Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет4/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Әдебиеттер:

  1. Исаев С.М. Ғалым. Ғылым. Ғұмыр. – Алматы: Кие, 2008. – 580 б.

  2. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Өнер, 2007. – 340 б.

Резюме

В данной статье рассматривается роль научно-методических трудов профессора С.Исаева о вопросах сфера образования.



Summary

This article discusses the role of scientific-methodological works of Professor s. Isaev on the education sector.


С.ИСАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР КІРМЕ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ

ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ ЖАЙЫНДА

Ж.О. Тектіғұл,

филология ғылымдарының докторы, професор.

Ақтөбе.Қазақстан
Қазақ тіл білімін дамытуда өзіндік орны бар белгілі тілші-ғалым С.Исаевтің қазақ тілінің тарихына, оның ішінде тарихи морфология саласына қатысты зерттеулерінің маңызы айрықша.

Әдетте бір тілден бір тілге көмекші элементтер, сөздер, тіпті тіркестер сол күйінде ауысып отыратыны белгілі. Ондай элементтердің тілімізге өте ертерек дәуірлерде-ақ мол енгендігі соншалық, біздің төл жұрнақтарымыздай, сөздеріміздей болып сөздік қорымызға етене сіңісіп кеткен. Олар тіпті кей жағдайда тіліміздің құрылымына да елеулі әсер етеді. Мұндай грамматикалық тұлғалардың қатарына профессор С. Исаев қазақ әдеби тілінде жиі қолданылатын түркі тілдерінің оңтүстік-батыс топтарына белгілі иран тобының сөз тудырушы -и//-ы//-і қосымшасын жатқызады. Ол “Махмуд Қашқар-и, тарихи Рашид-и (қазақша: Қашқарлық Махмуд, Рашидтың тарихы, орысша: Махмуд Кашгарский, история Рашиди) секілді сөз орамдары (анықталушы сөз бен анықтаушының тіркесуі) әсіресе адамның аты-жөні парсы тіліндегі түпнұсқа үлгісінде жасалған. Демек, осы тіркестердің құрамындағы морфологиялық тұлға ғана емес, түгел синтаксистік байланыс та орын тәртібі де) түркі тілдеріне араб-парсы тілдерінен сол қалпында ауысқан: тарихи Рашид-и, Қадырғали Жалаир-и, Махмуд Қашқар-и т. б. дей келіп, С. Исаев бұл құбылыс жайында: “сөз тіркесінің мұндай үлгісі (анықталушы сөз – анықтауыш) түркі тілдеріне жат екені аян, сондықтан да ол жалпы халықтық сипат ала алмай, белгілі бір кезеңдегі “кітаби тіл” секілді жекелеген авторлардың шығармалары аясында қалып қойды. Сонымен қатар, бұндай қатынастағы сөз тіркестерінің, екінші жағынан, ана тілінің синтаксистік үлгілеріне сай икемделе, бейімделе бастағаны байқалады”деп көрсетеді [1,55].



Парсы тілінде –ы, -і (-и) қосымшасы зат және сын есім тудыратын өнімді қосымшалар қатарына жатқызылғанымен, қазақ тілінде сын есім тудырушы тұлға ретінде ғана қаралады. Оның ішінде араб-парсы тілдерінен түбірімен енгендері де бар. Олар біздің тілдің фонетикалық ерекшеліктеріне сай тұлғалық өзгеріске ұшыраған. Бұл кірме элемент түркі тілінің байырғы төл сөздеріне (зат есім, сын есімдерге) жалғану арқылы туынды сын есімдер жасайды: бидайы (өңді) < бидай, қырмызы (қызыл, ал қызыл жібек), алтайы (алтайлық қызыл түлкі), түрікпені (жылқы), тағы (адам), қазақы (киім) т.б. Қ.Жұбанов бұл қосымшаны парсы нисбеті (-і) деп таниды. Бұл парсы тілінің қатыстық сын есім жасайтын -і(-и) қосымшасы болып табылады. Парсының -и тұлғасы қазақ тілінде дыбыстық өзгеріске түсіп, -ы//-і тұлғасына айналған. Мысалы, Науайы – Науаи < науа “әуезді, сазды”, құдайы (садақа) < құдай т.б. Қазақ тілінде Қ.Жұбановтың көрсетуінше, нағыз нисбет тұлғалы сөздер халықтық тілге жақындап дыбыстық өзгеріске ұшырап, -ы, -і тұлғасына айналған. Мысал, ХҮ ғасырдағы шағатай әдебиетінің классигі Науаи қазақ тілінде Науаи болып айтылады. Осындағы сөз соңындағы –и (-ій) парсы нисбеті. Оның түбірі науа – «әуезді, сазды дыбысты» деген парсы сөзі. Олай болса, қазақ тіліндегі –ы, -і қосымшасын парсы нисбетімен байланыстыратын болсақ, онда бұл тұлға қазақ тіліне кейін кірген. Қазақ халқын құраған орта азиялық этникалық топтар әкелген тілдік құбылыс болып табылады. /2, 414-415/.

Мысалы, ежелгі түркі тілі жазбаларында -ы (-і) тұлғасы әрі зат есім, әрі сын есім, әрі үстеу, шылау сөз табын жасауға қатысқан. Мысалы: 1) зат есім: ötnü “қарыз” (<ötün – “өтіну”), körši “дос” (<körüš “көрісу”), jazї “жазық” (jaz ~ жазылу); sekü “биіктік” (<sek “секіру”), 2) сын есім: öri “көтеріңкі, биік” (öri кöŋli “өр көңілді”), talu “таңдаулы, ерекше”, teši “қомағай”, tolu “толы, толық” (<tol – “толу”), tüzü “шамалас, мөлшерлес” (tüz – “тәртіпке келтіру, тізу”), ketü “қолсыз”, 3) үстеу сөз табы: tukäti “түгелдей” (tükät – түгесу, бітіру); örü “жоғарыда”, uzatu “ұзақ” < uzat өзгелік етіс < uza – “созылу”, 4) шылау сөз табы құрамында: tegi “дейін” (<teg – тию, жету) жұмсалады. /3, ДТС/

Қазақ тілінде -ы//-і тұлғасы екі түрлі сипатта дамып, қолданылады: 1) жазба тіл арқылы өзгеріссіз енген парсы нисбеті тұлғалы сөздер: тарихи, саяси, діни, Қашқари, мәдени, табиғи т.б. 2) қарапайым қазақтың ауызекі сөйлеу тіліне орай дыбыстық тұлғасы өзгерген қатыстық сын есімдер: қазақы, естекі, тағы, түркі, арабы т.б.

С.Исаев парсы нисбеті тұлғалы сөздер және соның негізіндегі сөз тіркестері қазақ тіліне екі түрлі жолмен сніп, екі түрлі жолмен дамыған болу керек деп көрсетеді. «Оның бірі -и тұлғалы қатыстық сын есімдер. Бұлар жаба әдебиет арқылы келіп, жаба тілде ғана орын альп, кейін қазақтың баспасөзі қалыптасып, дами бастаған шахта ресми стильдің стильдің тілдік тұлғасы, көрсеткіші ретінде жаба әдебиеттің ғылыми, ресми, баспасөз (публицистикалық) жанрларынан тұрақты орын альп, қолданыс тапты.

Парсы нисбеті, екінші жағынан, мекендік, орынға қатыстылық мәнді аңғартып, көбіне халық, ел (етнос), жер, мекеніне, орынды білдіретін сөздерге жалғанып жұмсалады. Қазақ тіліндегі осындай сөздердің айтылуында ерекшелік бар. Мысалы, ондай сөздердің көпшілігі ескіше оқыған адамдардың, зиялылардың тілінде қазақи, араби (ғараби), түрки, арами, парси (фарси), суфи, адами т.б. тұлғасында айтылса, қарапайым қазақтың сөйлеу тілінде бұл сөздер көбінесе қазақы, арабы, түркі, арамы, парсы, сұпы (сопы), адамы түрінде қолданып отырады». /4, 173/

Бұған қосымша С.Исаев қазіргі қазақ тілінде –ы, -і тұлғалы кейбір сын есімдердің субстанстивтеніп, зат есімге айналып кеткенін көрсетеді. Мысалы, «тіліміздегі шыны, былғары сияқты сөздер қазіргі кезде белгілі бір заттың атауы (әйнек және иленіп, боялған қайыс, тері) ретінде қолданылады. Осы сөздердің тарихи тұрғыдан морфологиялық құрамына, этимологиясына зер сала қараса, олардың шын (чин- қытай елі), бұлғар (булгар елі) деген сөздер мен –ы қосымшасынан тұратынын көреміз. Сонда бұл тұлғаның эволюциясы былай болған: атау (халық, ел, жер аты) + ы/-і (қатыстық сын есім) – жаңа зат». /4, 173/

Осы жоғарыда айтылғандарды салыстыру үстінде мынадай ой келеді. Көп жағдайда біздің тілде кездесетін анықтауыштардың постпозициялылығына араб-парсы тілдерінің де әсері тиген болуы керек. Себебі арабтар жаулап, үстемдік еткен көне замандарда алғашында күшпен, кейіннен тұрмыс-тіршілігімізге, мәдениетімізге терең бойлап, бірте-бірте ене берген кірме синтаксистік құрылымдардың тілімізге із қалдырмауы мүмкін емес.Соған орай қосымшалардың орын тәртібінен де осындай ежелгі анықтауыш- анықталушы мүшелердің грамматикалану процесінің нәтижесін анықтауға болады.



Әдебиеттер:

  1. Исаев.С Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы, 1997.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

  3. Древнетюрский словарь. Ленинград, 1969.

  4. Исаев.С. -и тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы олардың орны туралы. ҚазССР ҒА хабарлары. 1965. 1-шығ.


С.Исаев зерттеулеріндегі танымдық бағыт

Ы.Б.Шақаман,

филология ғылымының кандидаты, профессор.

Павлодар мемлекеттік педагогтік институты.

Павлодар, Қазақстан
Таным – шексіз ақиқатқа қол жеткізу деген сөз. Бірақ ақиқат шексіз болғандықтан да, таным кеңейе түседі. Сондықтан шексіз ақиқатқа қол жеткізуге мақсатты, белгілі бір міндеттерді шешетін, танымдық әдістер мен түрлерді қолданатын, тану үшін айқындық пен дәлдікті көздейтін ғылыми таным керек. Ғылыми таным, ғылымның өзі қоғамның тарихи даму барысында өндіргіш күш болып табылады және кез келген нәрсені жан-жақты біліп, толық игеру мақсатын көздейді.

Ғылыми танымның негізін берушінің бірі – тіл, тіл ғылымы.

Танымдық бағыт жеке ілім ретінде бұрын қаралмағанмен, танымдық, тілдік танымға қатысты ұғымдарын қазақ тілі білімінің бастапқы кезеңіне-ақ түсінуге болады. Себебі тілдің ұлттық ерекшелігін қарастырудың өзі-ақ танымдық болып табылады, өзінен өзі танымдыққа әкеп тірейді. Бізге дейінгі зерттеулерден осыны аңғарып, түйсіне алуымыз қажет. Бұл орайда тілді танымдық ілім негізінде қарастыру бағыты назарға алынбағандығы ғана ғалымдар үшін кемшілік немесе «қолды кеш сермеушілік» деп түсінгеніміз жөн. Сондықтан танымдық бағытты тілдік теорияның бірі ретінде ұстану қағидасы қазақ тіл ғылымында назарға кеш ілінді деп айтамыз.

Негізінен алғанда, таным мәселесі қазақ тіл білімінде ғылыми бағыт түрінде емес, ырықсыз, табиғи түрде орын алып отырды және отырады. Бұны басқа зерттеушілерге тоқталмай-ақ, танымал тілші, қазақ тілінің ұлттық негізінің теориялық сипатын беруші ғалым С.Исаев зерттеулерінен көреміз.

Ғалым С.Исаевтың қай еңбегіне назар аударсақ та, тілді жалпылама сипаттық тұрғыдан немесе зерттеулердегі ой-пікірлердің көшірмесі не еліктеу негізіндегі зерттеу түрінде емес, нақты ұлттық ерекшелікке, танымдық негізде, тілдің бастапқы өзегін табуға тырысушылық бағытта қарастырғанын аңғарамыз.

Әсіресе, ғалымның тіл білімінің сөзжасам, морфология саласына қатысты пікір-көзқарасы нақты және ойға қонымды, ұтымдылығы басым көрінеді. Тілші тілдің сөзжасам, морфология саласындағы әрбір кіші мағыналы бөлшектің мәнділігі мен қызметін тани білген және оны туған тілде; салыстымалы/салғастырмалы түрде екшеп, танымдық тұрғыдағы сипатын дәл ашып береді.

Бұл орайда ғалымның қазақы ғылыми түрде жазған «Қосымшалардың жіктелуі» атты зерттеуін талдап көрсетуге болады. Зерттеуші өзінің грамматикалық еңбегінде қосымшаның дәстүрлі жіктемедегі бөлінуінің логикалық саралау тұрғысынан дұрыс еместігін, нақты бір қағидаға сүйенілмей жасалғандығын орынды қозғап өтеді. Ғалым өзінің нақты пікірін, яғни қосымшаны екі түрлі ұстаныммен – 1) мағыналық сипатына, 2) грамматикалық қызметіне қарай – бөлуді, жіктеуді ұсынды. Сөйтіп тілші мағыналық, грамматикалық сипат қағидасы бойынша қосымшаның жіктелуін арнайы сызбаға түсіріп көрсетеді:

Қосымша 1-сызба


Сөзжасамдық қосымша Тұлғажасамдық қосымша

Қызметтік қосымша Жұрнақ Жалғау

Модификациялық грамматикалық Заттық Заттық Предикат жұрнақтар жұрнақтар адвербиалдық





1.Зат е.реңдік мәнді жұрнақтары

2.Сан е. реттік, жинақтау мәнді жұрнағы

3.Сын е. шырай жұрнақтары

4.Етіс жұрнақтары

5.Етістіктің күшейтпелі мәнді жұрнағы

6.Етістіктің болымсыз мәнді жұрнағы



Есімше

Көсемше


Рай жұрнақтары

Шақ жұрнақтары

Көптік жалғау

Жіктік


жалғау


тәуелдік грам. көлемдік септік жалғау септік жалғау жалғау


Танымал зерттеушінің жіктемесінен қосымшаның бірден жұрнақ/жалғауға бөлмей ұлттық ерекшелікке, тілдік қисынға сүйенуі – тілдің теориялық негіздегі танымдық сипатын аша, зерделей білгендігінің айғағы.

Аталған әдіспен жіктеп көрсету қазақ тіліндегі қосымша туралы ұғым-түсінікті кеңейтеді. Жіктеуден қосымша түрлерінің қай салалық нысанаға енетінін түсініп, ажыратып аламыз. Сызбадан көргеніміздей, сөзжасам ілімінің зерттеу нысанасы мен морфология ілімінің зерттеу нысанасы ажыратылып, екеуінің ғылыми теориялық белгі-ерекшеліктері танытылады. Ғалымның ұсынған жіктемесінің нақты бір қағидаға, ұстанымға негізделіп берілуі көп жайдың басын ашып беріп отыр. Бұл жіктемені құптап, ғылыми грамматикада теориялық, тәжірибелік тұрғыдан қолданысқа енгізу орынды. Берілген қосымша жіктемесі қисынды ғылыми қағидаға сүйеніп жасалған, сондықтан бұны «Қосымшаның ғылыми грамматикалық жіктемесі» деп атаймыз.

Сонымен бірге жіктеуде жұрнақтың іштей «Сөзжасамдық қосымша мен тұлғажасамдық (сөз түрлендіруші) қосымша» деп саралануының өзі тілдік көп мәселенің басын ашып береді.

Тілде сөзжасам заңдылығын нақты ашатын сөзжасамдық жұрнақтан тыс, сөздің тұлғалық ережесін ғана негіздейтін сөз түрлендіруші жұрнақтар мен жалғаулар тұлғажасамдық қосымшалар деп көрсетіліп, морфология ілімінің еншісінде қаралады.

Ғалымның енді бір теориялық танымдық жақтан негіздеп бергені – тілдегі аталған екі қосымша түріне енбейтін, үшінші бір қосымша түрін – модификациялық жұрнақтарды – өзінің ұстазы Ы. Мамановтың ізімен ғылыми айналымға енгізіп кеткендігі. Зерттеуші дәстүрлі жіктеудегі қосымшаның (қосымшаның бірден жұрнақ/жалғауға бөлініп көрсетілуі) бөлінуіне қатысты мына кемшіліктерді атап өтеді:

1) қосымшаларды топтауда нақты бір қағиданың болмағаны;

2)қосымшалардың сипаты, қызметі, өзіндік қасиетінің ажыратылмауы;

3)қосымшаларды жіктеуде олардың мағыналық немесе қызмет ерекшеліктерінің қайсысы болсын бірінші орынға алынып көзделу жағы қаралмағаны.

Үшінші қосымша түрі болып табылатын «өлара» – модификациялық – жұрнақтар жіктемедегі орнын тапқан соң, жеке зерттеу нысанына түсе бастады. Модификациялық жұрнақтар мәселесі тек морфологиялық тұрғыдан ғана емес, сөзжасам саласының да өзекті тақырыбына айналып, сөзжасам заңдылығының бір ережелік негізіне өзек болды. Өйткені модификациялық жұрнақтар нақты сөзжасамдық та емес, нақты түрлендірушілік те емес қызмет атқарады. Олар сөзжасам заңдылығының басқа қырын ашуға себепкер. Бұл мәселе жеке зерттеуді қажет ететіндіктен, кейінгі тақырып аясына қалдырамыз.

Ғалымның зерттеулеріндегі аса ұтымды да дәлелді пікірі грамматикалық ұғымдарға байланысты қалыптасқан ойларға, жаңсақ анықтамаларға талдау беруінен көрінеді. Сөзжасамдық қосымшалардың грамматикалық мағына жасау қасиетін лексикалық мағына тудыру негізінде болатынын, сондықтан сөзжасам арқылы пайда болған жаңа сөздің (морфеманың) грамматикалық мағынасы тек белгілі бір сөз табына тәуелді болатынын, олай болса, осы жағынан ғана сөзжасам қосымшалары морфологиямен (грамматикамен) байланысты келетінін байқатып, көзімізді жеткізуі ғалымның тілдің дерексіз (абстрактілік) ұғымын, сипатын терең сезініп, қарастырғанын білдірсе керек. Зерттеушінің өз сөзімен келтірсек: «…сөз тудыратын қосымшаның белгілі бір сөз табының шеңберінде қаралуы оның (курсив – Ш.Ы.) ең негізгі қасиеті, басты мәні емес, бұдан ол категориялық сипатқа ие бола алмайды. Өйткені сөз тудырушы қосымшалардың шеңбері сөз таптарының түрлену жүйесімен, грамматикалық категорияның болу-болмауымен айқындалмай, … таза сөз тудыру, лексикалық мағына жасау мәселесіне байланысты болады,…» [1, 221].

Тұлға жасаушы (кейде сөз түрлендіруші) қосымшаларға қатысты ғалым олардың өз ішінде жәке грамматикалық категория құрай алатын грамматикалық тұлғалық көрсеткіші мен грамматикалық мағына беретін сипаты, түрлену жүйесінің көрінісі барын атап, оларды осы ерекшеліктерімен сөзжасам қосымшаларынан ажыратады. Әрине, грамматикалық категория жасау ерекшелігі – тұлға жасаушы қосымшалардың басты грамматикалық белгісі.

Тілші ғалымның сөзжасам мәселесінде, оның теориялық негізін жасауда теориялық танымдық белгілерді нақты ашып беруді ұсынады. «Сөзжасам» деген ұғымды ашатын тілжасамның әрбір қыры осы ұғымның мағынсын нақты бере алуы тиіс. Тек сонда ғана сөзжасам заңдылығы ережесі нақтыланады. Бұл көзқарас ғалымның мына сөзінен айқын байқалады: «... тілімізде бұрын болмаған бөтен тілден енген сөз де жаңа сөз, жаңа мағынаға ие болған сөз де жаңа сөз, қосымша арқылы жасалған жаңа туынды сөз де жаңа сөз, бірігіп, қосарланып, тіркесу арқылы жасалған күрделі сөз де жаңа сөз, олардың қай-қайсысы да тілде бұрын болмаған жаңа ұғымның атауын немесе оның алуын түрлі белгілері я қимылы, қимылдың амалдары, т.б. ұғымдарды білдіруімен, жаңа мағынамен, яғни лексикалық-семантикалық өзгерістің нәтижесінде пайда болатын тілдік құбылыс болуымен тікелей байланысты. Бұлардың басты мәнді сипаты: ... жаңа сөз, лексема жасауында» - деп, көрсетеді [1, 241].

Зерттеуші С.Исаев атақты ғалым Ы.Маманов негіздеген ұлттық танымдық ілімді жалғастырып, өзі тілдің сонау табиғи негізін, адамзаттың тілді қалыптастырудағы болмысын тануға астар береді, зерделеуге итермелейді.

Әдебиет

1.Исаев С. М. Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы. «Рауан», 1998. – 304 б.

2.Исаев С. М. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы. 1997. – 224 б.

Резюме

В статье рассматриваются теоретические позновательные (когнитивные) идеи по казахской лингвистике ученого языковеда С. М.Исаева.


ҒҰМЫР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Нұржауар Исаева,

биология ғылымдарының кандидаты,

профессоры

Алматы, Қазақстан
Бар өмірін ғылым мен білім беру ісіне арнаған, «тілім» деп өмір сүрген аяулы әкем Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың туғанына биыл 75 жыл толар еді. 1999 жылы әкемізден айырылып, аяқ асты қайғыға ұшырағанда, Әкеммен бірге мен үшін өмір тоқтап қалғандай көрінген. Бүкіл өмірін еңбекпен өткізіп, демалуға уақытын қимайтын Әкемнің нағыз кемелденген шағында өмірден өтуі өзегімізді өртеді. Әбіш Кекілбаев ағамыз естелігінде жазғандай, «Алған асуы да зор еді, бірақ жетер биігі де көп еді. Тағдыр оған мұрша бермеді».

Дегенмен, әкем өмірден өткен осынау 14 жыл ішінде әкемнің 30 жыл ғұмыры өткен киелі шаңырақ – Қыздар университетінде еліміздің ғалымдар қауымы мен шәкірттері тарапынан әкемнің туған күні аталмаған, еске алынбаған жыл болған емес, жер-жерде атқарылған шаралар мен жарық көрген мақалалар, еңбектер қаншама!

Игілікті адамдардың ісі – бұл қолдан жасаған ескерткіші! Әкемізді құрметпен еске сақтағандарыңыз үшін барлығыңызға шын жүрегімізден алғыс айтамыз!

Ең бақытты Ұстаз деп ізгі шәкірттері бар ұстазды айтатын шығар. Сондай шәкірттерге – Жәмиля Отарбекова, Гулбану Әмірова, Айгүл Сәтбекова, Бағдан Момынова, Тыныштық Ермекова, Жарқын Сүлейменова, тағы басқаларына отбасымыздың атынан мол алғысымызды айтамыз.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаеваға айтар алғысымыз зор! Университет басшылары ауысып жатқанымен, университет ұжымы, барша филология факультеті Әкемді ешқашан ұмытпағанын көріп, қуанамыз.

Әкемнің қайтқанына бір жыл толғанда, 2000 ж. 9 маусымда әкемді білетін бүкіл зиялы қауым мен шәкірттері естелік арнап, академик Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен, шәкірті Гүлбану Әмірованың тікелей ұйымдастыруымен «Тілім деп өмір сүріп ем ...» атты естеліктер жинағы жарық көріп, «Қазақстанның көрнекті ғалымдары» сериясымен биобиблиографиясы дайындалды.



Сол жылы Қыздар институтында ғалымды еске алу құрметіне «Қазақ әдеби тілінің даму мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып, «Тағылым» атты» атты жинақ жарық көрді. 2000 ж. 9 маусымда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

2001 ж. 17 наурызда Қайнар университетінде тұңғыш рет «С.М.Исаев оқулары» өткізілді.

2002 ж. әкем ғылыми жоба аясында қатысып, бірнеше бөлімін жазған академиялық «Қазақ грамматикасы» (Астана, 2002 ж.) жарық көрді.

2003 ж. «Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы» бойыншы теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны» атты кітабы қайта жарық көрді (Алматы, Білім 2003 ж.) (қайта шығарған шәкірті Ж.Отарбекова).

2003 ж. 19 наурызда Қыздар институтында «Профессор С.М.Исаев және мерзімді баспасөз тілі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, материалдары жарық көрді.

2003 ж. 30 сәуірде Қайнар университетінде «Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп, материалдары 2 кітап болып шықты.

2003 ж. желтоксанда Алматы қаласы Мәслихатының IV сессиясының және Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Алматы қаласындағы бір көшеге «Исаев Сейілбек» аты берілді.

2005 ж. 13 наурызда «С.М.Исаев оқулары» аясында Қайнар университетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізіліп, жинақ жарық көрді.

2006 ж. 13 наурыз «С.М.Исаев оқулары» аясында Қыздар университетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізіліп, жинақ жарық көрді. Қазақ тіл білімі кафедрасы жанынан «С.М. Исаев дәрісханасы» ашылды.

2007 жылдан бастап ғалымның 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүргізіліп, 7 кітап шығару жоспарланды. Нәтижесінде:

2007 ж. маусымда «Көрнекті Қазақстан ғалымдары сериясымен» «Қазақ тілі» атты мектеп оқушыларына, талапкерлерге, студенттерге, мұғалімдерге арналған оқулығы қайта шықты (қайта шығарған Исаевтар). Өнер. Алматы, 2007.

2007 ж. маусымда «Көрнекті Қазақстан ғалымдары сериясымен» «Сөйлемдегі грамматикалық талдаудың тәсілдері» атты әдістемелік құралы жарық көрді (қайта шығарған Исаевтар) Өнер. Алматы, 2007.

2007 ж. желтоқсанда «Көрнекті Қазақстан ғалымдары сериясымен» «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты жоғары оқу орындарының филология факультеттері студенттеріне арналған оқу құралы жарық көрді (қайта шығарған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті). Абай атындағы ҚҰПУ, Алматы, 2007.

2007 ж Қыздар институтында «С.М.Исаев оқулары» өткізіліп, жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми мақалалар жинағы жарық көрді. ҚызПИ, Алматы 2007 106 бет.

2007 ж. 13 наурыз Қыздар институтында «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттер арасында қалалық олимпиада ұйымдастырылды. Сол олимпиаданың жеңімпазы Үсентаева Мадинаға арнаулы стипендия тағайындалды.

2008 ж. ақпан «Көрнекті Қазақстан ғалымдары сериясымен» «Қазіргі қазақ тілі (морфология)» оқулығы қайта жарық көрді (қайта шығарған Исаевтар), Өнер. Алматы, 2008.

2008 ж. «Көрнекті Қазақстан ғалымдары сериясымен» «Тілім деп өмір сүріп ем ... (естеліктер, жалғасы)» жарық көрді (қайта шығарған Исаевтар). Өнер, Алматы, 2008.

2008 ж. «Қазақ тіл білімінің озық үлгілері» сериясымен «Сейілбек Исаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты антология жарық көрді («Арыс» қоры көмегімен шығарған Исаевтар), Арыс. Алматы, 2008.

2008 ж. 15 мамырда ЖОО студенттері арасында 1990 жылға дейін өткізіліп тұрған республикалық пәндік олимпиада жаңғыртылып, ғалымның құрметіне «Қазақ тілі» бойынша республикалық деңгейде өткізілді. Олимпиада жеңімпазына атаулы стипендия тағайындалды. Ұйымдастырған – қазақ тіл білімі кафедрасы.

2008 ж. 9-10 маусымда филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ҚР Жоғарғы мектеп және Жаратылыстану ғылымдары академияларының академигі Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың 70 жылдығына орай ғалымды еске алу құрметіне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Профессор С.М. Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдіснамалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

2008 жылы конференцияға орайластырылып «Ғалым. Ғылым. Ғұмыр» атты ғалымның бүкіл мақалалары, ғалым туралы мақалалар жинақталған еңбек жарық көрді (дайындаған Ж.Отарбекова), Алматы: «КИЕ», 2008. 580 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет