Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


Резюме В данной статье рассматриваются проблемы терминов в сфере горного дела, нынешнее состояние терминологии горного дела. Summary



бет23/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47

Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы терминов в сфере горного дела, нынешнее состояние терминологии горного дела.



Summary

This article discusses the problem in terms of mining, the current state of the terminology mining.


ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКА ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

М. Тоқтағазин,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Астана, Қазақстан
Публицистика жанрларында тілдің қолданылу аясы әртүрлі болып келетіндігі дәлелденген аксиома десек қателеспейміз. Өйткені олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, очеркте қазақ тілінің байлығы молынан қолданылып, көркемдеуіш құралдар «арнасынан асыра» пайдаланылса, репортаж бен хабарға қысқалық, «тақ-тұқ» стиль тән. Дәл осы сипат журналистика жанрларының көпшілігінен аңғарылады.

Ал эпистолярлық публицистиканың орны мүлдем бөлек. Мұнда журналистиканың дәстүрлі жанрларындағы хабарламалық, деректілік, хроникалық сипаттан өзге ерекшеліктер жеткілікті.

Яғни эпистолярлық стильдің тілі басқа пішіндегі «әріптестерінен» өзіндік ішкі иірімдерімен дараланып тұрады. Зерттеуші О.В. Протопованың пікірінше «Эпистолярлық стильді проза немесе әртүрлі әдебиеттердің жанрлық стильдері қатарында мақсаткерлікпен қарастырған жөн» [1]. Өйткені хат тілінің өзіндік ішкі астарлары бар. Алаштың атақты жазушысы Бейімбет Майлинның арқалы ақын Ілияс Жансүгіровке жазған мына хатына үңілейік.

Ілияс!

Денің сау шығар, оған шегім жоқ. Терезе ашылып қалып жел тимесе, ауыра қойған шығарсың. Мен де өзің көргендеймін, саумын. Жол көріністерін жазам деп саған уәде беріп кетсем де әзір еш нәрсе жаза алған жоқпын. Жазарлық та емес. Ташкенде үш-төрт сағаттай болдық. Оның өзін қыдырумен өткіздік. Енді бұдан әрі жүруге бет түзеп, билет алып буфетте отырмын. Адам көп болған соң шет жағына отыра салып едім. Ташкеннің халқы мұндай көргенсіз болар ма, ерсілі-қарсылы жүріп, мазамды кетірді. Кітап оқуға кірісіп едім, болдыра алмаған соң, бас салып саған хат жазғаным ғой... Хат жазғанмен күрделі бір нәрсе жазады екен деп дәмелі болма – айтатын дым жоқ. Жалғыз-ақ айтайын дегенім: Нұрғали бөлмесінде жалғыз жатуға қорқып, Қызылорданың көшесінен бірге қонатын адам іздейтін көрінеді. Бөлмелерің басқа болғанымен, үйлеріңнің керегесі бір, Нұрғалиді қорқытпай, қыдыруыңды кемітіп болса да, (қолың тисе деймін) үйінде жата салсаң да болады... (Мұны Нұрғалидің құлаққағысымен жазып отырмын).

Сенімен кетерде бір мәселе туралы әдейілеп сөйлесермін деп едім, кеше настроением болмағасын, өзім де сезіп едім, сондықтан кейінге қалдырдым. Аман барсам (аэропланнан құламай) айтармын.

Көрмегелі көп болды. Аманғалиға сәлем айтарсың. Ташкеннің дашға (дача ма екен?...-М.Т.) баратын поезы жүргелі жатыр екен. Қаптаған адам ерсілі-қарсылы жүгіріп, мазам жаман кетіп отыр. Бүйте берсе, настроениемді бұзып жіберуден тайынбас. Сен ренжімесең, осы хатты аяқтасам деймін. Бұған қарсылығың жоқ па? Қарсы болмасаң, қолыңды көтер! (единогласно). Сонымен сөйтіп, біздің хат аяғына бір табан жақындады білем (Осы жерге келгенде Ғаббастың шатынап отырғаны көзге елестеп...).

Нағиманың ұйқысы келіп, есіней берген соң, Сараны ертіп шайханаға шай ішуге кетті. Мен пиво ішумен болып жатырмын. Шөлдеп отырған шығарсың, әкел бір көтеріп жіберейік.

Енді бітірдім. Қош! Көптен бері көрмей сағынып та қалдық білем. [2]

Бейімбет

Ташкеннің вокзалы

6/IX-28 ж.

Хат тілінен байқалғанындай, мұнда қарапайымдылық, түсініктілік «менмұндалап» тұр. Әйтпесе қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің әдеби шығармаларының тілі қою, өрнекті, бай екендігі әркімге де белгілі. Ал эпистолярлық публицистика тілінің «құпиясы» сонда – адресатқа жолданатын ақпарат мейлінше ұғынықты тілде әдіптелген. Демек ой күрделендірілмей нақпа-нақ беріледі, сөз болып отырған уақыт, жолданылып отырған жерден ақпарат аңғарылып отырады.

Бұл туралы филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдіманұлы да жіті аңғарғанын байқатқан. Алты алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың «Анама хат» жырындағы мына жолдарды назарға алған:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам...

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,

Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.

Солардан жаным-тәнім ардақты емес,

Орынсыз күйзелейін мен несіне?!


О. Әбдіманұлының пікірінше «Анама хат» – ақынның жүрек түкпірін жарып шыққан, жан дүниесін терең ашатын сыршылдыққа толы, сезімге бай өлең. Ол ана алдына өзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына көтерілуді көздеген мақсатын жайып салады.

Ақын ұстанған бағытынан айнымайтындығын, адамдық арды аттап кете алмайтынын, мақсатқа жету жолында өмірдің күйкі тірлігі түкке тұрмайтынын өршіл леппен жеткізеді.» [3]

Жалпы қазақ эпистолярлық публицистикасында өлеңмен хат жазу дәстүрі бұрыннан келе жатқаны белгілі. Әсіресе ақындардың өзара поэзия тілімен үн қатысуы көзі қарақты оқырманға жақсы мәлім. Мұндай тілқатысуларда белгілі бір шынайы оқиғалар суреттелумен қатар қазақ тілінің бай сөздік қоры да қымбат қазынадай шашылып түседі.

1996 жылы, жыр алыбының 150 жылдығына орай, «Атамұра» баспасы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Жамбылға хат» деген шағын кітапшасын басып шығарды. Бұл кітабында автор сонау соғыс жылдарында Жамбылға осы хаттың қалай жазылғанын, Жамбылдың жауабы майдандағы жауынгерлерді қалай рухтандырғанын баяндайды. Сонымен бірге автор осы хатқа қол қойған 25 адамның суретін тауып, оларды осы кітапқа қоса жариялады. Ә. Нұршайықовтың Жамбыл Жабаевқа жауынгерлер атынан жазған поэзиялық хатына Жәкең былайша жауап қайтарған:

Уа, қарағым, балалар,

Ер бол демей не дейін.

Ереуілді майданда

Үстем болсын мерейің.

Жауды қырып, айдауға,

Талмай көмек берейін.

Дүбір қосып айғайға,

Қызыл тілді жебейін.

Сендерге өлең айтқанға,

Еш шаршадым демейін.

Қан майдан боп жатқанда

Қарлығар ма көмейім!

Жүз жасаған жүректен,

Жырларымды төгейін.

Көктеменің күніндей,

Жауды жеңіп, күлімдеп,

Келгеніңді көрейін.

«Қаһарманым! Күнім!» деп,

Беттеріңнен өбейін! [4]
Назар аударып қарасақ, бұл хатта қарт ақынның неміс фашистеріне қарсы соғысып жатқан жауынгерлерге деген жүрекжарды лүпілі бар. «Қызыл тілін жебеген» арқалы ақын қас дұшпанға қарсы қаймықпай аттанған солдаттарға қанат бітіріп, рухтарының одан әрі оянуына, шарболаттай шыңдалуына әсерін тигізеді. «Жүз жасаған жүректен» шыққан сөз маржандары жүрегін лүпілдетпеген солдат қалмайды. Ә. Нұршайықовтың жазуына қарағанда «Беттеріңнен өбейін!» деп ерекше сүйіспеншілікпен жазылған жыр жолдары әрбір жауынгерге ерекше әсер еткен. Бұл жыр жолдары майдандағы жауынгерлік газетте де жарияланған.

Жыр жолдарымен хат жолдау Еуропа елдерінде өте сирек кездеседі, тіпті жоқтың қасы. Ал өмірге келгеннен бастап естігені поэзия болатын қазақ үшін жыр жолдарымен хат жазысу аса таңданарлық жайт емес. Өйткені ақындық талант біздің ұлтымыздың маңдайына жазылған ерекше бақыт. Бұл жеке бір мақалаға, кітапқа жүк боларлық дүние.

Түйіндей келе айтпағымыз эпистолярлық публицистика тілінің ерекшеліктері сан қырлылығымен айқындалады. Өйткені қазақтың бай тілі мұнда да өз ретімен қолданылатын сәттері бар. Сонымен қатар жоғарыдағы Б. Майлинның хатынан байқалғанындай, еркін хат жазу барысында басқа тілдердің, атап айтқанда орыс тілінің жекелеген сөздері «автоматты түрде» түсіп кететін сәттері де жиі ұшырасады. Өйткені бұл автордың жеке бір адресатқа жолдап отырған үшбу хаты. сондықтан бұл арада ресмилік сипат жиі ұшыраса қоймайды. Ал ресми хаттардың өзіндік жөні, жолы, стилі бар. Ол жеке бір әңгімеге арқау бола алады. Яғни эпистолярлық публицистика тіліне негізінен алғанда нақтылық, қарапайымдылық тән.

Әдебиеттер

О. В. Протопова «Стилистический энциклопедический словарь русского языка». М, «Наука», под ред. М.Н. Кожиной, 2003 г.

Қазақстан Республикасының Орталық архиві, І. Жансүгіров қорының материалдары, 18-пәпке, №2 хат.

Ө. Әбдіманұлы. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. Алматы, «Қазақ университеті». 2010. – 121 б.

Ә. Нұршайықов. Естеліктер. 1-том. Алматы «TST-Company». 2011 – 197 б.



Резюме

В данной статье рассматриваются вопросы языка эпистолярной публицистики. Анализируются проблемы языка, эпистолярного стиля, уровень его использования в казахской публицистике, предлагаются пути их решения.



Summary

This article deals about questions of epistolary journalism language. Analysis of the problems of language, epistolary style, the level of use of Kazakh journalism and offered solutions are given.


СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

К.С.Шералиева,

«Қайнар» университетінің 2 курс магистранты.

Алматы, Қазақстан
Кез келген тілдің лексикалық қоры үнемі толығу, даму үстінде болады. Ал тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Себебі, адам санасының өсуімен қоғам да дами отырып, жаңа заттар мен ұғымдарды өмірге әкеледі. Кейбір жағдайларда жаңа сөздер басқа тілдердің ықпалымен еніп жатса, кей жағдайда сөзжасамдық процесс арқылы жаңа сөздер туындайды. Сөзжасам арқылы лексикалық қорымызды байытқан туынды сөздер қазіргі тілімізде өте мол.

Сөзжасам негіз сөзден туынды сөздердің, яғни туынды түбірлердің жасалу жүйесін зерттейді. Яғни сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысаны – туынды сөздер. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан алар болсақ сөзжасам жүйесі әбден қалыптасып, жүйеге түскені белгілі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің бастау көзі ең көне жазба ескерткіштер тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, сұрыпталып, екшеле келіп қазіргі жүйелі дәрежеге жеткені зерттеушілер тарапынан үнемі айтылып келеді. Әрине бұдан көретініміз қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі аз уақытта ғана қалыптаса қоятын құбылыс емес, керісінше ұзақ дәуірлер ішінде дамып тұрақталады. Туынды және күрделі сөздердің пайда болуының негізгі тәсілдері ретінде синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық тәсілдер аталады. Аналитикалық тәсілде екі немесе одан да көп сөздердің бірігуінен жаңа мағыналы сөз пайда болады. Яғни бұл тәсіл арқылы пайда болған сөз күрделі сөз деп аталады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін түбір сөзге сөзжасамдық жұрнақ жалғануы керек. Ал сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілін сөз еткенде оның басты объектісі негізінен, жекелеген сөздер болады, яғни лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, сөздің мағынасы ғана өзгеріске ұшырайды.

Г.О.Винокур, Е.С.Кубряков, Е.А.Земская, Н.Д.Арутюнова, А.Н.Тихонов, И.С.Улиханов, т.б. сынды ғалымдар сөзжасам мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізіп, сөзжасамның теориясын қалыптастырғаны белгілі. Қазақ ғалымдары сөзжасам мәселесін арнайы зерттеуді 1985 жылдардан бастап қолға алады.

Бұл салада тұңғыш қалам тартқан ғалым Н.Оралбаева сөзжасамға мынадай анықтама берген: «Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады» [3, 5]. Бірнеше ғалымдар бірлесіп жазған екінші еңбек 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген атпен жарыққа шықты. Аталған еңбектерде сөзжасамның мәселелері негізінен толық қамтылды деп айтуға болады.

Сөзжасамдық мағына – сөзжасам саласындағы негізгі мәселе. Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп аталады [2, 39]. Мысалы, көрермен туынды түбірінің мағынасы теледидарды, театрдағы қойылымды көретін адамдарды білдіреді. Бұл аталым теледидардың шығуына, театрда қойылымдардың көрсетілуіне байланысты қалыптасты. Осы сөздің мағынасы туынды түбірге негіз болған жеке тұрғандағы көрер сөзінде де, -мен жұрнағында да жоқ. Аталған мағына туынды түбірде ғана бар, сондықтан ол туынды түбір сөздің мағынасы яғни сөзжасам үрдісі нәтижесінде туған мағына. Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дөңки, кемі, байы, күрек, бөлме, етікші, сыншы, қойшы сияқты туындылардың мағынасында болған өзгеріс өте күшті, түп негіздегі мағынаның негізінде басқа лексикалық мағына жасалған. Етей, дөңки, кемі, байы туындылары есім сөздерден етістікке ауысып қимыл мағынасын береді. Мұндағы түп негізге үстелген қосымша мағынасы ет алу, дөңге, кемге, байға айналу тіркестері беріледі. Сондықтан ет пен етей, дөң мен дөңки, кем мен кемі, бай мен байы сөздерінің лексикалық мағыналары басқа - басқа екені анық көрініп тұр. Сол сияқты күрек, бөлме, етікші, қойшы туындылары – күреу қимылын жасайтын құралдың, бөлу арқылы жасалған мекеннің, баспананың, етікті тігетін, қойды бағатын мамандардың аты. Ал сұра – сұрау, тара – тарау, жүр – жүріс, жел – желіс сияқты түп негіз бен туындыларды салыстыру олардың лексикалық мағынасында айырманың аздығын аңғартады. Түп негізгі қимыл мағынасы туындыларда сақталған тек сол қимылдар есім арқылы аталған. Осымен байланысты сөзжасам мағынасы лексикалық деривация, синтаксистік деривация деп екіге бөлінеді.

Лексикалық деривация түп негіздің мағынасы мен туындының мағынасында үлкен айырма болады да олар бірі-бірімен тең бола алмайды. Бұған жоғарыда келтірілген бірінші топтағы мысалдар жатады.

Синтаксистік деривацияда түп негіз бен туындының лексикалық мағынасы бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз тобына жатуы сөзжасамды ерекшелейді яғни олар синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Сондықтан синтаксистік деривацияға бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан туындылары жатады. Бірақ сөзжасамда бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөздердің бәрін синтаксистік деривацияға жататын сөздер деп түсіндіруге болмайды. Оларды синтаксистік деривацияның көрсеткіші деуге болмайды. Өйткені лексикалық деривацияда сөз табына ауысатын сөз табына ауыспайтын туындылар да бар. Мысалы, 1 дәрігер, асхана, егіншілік,орындық, арбакеш, қырат, шатқал) қойшы, білім, бұрғы,, 2) күлкі, көрме, сүзгі, қазық, қайрақ, сүзгіш,ашық, жолақ, құбылмалы, алғыр т.б. Келтірілген мысалдағы туындылардың бәрі лексикалық деривацияға жатады. Олардың бірінші тобындағылары сөз табын ауыстырмаған, екінші топтағылар сөз табын ауыстырған. Лексикалық, синтаксистік деривация негізінен қосымша арқылы жасалған туындыларға қатысты. Сөзжасамдық басқа тәсілдердің өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Сондықтан осы тұрғыда тілде синтагматикалық деривацияны да бөліп қараған дұрыс. Синтагматикалық деривацияға бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздердің мағынасы жатады. Мысалы, елбасы, жүзбасы, көкдолы,, кір-қоң, автобаза, байбатша, шабандоз, он алты, қызыл ала, келіп кет, кіріп шық, колхоз, совхоз, ауылсовет т.б. Ғылымда сөзжасамдық мағынаны ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар:

1. Жиынтық мағына (суммарное значение),

2. Айырма мағына (разностное значение). Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды мағына, туынды сөз жасалмайды.

Ғалым Н.Оралбаева сөзжасамдық мағынаның түрлерін былайша топтастырады:



1) Өзгерген туынды мағына. Негіз сөздің мағынасының негізінде басқа мағынаның жасалуы, негізден өзгерген туынды мағына деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, қартай деген етістіктердің мағынасы көк, жас, қарт деген негіз сөздерден жасалған. Мұндағы -ер, -ар, -ай жұрнақтары сын есімдерге етістік қимыл мәнін үстемелеп, жаңа сөз тудырып отыр. 2) Түрленген мағына. Сөзжасамда туынды мағына негіз сөздің мағынасын өзгертпей, оның мағынасына үстеліп қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Мысалы, дөнен-дөнежін, бала-балапан, көл-көлшік т.б. Қазақ тілінде зат есім, сан есім сөзжасамдарында көп қолданылады. Мысалы, он-ондық, бес-бестік, бір-бірлік т.б. 3) Көшірілген туынды мағына. Туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасын басқа сөз табына көшіру арқылы жасалады. Бірақ беретін лексикалық мағынасы бір ұғымды білдіреді. Мысалы, қатар (зат есім) – қатар (үстеу), айтыс(етістік) – айтыс (зат есім), қорған (етістік) – қорған (зат есім), т.б. Бәрінің де ұғымы бір, сөз табы бөлек. Яғни, бір сөз табынан екіншісіне ұғымды сақтай отырып алмасқандықтан, көшірілген сөзжасамдық мағына деп атауға болады.

4) Теңбе-тең туынды мағына. Бұнда негіз бен туынды сөз арасындағы мағына тең болады. Бұл сөзжасамның қысқарту арқылы жасалған түрлеріне жатады. Мысалы: ІІБ – Ішкі істер басқармасы, ЖПБ – Жол полициясы басқармасы т.б. Мағынасы өзгермейді, тұлғасы ғана өзгереді.

Сөздердің сөзжасамдық қабілеті туралы айтқан кезде, яғни сөзжасам арқылы жаңа сөз, жаңа мағына туындаған кезде, негіздеме теориясын негізге аламыз. Сөзжасам арқылы туындаған мағынаның бойында төмендегі заңдылықтар сақталғанын көреміз. 1. Затқа атау беруде бұрыннан белгілі затқа ұқсастығына қарай атау таңамыз. 2. Мағына дәлме-дәл берілмейді.

3. Мағына бір заттың, не құбылыстың әр түрлі реңк, болмысын береді, мағына көп қырлы болады

4. Мағына арасында міндетті түрде ортақ сема болады, яғни өзек сема бір. 5. Сөзжасамдық қатар түзеді. Сөзжасам арқылы жасалған сөздердің бойында осы жоғарыда аталған мағыналық ерекшеліктер сақталады. Бірақ, сөзжасам тек қана мағынаны дамытып қана сөз жасап қоймайды, сөз тудырушы жұрнақтар арқылы сөз жасайтынын байқауға болады.

Қосымшалар әр уақытта әртүрлі қолданыста болуы мүмкін. Мәселен, -ман, -мен (шабарман, аларман), -кер, -гер (жауынгер, әмеңгер), -м, -ым, ім (жайылым, айналым) жұрнақтары бұрын да сөздерді жасауда актив қолданыста болған болса, қазіргі таңда да (көрермен, оқырман, қызметкер, суреткер, қаламгер, басылым, қойылым) өнімді болып отыр. Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат не сигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең,ақсаусақ, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек т.б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін оларды денотаттық (заттық), сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. С. Исаев сөзжасамның морфологиядан бөлек жеке сала екендігін, сөзжасам – сөз тудыру, содан кейін ғана жаңа жасалған сөздің морфологиялық сипаттары арқылы ол бір сөз табына енетіндігін дәлелдеп береді. Сөзжасам нәтиже, үрдіс болғандықтан, біз тек жаңа сөзді сөзжасамдық мағынасы тұрғысынан, нақтырақ айтсақ, сөзжасамдық мағынаның типі тұрғысынан саралай аламыз. Мысалы, орыс тілінің 1980 жылы шыққан грамматикасында туынды зат есімдердің мағынасын мутациялық, модификациялық, транспозициялық және байланыстырғыш деп бөледі. Немесе жаңа сөздің мағынасын профессор Н.Оралбаева көрсеткендей, өзгерген туынды мағына, түрленген туынды мағына, көшірілген туынды мағына, теңбе-тең туынды мағына деп жіктейміз бе? Әлде лексикалық дериват, синтаксистік дериват деп аламыз ба, осы жағын ойластыру қажет. Өйткені мұндай құбылыстар біздің тілімізде бар, яғни сөзжасамдық мағына дегенде қайсы сөзжасамдық мағына түрлерін басшылыққа аламыз [3, 35]? Бірақ осы көрсетілген сөзжасамдық мағына түрлерінің бәрі де сөзжасамдық мағынаны әр қырынан қарастырғандағы танылған атаулар. Атаулар әр түрлі болғанымен де айтарлары бір Қорыта келгенде, сөзжасам дегеніміз тұтас бір құбылыс. Онда сөздер тек қана қосымшалар арқылы формасын ғана өзгертіп қоймай, лексикалық мағынасын дамып та, өзгеріп те отырады. Сөзжасамның негізгі сөз жасаудағы қасиеті – тілді мағыналық жағынан байыту. Сөзжасамдық тәсілдердің барлығы да сөзжасамдық мағына жасауға қызмет етеді.

Әдебиеттер:

1. Исаев С.М. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы,Өнер. – 2007. – 208 б.

2. Оралбай Н.Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002. – 213 б.

3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 1988



Резюме

В статье рассматривается значения словообразования в современном казахском языке, место их в языковых уровнях. Рассматривается исследованияий ученых в области системы словообразования.



Summary

The article discusses the value of word-formation in the modern Kazakh, place them in the language levels. Rossmotrivaetsya issledovaniyay scientists obolsti system of word formation.



КОММУНИКАТИВТІК АЙНАЛЫМ – АТАУ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ

Ғ.Б.Шойбекова,

филология ғылымдарының кандидаты.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы (Қазақстан)
Тіліміздегі сөздік қорды белгілі бір заңдылықтар негізінде байланысқан жүйе десек, осы жүйе мүшелерінің өзара қарым-қатынасын анықтауда тіл табиғатын семантикалық тұрғыдан қарастыру қызметі ерекше. Соның ішінде сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы сөздің жаңа мағынаға ие болу жағдайын атап өтуге болады. Туынды сөздерді анықтауда таңбаның құрылымдық, материалдық белгілерін байыппен зерттеу қажеттігі туады. Макросемалы сөздердің әрбір мағынасы уәжделу нәтижесінде пайда болған. Жеке-жеке мағыналар сөзжасам процесі негізінде екінші мағыналы туынды сөздердің пайда болуын қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі грамматикада қолданылып жүрген туынды терминінің өзі ауыспалы, екінші мағыналарға тән термин деп есептеледі. Егер де сөз бірнеше мағыналарға ие болса, оның түп негізімен салыстырғанда ауыспалы мағыналары туынды мағыналар деп аталады. Тіл білімінде сөздің контекстегі мағыналары синтаксистік деривация ретінде қарастырылады. Сондықтан туынды сөз бен туынды, ауыспалы мағыналардың аражігін ажыратып қолдану керек. Контексте келетін ауыспалы мағыналар жаңа сөз жасай алмаса, ол сөзжасамның зерттеу нысанына кірмейді. Сөзжасам саласының зерттеу нысаны болу үшін жаңа сөз жасай алуға қабілетті сөзжасамдық мағынаға, сөзжасамдық құрылымға ие болуы қажет. Сөзжасамдық мағынаға, сөзжасамдық құрылымға ие сөздер жаңа заттың атауы ретінде қабылданады. Мысалы, семантикалық тәсіл арқылы дамыған көз сөзін алып қарайық. Бұл сөз біздің тілімізде адамның, жан-жануарлардың көзі мағынасымен танымал. Бірақ бұған қоса көзге ұқсатып жасаған дөңгелек әшекей, иненің көзі, ағаштың көзі, көкірек көзі, жұмыстың, істің көзі, бұлақтың көзі, тіршілік көзі, көз тию, көзі тірі және т.б. көптеген сөздерге негіз болып отыр. Адамның, жан-жануардың көзі мағынасындағы сөз жоғарыдағы сөздерді туғызуға негіз болды. Бірақ ол сөздер белгілі бір сөздермен тіркеспесе немесе мәтін ішінде сөйлемдермен түсіндірілмесе оқырман қауымға түсінбеушілік туындатуы әбден мүмкін. Сол себепті оларды толық мағыналы, жеке-дара тұрып сөз жасай алуға қабілетті деп тани алмаймыз. Бірақ олар ­ туынды мағыналарға ие сөздер. Мұндағы адамның, жан-жануарлардың көзі мағыналы сөз ағаштың көзі, иненің көзі, әшекей мағынасындағы көз секілді сөздерді туындатып, заттың атауын қалыптастырды.



Лингвистикалық сөздіктерде конверсия немесе семантикалық тәсілге берілген анықтамаларда мағыналық дамуға түскен сөздер арасында деривациялық қатынастардың жүретіні айтылған. Деривациялық қатынастар жөнінде алғаш сөз қозғаған поляк ғалымы Е. Курилович 1936 жылы Копенгаген лингвистикалық конгресінде “Деривация лексическая и деривация синтаксическая” атты баяндамасын лингвистер қауымына ұсынған болатын. Баяндамасында ғалым сөздің лексикалық мағынасы мен синтаксистік мағынасының арақатынасын ашып береді. Автордың лексикалық мағына деп отырғаны туынды сөз жасауға қабілетті, жаңа екіншілік мағына тудыра алатын сөздің толыққанды мағынасы болса керек. Ал синтаксистік деривация – сөйлеу актісінде пайда болған контекстегі мағынасы. Сонымен бірге синтаксистік мағынаға стилистикалық реңктегі қосымша мағына, эмоционалды-экспрессивті мағына және түрлі ауыс мағыналар енді. Бүгінгі күнде бұл терминдер лексикалық деривацияның орнына семантикалық деривация, ал синтаксистік қызметтің орнына синтаксистік деривация деп аталып жүр. Ғалым “Деривация лексическая предполагает, что исходное и производное слова идентичны друг другу по первичной синтаксической функции… Приобретя новую базу деривации (А), форма (В) получает новую функцию”, – деп сөз мағынасына, сонымен бірге сөз табына қатысты мәселелерді көтереді [1, с. 69].

Тіл табиғатын тарихи тұрғыдан зерттегенде ескерткіштер тіліне сүйенетініміз анық. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі ұзақ дамудың нәтижесі екендігін осы ескерткіштеріміз айқындап береді. Содан бері дамып, толығып, қырланып бүгінгі сөзжасам жүйесін құрап отыр. Ескерткіштер тілі жөнінен зерттеу жүргізген ғалымымыз Ғ. Айдаров “Язык Орхонских памятников древнетюркской письменности ҮІІІ века” атты еңбегінде көне түркі тілі сөзжасамының тәсілдерін атап көрсетіп, тілдің даму тарихында ол тәсілдердің бірден емес, біртіндеп, уақыттың төрелігімен, тілді қолданушы адам баласының қажеттілігімен пайда болғанын жазады. Шындығында, Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқып отырсақ, көп сөздер түсінікті. Тек кейбір өлі формалар ғана түсінік беруді қажет етеді. Мысалы, “Білге қаған” жырында “Мен түрк Білге қаған бул өдке олуртум” деген жыр жолдарын алып қарасақ, жалпы мағынасы адамға түсінікті. Бірақ өд сөзін тіл маманы екшеп бергеннен кейін барып түсінуіне жол ашылады. ҮІІІ ғасырда тасқа қашалып жазылып қалған еңбек ХХІ ғасырда да оқыған адамға толығымен деп айтпасақ та, біршама түсінікті. Бұл тіліміздің мазмұндық, мағыналық өзгерісінің тұрақты екендігін көрсетеді.

Қоғам дамуымен қатар түрлі жаңа заттар мен құбылыстар өмірге, қолданысқа енеді. Жаңа заттар мен құбылыстарға атау беру адамзат баласының болмысы мен танымы негізінде жүзеге асады. Осының нәтижесінде ұғым арқылы дамыған мынадай көп семалы сөздерді көрсетуімізге болады: от (шөп) – от (жанып жатқан от), көк (түр-түс), – көк (шөп) – көк (аспан), жел (ауаның ағымы) – жел (желден, суықтан болатын ауру), жел (аяң мен шабу аралығында қатты жүру), жай (жағдай) – жай (жайлы, қолайлы), жай (белгілі бір орын, мекен) – жай (әншейін) – жай (қатардағы қарапайым,жұпыны) – жай (ақырын) – жай (кеш) т.б. Осындай деректер тілімізде сөздің аз, ұғымның сан қырлы екеніне күмән келтірмейді. Ұғымның сан қырлылығы мағынаның дамуына әкеледі. Сөздегі генетика-семантикалық кодты осылай зерделеуге болады.

Тіл біліміндегі семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер мен олардың транспозициялануы, сөз таптарына қатысы орыс тіл білімінде жан-жақты зерттелген. Орыс ғалымдары сөздің лексикалық мағынасын, атау жасау теориясын қарастырса да, уәждеме теориясын зерттесе де, сөз таптарын жекелей сөз етсе де сөздердің мағыналық жақтан дамып, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуына тоқтамай өте алмаған. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселеміз бойынша да сөз таптарымен байланыстыра қараймыз. Сөздердің жаңа мағыналық реңк алып, екіншілік номинацияның тууы адамдардың қажеттілігінен туындайды десек, сол адамдар белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан соң, ол қоғамның да сұранысы болып есептеледі. Осы себептерді ескере отырып, жаңа сөздің жасалуын екі түрлі сипатта қарастыруымызға болады:

– тіл иесінің қажет еткен жағдайы;

– тіл иесі өмір сүріп отырған қоғамның қажеттілігі, сұранысы.

Сөздердің мағыналық ауыспалылығы жекелеген лексемалардың уәжделуімен байланысты. Олардың мағыналық жолмен даму кейпін академик Н.Я. Марр “неограниченной экспрессивной потребности в общественном процессе общения”, - деп анықтайды [44, с. 205]. Қоғам мен тілдің арақатынасы жайлы оның идеясы өзге ғалымдар арасында қолдау тапқан жоқ. Н.Я. Маррдың бұл пікірін орыс ғалымы В.М. Никитевич кемшілік (деффект Марра) деп түсіндіреді [2, 91 б.]. Дегенмен, академик Н.Я. Марр көптеген тілдік фактіге қатысы бар қоғамдық мәселелерді көтерген. Ғалым Қ. Жұбанов Н.Я. Маррдың грамматика саласында түрлі пікірлер айтқандығын ескерте келіп, академиктің құнды саналатын мына бір ойын жазады: “Ерте дәуірдегі тіл грамматикалық категорияларға бөлінбеген; ым тілі мен сөз тілі аралас болған; есімдер, яғни зат атаулары аталған, ал етістік ұғымдарын ыммен білдірген. Бұрынғы кезде сөз мағынасы қимылмен орындалғаны осы күнгі сөздердің бірқатар семантикалық мазмұнынан көрінеді” [3, 49 б.].

Сөздер атаулық мағынадан қимылдық мағынаға, немесе керісінше, қимылдық мағынадан атаулық мағынаға, сондай-ақ сындық-сапалық мағынадан атаулық мағынаға немесе керісінше, атаулық мағынадан сындық-сапалық мағынаға ауысуы адамның ойлауы, танымы, болмысы, пікірі, санасы негізінде іске асады.



Әдебиеттер:

  1. Курилович Е. Очерки по лингвистике. – Москва: Наука, 1962. – 456 с.

  2. Никитевич В.М. Основы номинативной деривации. – Минск: Вышэйшая школа, 1985. – 157 с.

  3. Жұбанов Қ.Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 112 б.

Резюме

В статье рассматривается роль коммуникации в образовании новой деривации.


3-СЕКЦИЯ.

Оқу орындарында мемлекеттік тілде кәсіби білім берудің

өзекті мәселелері

Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздері

А.И.Балабаева,

ҚазМемҚызПУ доценті, п.ғ.к.

Алматы, Қазақстан
Жоғары оқу орындарында ұйымдастырылатын педагогикалық практика - студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың ең маңызды және айқындаушы кезеңі болып табылады. Себебі, практика барысында өздері таңдаған мамандықтары бойынша жеке кәсіби-тұлғалық қасиеттері, студенттердің кәсіби іс-әрекетке қызығушылығы өмірдің құнды бөлігі болатындай сана-сезімі қалыптасады.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогикасы мен әдістемесі мамандығын дайындауда, оның ішінде кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын, ғылыми теориялық негізін, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен практика ұғымына талдау жасауды жөн көрдік.

«Практика» ұғымы Ежелгі Грекиядан енген, «қимыл, әрекет» деген мағынаны білдіреді. «Адам өз бойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен күш қуатын, осы дүниелік екендігін практикада дәлелдеуі тиіс». Философиялық сөздікте «Практика – қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар өмірінің негізін құрайтын материалдық өндірістің объективтік процесі» делінген. Практика қазіргі философияның іргелі категориясы болып, диалектикалық материализмде практика - ақиқаттың өлшемі ретінде анықталған. Адам практика жүзінде әрекет жасай отырып, өзінің алдына белгілі мақсаттар қояды, бұл мақсаттарда оның айналасындағы құбылыстарды түсінуі, оның білімі көрсетіледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон танымның қайнар көзі практика, бақылау, эксперимент, білім тәжірибеден шығады десе, француз ғалымы Р.Декарт ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді.

Джон Локк адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі практика арқылы пайда болады. Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек практика арқылы мазмұнға толады деп тұжырымдаған. Ағылшын философы Давид Юмнің түп негіз идеясы сезім мүшелері мен практика арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады деп түйіндеген. Керісінше, француз философы Р.Декарт «туа біткен идеялардың» себебі рухани түп негіздің өзі болғандықтан, олардың негізінде алынған білім айқын да ақиқат. Оларды практикада тексерудің қажеті жоқ деп теріске шығарады. «Практика – таным әдісінің өзі болып табылады». Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.

Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде практика және танымның тұжырымдамасын әртүрлі түсіндіру кездеседі. Идеалист философтар Юм, Кант, Мах, Рассел және басқалар танып білу үшін практиканың маңызды екенін мойындай отырып, оны бұрмалайды да, тек қана рухани қызметке әкеп саяды. Прагматизм өкілдері Дж. Дьюи, Шиллер [1] субъектінің өз басының толғаныстары саласындағы қызметін практика деп түсінеді, ал объективті идеалист Гегель практиканы белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыратын адамның шығармашылық теориялық қызметімен теңестіреді. «Практика – танып білудің негізі» мұның өзі адамның танып білуінің, яғни ең қарапайым түсініктерден бастап, ақылдың ең абстракты құрылымдарына дейін практика негізінде дамиды [2]. Сонымен, практика кез-келген танымның негізі, оның көзі.

Студенттердің педагогикалық практика барысында кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесінің кешеніне қатысты таным процесінің негізін сезімнен рационалға, деректіден дерексізге көшу сөйтіп, абстракциялық ойға өту құрайды. Студенттің танымы мектепке дейінгі кезеңнен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Сонымен, танымның өзі де практика жүзінде шындықты меңгеруге бағытталады. Практикадан теорияға және теориядан практикаға ауысу заңдылық деп санаймыз. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың төселуінің бірден-бір жолы – педагогикалық практика.

Психологиялық-педагогикалық түсіндірме сөздікте «теорияның іс жүзіне асуынан туған тәжірибе; қалыптасқан дағды іс-әрекет; өмір тәжірибесі; жаттығу; дағды» делінген. Бұл анықтаманың негізін психологиялық ой-тұжырымдардан іздейік. Болашақ мамандардың педагогикалық іс-әрекетке ынтасының болуы, оның қажеттілікке айналуы, кәсіби шыңдалуы танымдық, психикалық процестің жетілуіне, зейініне, қызығушы­лығына, шығармашылық ой-әрекетіне, темпе­ра­­менті­не, қиялда­нуы­на, мотивіне (түрткісіне) тікелей байланысты. Қоғамдық болмыстың негізгі тәсілі, оның дүниеде өзіндік қалыптасу формасы бола отырып, практика іс-әрекеттің тұтас жүйесі ретінде қызмет атқарады. Практика құрамы қажеттілік, мақсат, себеп, жеке актілер түріндегі мақсатты іс-әрекет етеді. Сондықтан психология ғылымында практиканы адамның заттық іс-әрекеті ретінде қарастырады.

Психолог С.Л.Рубинштейн педагогикалық практиканың қызметіне: «Педагогикалық дағдыларды меңгеруі, педагогикалық диагностикалау жолы, практика білім беру құралы, жалпы және теорияны шығармашылықпен қайта өңдеу жолы, терең білім беру құралы», - деп анықтама берген [5]. Н.В.Кузьмина «Мұғалім еңбегінің психологиясы» деген еңбегінде педагогикалық қабілеттілік бастапқыда жалпы педагогикалық кейін кәсіптік әрекеттерде пайда болады. А.И.Щербаков студенттердің практикалық іс-әрекеттегі біліктері мен дағдыларының қалыптасуын психологиялық тұрғыда зерттеді. Оның пікірінше, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің маңызды міндеттері: «Студенттердің ғылыми дүние танымын, білімдер жүйесін, дағды мен біліктіліктерін, мұғалім-тәрбиешілердің жеке тұлғалық сапалар жүйесін, танымдық белсендігін, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығын, мінез-құлқын, қабілеттері мен шеберлігін қалыптастыру», - деп тұжырымдаған.

Ф.Н.Гоноболин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.Д.Левитов, А.А.Люблинская, Н.Ф.Талызина, Д.В.Эльконин еңбектерінде болашақ тәрбиешілердің жеке тұлғасының психологиясына арналып, онда мұғалім іс-әрекетінің бағыттылығын анықтайтын кәсіби жағынан маңызды сапалардың жиынтығы ретінде жалпы педагогикалық қабілеттерге ерекше көңіл бөледі.

Психолог Р.С.Немов педагогикалық әрекеттің психологиясы туралы айта келіп, тәжірибе барысында қабылдауын, зейінін, есте сақтауын, ойлауын эмоциясын өзі ретке келтіру жолдарын (саморегуляция), психокоррекция педагогикалық практикада балалармен қарым-қатынастың жаңа стилін меңгеру, педагогикалық дағды мен біліктілікті бекіту және өзіне балалардың оқу мен тәрбиесі жөнінде жауапкершілікті мойнына алуын ретке келтірудің бірнеше тәсілдерін ұсынады. Сол сияқты болашақ педагогтардың дене және психологиялық жағынан ретке келтіретін аутотренинг жаттығуларын келтірген. Бұның өзі біздің зерттеуімізге және эксперименттік жұмыстарымызға арқау боларлық тұстары бар екендігін көрсетеді.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципін педагогикалық процестің мәніне сай қарастыра келе, М.А.Даниловтің «Іс-әрекетке басшылық барысында тәрбиеленушілердің қоғамдық өмірге қатысуы мен теориялық сабақта да танымдық және практикалық міндеттерді қойып, оларды шешу жолдарын табу мен тексере білуге үйренеді, алдына белгілі бір нақтылы міндеттер қойып, оны жүзеге асыра білуге жаттығу, жаңа адамды тәрбиелеудің сенімді құралы бола алады» деген пікірімен келіспеуге болмайды.

Психолог А.Темірбеков «Адам әрбір әрекетке әдейілеп жаттығып, үйреншікті қалыпқа дағдыға айналдырады» деген пікірінен біз практика арқылы болашақ мамандарға қажетті көптеген кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады деп тұжырымдаймыз .

Педагогикалық сөздікте «Практика дегеніміз - адамдардың табиғатты және қоғамды қайта құруға бағытталған қоғамдық, материалдық және мақсатқа лайық қызметі», - деп анықтама берілген. Дегенмен, педагогикалық практиканы біртұтас педагогикалық жүйе ретінде зерттеу тарихына тоқталсақ, кеңестік дәуірдегі және Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз мәселелерін өзі шешуге бағыт алған кезеңдегі ізденістерді қамтуға тиіспіз. Өткенге тағзым ете қарамай, бүгінгіні бағалай алмаймыз. Әр кезеңнің қоғамдық саясаты мен білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың байланыстылығын ескерсек, көзге бірден шалынатыны, кеңестік дәуірде педагогикалық практиканың құндылығы бірдей бағытта тәрбиеленген, білім алған, коммунистік туралы идеялармен сусынданған мамандар дайындаумен бағаланғандығы. Осы тұста педагогикалық практиканың маңызын тарихи тұрғыдан талдап зерттеген Н.Г.Кушков революцияға дейін педагогикалық университетті бітірген мұғалімдерді бір жыл гимназияға практикадан өтуге қалдырылғанын айтады.

Педагогика ғылымында ұстаз, тәрбиеші, оларға қойылатын талаптар туралы ар­найы зерттеу еңбектері мен оқулықтарында ғұлама ағарту­шы­лар Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. ой-пікірлерін білдірген.

Ж.Аймауытов балаларды оқытып-тәрбиелеу үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары және профессионалдық еркіндікке ие болу керек деп ғұлама ғалым білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білу арқылы кәсіби бағдарын қалыптасатындығын ескертеді.

А.Байтұрсынов «Тәлімгер атаулының сөз саптауы шорқақ, ойға саяз, тыңдауға әсерсіз болса шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады» деген ой-пікірінің бір ұшын кәсіби бағдарда болғандықтан педагогикалық практика барысында ескеруіміз керек. «Адамға іс үстінде пайда болған іс пен ес қосылуынан өнер, білімді ойлап үйренбейді, істеп түюден үйренеді», - деп педагогикалық практика туралы арнайы сөз қозғамаса да тәжірибеде студенттерді сөз мәдениетіне жетелеуге ерекше мән беру қажеттігін ескертеді.

М.Дулатов кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді деген пікірінен болашақ ұстаздар практика барысында өзінің қабілетін сезінуі және соған жағдай туғызу керек деп санаймыз.

Осы жылдары педагогикалық институттардың оқу жоспарларына үздіксіз педагогикалық практиканың еніп, студенттердің сабақтан кейін мектептерде болып, педагогикалық үрдіс барысына бақылау жүргізуге мүмкіндік алған.

Қазақстандық В.А.Радионова «Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби бағытталуын педагогикалық практика процесінде қалыптастыру» атты ғылыми-зерттеу жұмысында педагогикалық практика барысында студенттерге кәсіби бағыт берудің алғышарттары, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тиімді әдістері, педагогикалық практиканы ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері туралы зерттеді.

Б.Р.Айтмамбетованың педагогикалық практикаға арналған зерттеу жұмысы кандидаттық диссертация ретінде қорғалып, жарық көрді. Б.Р.Айтмамбетованың зерттеу жұмыстарында педагогикалық практиканың болашақ маман үшін өз мамандығына байланысты жүйелі ұғым алуында, сапалы білім игеруіндегі алға апарушылық орны туралы айтылған. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына деген ынта-ықыласы олардың тәрбиеші-ұстаз мамандығы бойынша өтетін практикасымен тікелей байланысты. Сонымен, педагогикалық практиканың болашақ мамандыққа даярлауда зор маңызы бар екендігіне көз жеткіздік.

Жоғары педагогикалық оқу орны кәсіби тәрбиеші, ұстаз мамандарды шыңдайтын, үлкен өмірге жолдама беретін негізгі орын. Қоғамымыздағы қайта құру белестеріне сай жалпы білім беретін және арнаулы кәсіби білім беретін мектептердің оқу-тәрбие мазмұнында да жаңа түбегейлі өзгерістер бой көрсетті. Студенттердің жалпы педагогикалық даярлығы жоғары оқу орындарындағы оқу жоспарының басты бағыты болып табылады.

Профессор Н.Д.Хмельдің ғылыми зерттеуіне сүйенсек, «Педагогика ғылымында болашақ мұғалімді алдын-ала практикалық даярлаудың мазмұны мен әдістемесіне әсер ететін – студенттің педагогикалық еңбектің барлық түрлері мен формаларына өз күштерін, біліктіліктерін байқауға мүмкіншілік беретін дәстүр қалыптасқан», - деген болатын. Бұдан педагогикалық практика болашақ мамандардың негізгі әрекетін терең білуге және өзін-өзі талдауға мүмкіндік туғызатындығын көреміз.



Әдебиеттер:

  1. Лавриенко В.Н. Ратникова В. П. Философия. Москва “Культура спорт”1998, 11 б.

  2. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. –Алматы: “Білім”, 2001, 328 б.-111 б.

  3. Подласый И.П. “Педагогика Новый курс” книга М., 2000 г. с.576, 72-76

  4. Платонов К.К. О системе психилогии М., 1972 с.216.

  5. Жалпы психология А. “Мектеп”1980 барлығы 352б.,74-80 б.

Резюме

В статье рассматриваются психолого-педагогические основы формирования профессиональной направленности студентов.

Правильно организованная педагогическая практика в высших учебных заведениях способствует формированию профессиональной направленности будущих специалистов. Именно на практике у студентов выявляются профессионально-личностные качества. Практика прививает любовь к своей профессии и является основной частью педагогического процесса.

Summary

In the article to examine to psychological and pedagogical main form students. A practice to assist of students will be professional their activity. In a practice to founding experience of students.


КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Б.Ж.Баймухаммедова

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің

1-курс магистранты

Алматы, Қазақстан
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ жалпы білім беретін мектептерде, оқу орындарда ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың кепілі болмақ. Жалпы білім беретін мектептерде, оқу орындарында ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді, мультимедиалық құралдарды қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденген, және олар қазіргі жоғары оқу орындарында қолдануда. Коммуникативтік оқыту технологиясы негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігі дамытылады. Біз қазіргі таңда тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін дамыту жолдарының басты шарты – оқыту үдерісінде ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті оқыту технологиясын жиі пайдалану тиімдірек деген қағиданы ұстандық. Коммуникативті оқыту өзара қарым-қатынас жүйесі іспетті, түсінікті оқиғалар негізінде, ағылшын тілін меңгертудегі даралық принципі болып табылады. Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып саналады. Адамды дамыту көптеген факторларға байланысты. Коммуникативті әдіс жүйесінде оқу – ғылыми мотивацияға қолдау көрсетудің тұтас жиынтығы. Бұл әдіс оқушылардың интелектуальдық қажеттілігіне келіп тіреледі, ал ол ойлау міндеттерінің мынадай механизмдерін дамытуға бейім:

Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға болады. Бұл технологияның ерекшелігі – сөздерді есте сақтап, тез меңгертеді, ойлау еркіндігін дамытады.

Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға болады. Бұл технологияның ерекшелігі – сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге жақсы.

Ең алдымен, комьпютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға көмектеседі. Толықтыруды керек ететін жаттығуларды, компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздікті меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығуларда оқушы танымын арттырып, қызығушылығын дамытады. Асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне жақсы әсер етеді.

Ал тіл үйретудегі басты мақсат – тіл үйренушінің коммуникативтік қатынасын жақсартады.

Компьютерлік бағдарламалар күн сайын жетілдіріп, қарқынды даму үстінде екендігі белгілі. Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отырады. Жаңаша оқыту әдісі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту. Рөлдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекетіне әсер етеді. Практикалық әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық, интерактивтік әдіс те осыған жатады. Бұл – оқу процесінің барлық сатысында қолданылады. Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше дамытып отырады.

Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесі. Соңғы жылдары ағылшын тілін оқыту мен білім беруде компьютермен оқыту жиі қолданылады. Интернет пен жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен бағдарламалар өте көп. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ. Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шет тілін жақсы меңгеру, шет тілін оқып үйрену бірден қалыптаса қоймады.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз  бетінше жұмыс істеуге  дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде – оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып  отыр.


Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технолгия жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ. Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы шет тілін үйренуде болсын, басқа пәндерді игеруде болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға әзірлемелер  дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық   болатыны анық. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы  сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту  мүкіндігіне ие болады.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсенділендіреді. Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді. Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Ағылшын тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу  орындарында білім жетілдіруші құрал.

Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелік принциптері,
осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістемесінде негізге алынған.

Қарым-қатынас жасау арқылы шет тілі мәдениетінің барлық аспектілерін игеруге болады. Қарым-қатынас материалдық және рухани мәдениетті дамытады. Коммуникативті оқытуда сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру формалары жаңалықтардан тұрады.



Әдебиеттер:

1. Подласый И.П. “Педагогика Новый курс” книга М., 2000 г. с.576, 72-76




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет