыруға болады. Білім, таным үшін де, тіл ғылымы үшін де мұның маңызы зор дейді белгілі ғалым Р.Сыздық.

Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, этнографизмдер мен троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі  өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады.

Қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер тіліміздегі байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздерді ақын, жазушыларымыз өз шығармаларында жеткілікті дәрежеде қолданады. Тілдің танымдық, мұрагерлік қызметін бойына сақтаған этнотілдік деректерді сан ұрпақ танитын ана тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына, «адамзат тарихының қоймасы» (Қ. Жұбанов) деуге болады. Осы орайда қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры эпостық жырлар – этнографиялық лексиканың кені. Себебі бұл жырларда әр ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік салты, мәдени рухани ғұрпы, тағдыры ерекше жырланған қазақ мәдениеті мен дүниетанымының энциклопедиясы, қазіргі ұрпаққа тіл арқылы сақталып жеткен этномәдени мұралары деуге болады.

Осы ауыз әдебиетінен нәр алып өскен, «адамзаттың ақыл-ойының даму жолын айқындайтын, көркемдік танымының бағыт-бағдарын белгілейтін, өткен өмірді қалпына келтіріп, бүгінгі өмірді таңбаға түсіріп, замандармен, халықтармен бірге ғұмыр кешетін тірі бейнелер кейіптеп, өз тарапынан жаңа бір әлем жасап шығаратын, халық рухы – әбілхаят нәрімен сусындап, фәниден озған, бақиға бата алған, ескірмейтін, өлмейтін мерейлі шығармаларымен бұ дүниеде мәңгі жасайтын білімді, парасатты Жазушы» [3, 24-б] өз шығармаларында басқа тілдік бірліктермен қоса этнографизмдерді таңдап, тауып, орнымен жұмсайды.

Тіл мен ойлау процесінің арасындағы өзара байланысты алғаш ғылыми тұрғыда қарастырған неміс ғалымы Гумбольт «тіл мен ойлауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын құбылыс» - деп қарастырады[4, 130-б]. Осымен байланысты, белгілі ғалым Б.Қалиұлының зерттеу еңбектерінде тіл мен мәдениет, тіл мен ойлаудың сабақтастығына ерекше назар аударылған.

«Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасында тікелей байланыс бар. Ол байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеуіміз міндетті болып табылады.

Расында да, тіл мен сол тіл иесі – халық өмірінің арасында ондай байланыстың бар екенін ешкім теріске шығара алмайды. Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, қоғамдық өзгерістердің тілге, тілдің даму барысына септігін тигізетіні ақиқат. Сондықтан да біз: Тіл – халықтың бүкіл өмірінің айнасы. Ол (тіл) – халықтың ақыл-ойы мен сана-сезімінің, мәдениетінің барлық жауһарлары жинақталған мұражайы, асыл қазынасы, алтын қоры. Өмірді тілден артық бейнелейтін, тілден артық сипаттап көрсететін еш нәрсе жоқ» [1, 140-141-б]. Проф. Қ. Жұбанов тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол кездердің өзінде- ақ болжам айтқаны белгілі. Ғалымның «Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» деген пікірі ұлт мәдениетінің ұрпақ жалғастығын сипаттаса, мәдениет жай өмірдің туындысы емес, белгілі бір қоғамда өмір сүрген рухани әрі материалдық қоры бар іргелі елдің өмір тіршілігінің туындысы деп қарауын: «Мәдениет – қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес, мәдениеттің белгілі сатысын көксегендей жағдай тумаған болса,... жоғары мәдениеттің өзі келіп ауызға түспейді» [3, 125 -б] деген пікірінен көреміз. Қазақ халқы көптеген басқа халықтар секілді даналығын, дүниетанымдық көзқарасын, салт-дәтүрін т.б. тілінде түйіндеген.

Әр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктерімен айқындала отырып, сол ерекшелік ең алдымен ана тілінде сақталады және сол тіл арқылы көрінеді. Себебі тілде әр ұлттың өзіндік ойлау ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын лексика қалыптасады. Ол әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін, «ұжымның жадында жинақталған жүйе» (Ю. М. Лотман). Осымен байланысты салт- дәстүрлер атаулары – рухани мәдениеттің мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін лексикалық атаулар.

Тілімізде халқымыздың ұлтық дүниетанымы мен парасаты арқылы қазақ халқының болмысын көрсететін тіл ғылымындағы этнографизмдерді біздің қазіргі жазушыларымыздың қолданудағы шеберлігін анықтауға ұмтылу бүгінгі күннің талабы деуге болады.Осымен байланысты, «тіл ұлттың тірегі, ұлт мәдениетінің негізі» деген қағидаларға сәйкес тіл мен мәдениет арасындағы байланыстың ана тілі бойындағы арқауы сан ғасыр өтсе де бар асылын еш шашаусыз жиып, болашаққа сақтап, жеткізетін тілдің құдіреті – мұрагерлік, құжаттық (кумулятивтік) қызметі негізінде екені айқындала түседі.

Тіл – мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бөлігі және тіл мәдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениетінің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан – тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. Олар материялдық және рухани мәдениеттің туындылары. Атап айтқанда, белгілі бір этномәдени ортадағы өмір сүру жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылар, пайымдаулар, этникалық көзқарас, жергілікті культ пен дәстүрлік тәжірибе – ғасырлар бойы қалыптасқан бай «мәдениет тілі», немесе этнотаңбалар ( Ю. М . Лотман т.б.). бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Оның негізін құрайтын этнографизмдер мәдениетті айқындап қана қоймай, оны символдау қызметін атқарады. Ал этнографизмдер дегеніміз – тұрмысымыда болған, көбі әліде қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері. Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет- ғұрпы, салт – санасы, талғамы т.б. сол тілде сөйлеуші ортада қалыптасып, тілінде сақталады. Сондықтан этнографизмдердің табиғатына үңілу, тануға ұмтылу – ұлтымызды тануға ұмтылу, тілдегі жауһарларды екшелеу деген сөз. Ұлыс, ұлт ретіндегі халық тілінің көркемдік-әсемдік қасиетін дамыту, тілді дұрыс және әдемі жұмсауға дағдылану деп түсіну қажет.



Әдебиеттер:

1.Қалиұлы Б.Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, мәтін. – Алматы: 2012.

2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005.

3.Балақаев М., Жанпейісов Е.,Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 2005.

4.Раев Д. Қазақ шешендігі философиясы. – Алматы: Қарасай, 2011

Резюме

В данной статье рассматриваются стилистические функции этнографизмов в произведениях Д.Исабекова.



Тау-кен саласындағы кейбір терминдер жайында

Ж.С.Ташматова ,

ҚазМемҚызПУ магистранты.
Алматы, Қазақстан

Ғылым мен техниканың ілгерілеуінің нәтижесінде XX ғасырдың соңғы ширегінен бастап ғылымның жаңа дәуірі ақпараттық кеңістікке тарай бастады. Адамның адами танымының дамуымен бірге, ғылым саласында жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бағыттар пайда бола бастады. Еліміздегі кен орындарының ерекшеліктеріне байланысты күрделі мәселелерді шешу үшін іргелі зерттеулер жүргізіліп, көлемді еңбектер жазылды. Осы тұрғыдан көптеген салалық екі тілді сөздіктер көпшілік аудиторияға жол тартты.

Аталмыш сала бойынша азды-көпті еңбектер жарық көрді. Мәселен, Е.Бекмұхамбетов, Н.Сыздықова, А.Әбдрахманов «Орысша-қазақша политехникалық түсіндірме сөздік» 1979 ж, Ә.Бектібаев, Қ.Көшербаев, М.Шоқаев «Орысша-қазақша түсіндірме сөздік» (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) А.,1999 ж, «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Кен ісі және металлургия.» А, 2000 ж, Ш.Әбдіраманов, М.Жаркенов, М.Нұрпейісова, М.Тоқтамысовтың авторлығымен «Тау-кен атауларының терминологиялық сөздігі» 1993 жылы жарық көрді. Соңғы уақытта 2003-ші жылы Ә. Д. Бектібаев, А.Бермаханов, М.Ж. Бітімбаев, Б. К.Кенжалиев, Қ.Т.Көшербаев, Р.Қ. Шаймерденов, М.Т.Шоқаевтың «Мектеп» баспасынан жарық көрген қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі сериясымен шыққан «Кен ісі және металлургия» еңбегі басылып шықты. Аталған еңбекте ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес кейбір терминдерге түсінік беруде жаңа ойлар мен ғылыми тұжырымдарды қайта қарап, біраз терминдердің атауын қайта қазақшаландырып жүйелеп беруді мақсат тұтқаны көрініп тұр. Бұл, бір тілді түсіндірме сөздік алдағы уақыттарда мамандар даярлауда бірден бір негізгі құрал болып табылады.

Негізінен қазақ тіліндегі түсіндірме сөздіктер жалпы халыққа арналып шығарылған. Әйтсе де бір тілді түсіндірме сөздік сол тілді жетік білетін оқырманға арналып жасалатыны белгілі. Екі тілді аударма сөздіктер мен бір тілді түсіндірме сөздіктердің бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері де бар. Түсіндірме сөздік оқырманға белгілі бір нәрседен мағлұмат беріп, анықтамалық қызмет атқаратын болса, екі тілді аударма сөздіктері тіл үйрену құралының қызметін атқарады.

Жалпы сөздік құрастыру ісінен бейхабар адамдар сөздік жасауды оңай шаруа көретіні рас. Олар айналамыздағы барлық құбылыстар мен заттардың, ұғым атауларының көпке ортақ, түсінікті анықтамалары бар және оларды түрлі дереккөздерден теріп алып, сөздікке тізіп беруді мақсат етеді деп ойлап жатады. Сөздік лексикологиясында сөздіктің түріне, типіне, жанрына, жасалу мақсатына, адресатына, көлеміне байланысты тілдік бірліктерге жасалатын алуан түрлі сипаттаманың әдіс-тәсілдері, лексикографиялаудың заңдылықтары екшеліп, айқындалады. Тілдік және метатілдік құбылыстарды лексикографиялаудың қажеттеріне бағдарлай түсіндіру қамтамасыз етіледі. Осыған қажетті әдістемелік шешімдердің типтік үлгілері ұсынылады. [1; 9]

Жалпы осыған дейінгі тау-кен атауларына байланысты шыққан терминологиялық сөздіктерді салыстырып, бағамдап қарайтын болсақ, біршама терминдер әр түрлі аударылғанын, бірізділік жоқ екенін байқауға болады. Бұл тұста белгілі ғалым, профессор С. Исаевтың: «Кез келген әлеуметтік лексиканың түрін зерттеу жұмысы міндетті түрде терминографиямен байланысты болып келеді, өйткені терминология бойынша зерттеулер мен терминдердің реттелуі сөздіктерден көрінеді»



[2;82 б.], – деген пікірін қуаттаймыз. Өйткені жетекші маман даярлауда оқулықтар мен терминографиялық сөздіктердегі терминдердің бірізді, сәйкес болуы сол сала терминологиясын жүйелеп беруде маңызды рөл атқарады. Әйтпесе теориялық білімді түсінуде жаңылысып, қате түсінік қалыптасады. Төменнен бірқатар сөздіктерде бір терминнің баламасыз не аудармасы әркелкі берілгенін байқауға болады. Мысалы:

  1. Забой-үңгубет. Кен орнын жер асты әдісімен қазып алу барысында үңгілеп қопарылатын кен немесе бос таужыныстар беті. Дайындық және тазартылыс үңгубеті болып бөлінеді. Кен орны ашық әдіспен қазып алу барысында да жұмыс кертпештерін қопарып таужыныстарды тиеп әкеткен сайын үңгубет үнемі жылжып отырады. («Кен ісі және металлургия» түсіндірме сөздігі)[3;237].

Забой-кенжар [4;48].

Забой-забой [5;121].

Забой-забой. «Мұнай-газ терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» Алматы, 2006ж) [6;90].

Забой-забой [7;180].

Забой-забой, түп. («Мұнай өңдеуде жиі қолданатын терминдер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі») [8;49].

Забой-ұңғыма [9;92].

Забой-забой [10;35].

Забой-ұңғыма [11;99].

Забой-кенжар [12;35].

ә)Затвор - бекітпе. Тиеу-қайта тиеу пунктерінің шығару ойықтарындағы қазылған таужыныс массасының берілуін жауып және реттеп тұруға арналған құрылғы. Қолмен қосылатын не механикаландырылған жетегі болады. Құрылымы жағынан сұпажапқыш, секторлық және басқа түрлері бар[3; 36].

Затвор-ысырма [4;52].

Затвор-қақпақ, ысырма, сұқпа [8;52].

Затвор-тықпа қақпақ [7;183].

Затвор-затвор, ысырма, сұқпа, қақпа, қақпақ [7;102].

б) Буфер- (ағыл.buffer,buff-соққыны бәсеңдету) вагондардың бір-бірімен және локомотивпен түйісу соққысын бәсеңдету үшін олардың жақтауларының арасына арнайы орнатылған құрылғы. Буфер қатты және резеңкелі, ауа немесе су көмегімен бәсеңдеткіш буфер болып бөлінеді. [3;43]

Буфер-дүбәра [4;17]

Буфер-буфер. [5;45]

в) Бремсберг (нем.bremsberg) –жер бетіне тікелей шықпайтын, жер астында қаттың немесе кен денелерінің құлама бағытымен жүргізілген көлбеу қазба. Бремсберг пайдалы қазылымдарды этаждың немесе шахтаның тасымалдау горизонтына түсіруге арналған. Сонымен қатар Бремсберг негізгі горизонттың қазбалары арқылы таза ауа жіберуге пайдаланылады. [3;42]

Бремсберг-өрлейқаз [4;13]

г) Анемометр (грек.anemos – жел, metreo – өлшеймін) – желдің және газ ағындарының жылдамдығын өлшейтін аспап. [3;20]

Анемометр- анемометр [6;10]

Анемометр-анемометр [5;22]

Анемометр – желөлшем [4;8]

Анемометр-желөлшеуіш [7;152]

ғ) Аспиратор(лат. Aspirare –үрлеймін, жұтамын) – өндірістік атмосфераның құрамын, шаңдылығын талдап анықтау үшін аудан сынама алуға арналған аспап. [3;25]

Аспиратор-аспиратор [5;27]

Аспиратор – ауатазартқыш. [4;9]

д) Гезенк (нем.Gesenk) – тікелей жер бетіне шықпайтын тік не еңіс қазба; негізінен жүктерді (пайдалы қазындыны, толтырым материалын және т.б) бір деңгей жиектен екіншісіне түсіру үшін, адамдарды тасымалдау, желдету үшін пайдаланылады. [3;55]

Гезенк – оқпақ [4;36]

е) Гидроотвал – гидроүйінді. Сулы қоспа түрінде әкелінетін аршылым таужыныстарын жайғастыруға арналған арнайы гидротехникалық құрылыс. Г-де сулы қоспаны қабылдау, одан таужынысты бөліп алу, қолданылған суды тұндыру мен оқшаулау процестері өтеді. Г., әдетте, қойыртпақты қотаруға арналған сыйымдылық жасауды қамтамасыз ету үшін үйілген бастапқы бөгеттен, тіреуіш призмадан, өзектен, шайылынды бөлікшесіне қойыртпақты беру үшін үйінділік қойыртпақ өткізгіштерден, қойыртпақ өткізгіштердің шайындылары мен ажыратындыларынан, тұндырғыш тоғандардан, сутүсіргі құрылғылар мен су ағатын арналардан тұрады[3;58].

ж) Гидроотвал – суүйінді [4;36].

Гидроотвал–гидроқайырма, үйінді [6;54].

Гидроотвал–гидроүйінді [7;170].

з) Гидроциклон – гидроциклон [3;58].

Гидроциклон – суқұйын [4;37].

и) Драга – драга [3;64].

Драга – қалқыма [4;46].

Кен өндіруде көп қолданылатын «забой» термині кейбір сөздіктерде аударылмай баламасыз беріліп жүр. Ал кейбір сөздіктерде «кенжар», «ұңғыма», «үңгубет» деп аударылыпты. «Забой» терминінің аударылуы жайында техника ғылымдарының докторы, ғалым Әділғазы Бектібаев мынандай пікір келтіреді.

«Кенжар» деген балама «кен» және «жар» деген екі сөзден жасалған. «Кен» деген руда да, ал «жар» деген жыраның бір жақ беті. Бұл жерде «кенжар» алда бұзылмай тұрған кен массивінен кенді қопарып, бөліп алатын жұмыс орны екенін тек қана салалық мамандар ғана топшылауы мүмкін. «Забой» дегеніміз тау-кен ісінде тың массивтің бетін үңгіп қопарып, жылжып отыратын жұмыс орны. Олай болса, ол-жер асты жұмыстарында кездесетін қазбалардың үңгіп жүретін беті. Демек, бұл арада забойдың негізгі технологиялық мазмұны ашылмаған. Бұл – бір. Екіншіден, терминнің қолдану аясы орысшадағыдай емес, тарылып кеткен.Өйткені «Забой» тек қана кен қазып алу аясында ғана емес, одан тыс бос жыныстыларды үңгіп жүргенде де кездеседі. Олай болса «забой» терминінің қазақша баламасы ретінде ұсынылған «кенжар» өзінің толық мәнін бере алмай тұр. Бұл жерде ұсынылып отырған «забой» деген терминнің «кенжар» баламасының мынандай кемшіліктерін атап айтқан жөн. Біріншіден, тау кен қазбаларының төбесі мен еденін есептемегенде жарға ұқсас үш кен беті болады. Олар алдағы және екі жақтағы қазба қабырғалары. Сонда «кенжар» деген баламадан соның қайсысы екенін анықтау қиын. Өйткені оны айырып анықтайтын негізгі белгі (признак) «забой» деген терминнің «кенжар» баламасынан аңғарылмайды. Ал негізгі белгінің болуы – басты шарт» -дейді. [13;7] Ал «Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігінің» [14] 130-бетінде «забой» терминін «түп» деп береді де «забойное давление» деген сөз тіркесін «оқпандық қысым» деп аударған. «Оқпан» деп «стволды» айтатын болсақ «забой» мен «ствол» екі бөлек ұғым. Яғни бұл жерде мағыналық қателік бар. Сонымен, мағыналық жағынан «забой» терминін соңғы кезде ұсынып жүрген «үңгубет» терминімен алмастырған жөн. Өйткені жоғарыда айтып кеткеніміздей «забой» тек қана кен қазып алу жұмысында ғана емес, одан тыс бос жыныстыларды үңгу барысында да кездеседі.

Сондай-ақ, аталған «Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігінде» «скважина» терминін «ұңғыма» және «құбыр» деп екі баламасын ұсынған. [14;49] Алайда «труба» деген сөзді «құбыр» деп қолданып, тілімізге сіңісіп кеткен термин екенін ескерген жөн.

Кен саласындағы терминдердің жарыспалы қатар қолданылуы оқу үрдісі мен өндіріс барысында жағдайды біршама қиындата түседі. Мәселен, геологтарға арналған тілашар сөздікте «қабат» терминін «слой» деп аударса [15;73], дәл осы кітаптың келесі беттерінде «слой» [15;79], «кора» [15;83] аударылған. Ал 2005 жылы шыққан орысша-қазақша сөздікте «складка» деп берілсе [16;916], осы кітапта «пласт» деген терминге балама ретінде келтірген. [16;644]. Дәл осы «пласт» терминін «Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігінде» «қойнауқат» деп аударылған. [14;250] Осыдан барып, мағыналық жақындығы бар осындай терминдерді теория мен тәжірибе барысында қолдануда шиелініскен мәселе туындауы мүмкін.

Сонымен, қорыта айтқанда әр түрлі баламаға ие болған терминдерде мазмұн мен сыртқы форма жағынан кейде өзара қайшылықтар да кездеседі. Және сол терминдердің аудармасы төңірегінде бірізділікке келе алмай жатқандығын байқаймыз. Терминдерді аудару барысында ұсынылған терминнің сол тілде бұрын-соңды бар-жоқтығына мән берілу керек. Демек, қазақ тау-кен саласының терминографиясы әлі бір жолға түспеген, жүйеленбеген. Осындай қателіктер алдағы уақытта кәсіби маман даярлауда оқырмандарды, ізденушілерді шатастырады.

Зерттеу барысында тау-кен орындарын игеру мен пайдалану саласына қатысты терминологиялық сөздіктер мен қоса, геология, мұнай-газ саласына қатысты терминологиялық сөздіктерді қатар қарастырдық. Өйткені таза кен орынын пайдалануға қатысты терминдерден бөлек, игерім мен өндірістік жұмыстарға қатысты терминдер соңғы екі салаға да ортақ.

Әдебиеттер:


  1. Байниязова Ж.Т. Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері: филол. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 2008. —30 б.

  2. С.И.Исаев. Қазақ тілі. — Алматы: Өнер, 2007. Б.50.

  3. Кен ісі және металлургия түсіндірме сөздігі. Алматы, 2003.

  4. Тау-кен атауларының терминологиялық сөздігі.Алматы 1993.

  5. Бекмұхамедов Е.Н. Сыздықова., А.Әбдрахманов. Орысша-қазақша политехникалық түсіндірме сөздік. —Алматы: Қазақстан, 1979.

  6. М.Ғ.Арыстанбаев., З.Бахитова. Мұнай-газ терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.— Алматы, 2006.

  7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Кен ісі және металлургия. Рауан, 2000.

  8. Қ.Сұлтанғали., А. Мырзағалиев., Г. Мұңат. Мұнай өңдеуде жиі қолданатын терминдер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Өлке,2003.

  9. Н. Сейітов., А. Абдулин. Геология терминдерінің сөзлігі.— Алматы: Қазақстан, 1996.

  10. К. Сапарбаев., Т.Нүсіпбаев. Орысша-қазақша геологиялық түсіндірме сөздік.  - Алматы: Қазақ университеті, 1991. - 136 с.

  11. Сейітов Н., Кунаев М. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. — Алматы, 2003.

  12. Ғалиев С., Қалыбеков Т., Қожахан А., Сәндібеков М. Орысша-қазақша-французша-орысша-қазақша тау-кен терминологиялық сөздігі.—Алматы: Сөздік-Словарь, 2000.

  13. «Қазақстан ғылымы мен жоғары мектебі» // №15, 2006.

  14. Жұмағалиев Т.Н., Сейітов Н., Есқожа Б.А. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігі.— Алматы, 2000.

  15. Геологтарға арналған орысша-қазақша тілашар сөздігі. — Алматы, 2003.

  16. Орысша-қазақша сөздік.— Алматы: Дайк-пресс, 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет