Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
4 книга проверенная

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


93 
Кеңестік кездегі Қазақстанның кино және кескіндеме 
өнерінің дамуы 
 
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің 

«Қазақстан тарихы» кафедрасының
профессоры , т.ғ.к.
С.Д. Шаймұханова
Қазақстан мәдениетінің барлық салаларының дамуына байланысты қазақ 
кино өнерінің пайда болуы синтетикалық өнер ретінде кино өнерінің қалыптасу 
процестерін күрт жеделдетті. Кино өнері театр, музыка, кескіндеме, мүсін, 
сәулет сияқты өнердің басқа түрлеріне қарағанда ғылыми және техникалық 
жаңалықтар, қоғамдық қатынастардағы төңкерістер мен мәдениеттегі жоғары 
сілкіністер болған ХХ ғасырдағы адамзаттың дамуының жоғары сатысында 
пайда болды және дамыды. 
Қазақстан аумағында алғашқы киносеанс 1910 жылы болды. Бірақ бұл 
айтулы күн өлкедегі кинематографтың бірлескен таралуының басы болып 
табылмайды. Бұл жай ғана алыпсатарлардың кино нарығын жаулауға деген 
әрекеті еді. Сол кездегі кинотехниканың өте төмен деңгейі, өлкенің 
экономикалық тұрғыдан артта қалуы, халықтың шашыраңқы орналасуы мен 
жолсыздық жағдайы фильмдердің тұрақты болмауына және барлық жерде 
көрсете алмауға себепкер болды. Сол кезеңде фильмдерді тек кейбір ірі 
қалаларда ғана көруге болатын, ал алыстағы ауылдардың көп жылдар бойы 
кино туралы ешқандай мағлұматтары болмады. 
1925 жылдан бастап Қазақстанның кинодағы алғашқы қадамдары 
жасалды. Бұл Қызылорда қаласында өткен Республика Кеңесінің V съезінде 
хроникалық түсірілімдер еді. 1925 жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі 
фильм түсірілді. «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы»
атты атаудың өзі 
оның мазмұнынан хабар беріп тұрғандай. Фильмде қазақ даласындағы Кеңес 
өкіметінің алғашқы қадамдары, құрылғанына бес жыл болған жас 
республиканың табыстары туралы баяндалады. Кинематограф осы фильмнің 
пайда болған сәтінен бастап Қазақстан еңбекшілерінің өмірінен алынатын 
тақырыптарға қызығушылық танытады және қазақтар туралы фильм жасауға 
әрекет етеді. Кино қазақ халқы үшін неғұрлым қол жетерліктей көрініске 
айналды. Көшпелі кино алыс ауылдарға барып, хроникалы-деректі, үгіт-
насихат түрдегі фильмдерді көрсетті. 
Қазақстанға арналған алғашқы көркем фильмдер экранға өткен ғасырдың 
20-
30 жылдары шықты. «Боран», «Дала әні», «Жұт», «Түрксиб», «Тайна 
Каратау», «Жау соқпағы» кино фильмдерінде қазақ халқының тұрмыс 
салтының әртүрлі жақтары баяндалады. Осындай кинолардың пайда болуы 
республикадағы дамып келе жатқан кино өнерінде елеулі жаңалық болып 


94 
табылды және патшалық Ресейдің артта қалған түкпірлерінде мәдени 
революцияның дамуына маңызды әсер етті. Бұл кинолар ұлттық қазақ кино 
өнерінің іргетасын қалады. Қазақстанның ұлттық кино өнерінің пайда болуы 
мен дамуына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері белсене қатысты, мысалы, 
Мұхтар Әуезов - «Райхан», «Абайдың әні» фильм сценарийлерінің авторы;
Ғабит Мүсірепов, «Амангелді», «Махаббат туралы поэма», «Сарбаздың ұлы», 
«Қыз-Жібек» сценарийлерін жазған; Әбділда Тәжібаев, оның сценарийі 
бойынша «Жамбыл», «Бұл Шұғылада болған» фильмдері түсірілген. 
Республикадағы жетекші драматургтердің бірі - Шахмет Құсайынов Владимир 
Абызовпен бірге «Қыз-жігіт», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің сценарийін 
жазды. Бұл жазушылардың Қазақстан кинематографиясының дамуына қосқан 
үлесі тек сценарийлер жазумен ғана шектелмей, «Қазақфильм» 
киностудиясының барлық қызметіне белсене қатысумен, жаңа шығармашылық 
және режиссерлік сценарийлерді талқылау, фильмдегі актерлерді рольдерге 
бөлу, картинаның музыкасын, декорациялардың эскизін және персонаждардың 
костюмдерін бекіту, түсірілген материалдарды көру, түсіріліп біткен 
фильмдерді экранға шығару туралы мәселелерді қарастырудан тұрады. Олар 
қазақ киносының шығармашылық бағыттағы жекелеген проблемалық 
мәселелер бойынша пікірталастарға белсене қатысты. Олардың қызметі 
тұрақты және іскерлік сипатта болды. Мұхтар Әуезов, мысалы, өмірінің соңғы 
күніне дейін «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық кеңесінің 
мүшесі болды. 
Бұл жазушылардың шығармашылығының ең бастысы мынада, олар 
ұлттық кино өнеріне проза, поэзия, драматургия сияқты қазақ көркем 
әдебиетінің әртүрлі жанрдағы бай тәжірибесі мен дәстүрін әкелді. Бұл мазмұны 
бойынша әлеуметтік және түрі бойынша ұлттық өнер ретінде отандық 
кинематографияның қалыптасуындағы шешуші қадам болып табылды. 
Республикадағы кино өнерінің қалыптасуы мен дамуындағы актерлердің ролін 
қайта бағалау қиын. Бұл ретте қазақ киносы әлемдік көркем кинематография 
толық мағынада қызықты және сөйлейтін кезеңде пайда болғанын, яғни кез 
келген халықтың көркем киносы актерсіз болмағанын ескеру қажет. 
Актерлердің ролі енді ғана қалыптасқан ұлттық кино өнерінде маңызды еді. 
1926 жылы алғашқы қазақ театры ашылды. Оның актерлік құрамы 
негізінен көркемөнерпаздар есебінен жинақталған еді, олардың арасында 
тамаша әртістер шықты: Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай 
Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Шәкен Айманов, 
Қапан Бадыров және т.б. Олар ұлттық театр өнерінің және республикадағы 
кинематографияның алғашқы қарлығаштары еді. Олар түспеген бірде-бір қазақ 
киносы жоқ. Олар бір картинадан келесі картинаға дейін шығармашылық 
жағынан шарықтады, кино актерінің шеберлік ерекшеліктерін табанды игере 
отырып, ұлттық кинематографияның алға қарай дамуына маңызды үлес қосты. 
Киноға тұрақты түсетін актерлердің қатары жыл сайын толығып отырды. 
Нұрмұхан Жантөрин, Әмина Өмірзақова, Ыдырыс Ноғайбаев, Сейфолла 
Телғараев, Кененбай Қожабеков, Зәмзәгүл Шарипова, Лола Әбдікарімова, 
Фарида Шарипова, Сәбира Майқанова, Асанәлі Әшімов, Рахметолла Сәлменов, 


95 
Қасымхан Шанин және т.б. фильмдерге түсіруде өздерінің жарқын таланттарын 
көрсете білді. Қазақ актерлері түскен Абай – «Абайдың әні», Нұржамал «Дала 
қызы», Амангелді «Амангелді», Амантай «Ботагөз», Жамбыл «Жамбыл», 
Шоқан «Оның сәті келді», ана «Ана туралы аңыз» кинолары кеңестік 
кинематографияның алтын қорына енді.
Қазақстанның ұлттық кино өнерінің дамуына республиканың кескіндеме 
және музыка өнерінің өкілдері де маңызды үлес қосты. Осыған байланысты 
алғашқы қазақ суретшілерінің бірі – Құлахмет Қожықовты атап өтуге болады, 
ол Абай Құнанбаев пен Тарас Шевченконың шығармаларына иллюстрация 
жасаған. Оның үлкен талант екенін «Ташкент трактісі» және «Ауыл» 
суреттерінен көруге болады. Өз халқының өмірі мен тұрмысын терең білу, 
айналадағы құбылыстардың мағынасын анық әрі дәйекті бейнелей білуі 
Құлахмет Қожықовта оның кинодағы алғашқы жұмысында - «Жамбыл» 
фильмін көркем рәсімдеу нобайында байқалды (1943). Суретші жай кескін 
сызықтар арқылы қарындашпен қазақтардың ауыр өмірі мен қайғысын таныта
білді, сәтті композициялық және бейнелеу-эмоциялық шешімдерді тапты. Қазақ 
киносының ұлттық өзіндік ерекшелігі фильмдердің экстерьері мен интерьерінде 
бейнеленді. Құлахмет Қожықов «Абайдың әні», «Алып туралы ән», «Домбыра 
үнімен», «Бұл шұғылада болған», «Менің атым Қожа», «Алдар көсе» 
фильмдерінде декорациялық элементтердің көлемді-кеңістігін, қазақ 
даласының табиғатын, тұрмыстық жайларды сәтті бейнеледі. Орта Азия мен 
Қазақстан Республикаларының төртінші кинофестивалінде (1965) «Алдар көсе» 
фильмінде сәтті кескіндемелік бейнелеулер көзге түсіп, Құлахмет Қожықов 
арнайы дипломмен марапатталды. 
Республиканың жетекші композиторлары Мұқан Төлебаев, Евгений 
Брусиловский, Сыдық Мұхамеджанов, Еркеболат Рахмадиев, Нұрғиса 
Тілендиев, Ғазиза Жұбанова көптеген фильмдер үшін музыка жазды. Олар 
біздің жазушыларымыз, актерлеріміз, суретшілеріміз сияқты жас қазақ кино 
өнеріне өз жанрындағы бай тәжірибе мен дәстүрлерді енгізді. ХХ-ғасырдың 20 
жылдарына дейін Қазақстан аумағында тек жиырма киноқондырғы ғана жұмыс 
істесе, ал 1963 жылы алты жарым мың киноқондырғы жұмыс істеді. 
Фильмдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару фонограммасы бойынша жасалған 
жұмыстың арқасында көп ұлтты кеңестік кинематографияның және шетелдік 
кинолардың ең озық туындылары қазақтар үшін үлкен жетістік болды. Көркем, 
деректі және ғылыми-танымал фильмдерді кеңінен көрсету, олардың халықтың 
көп көруі, еңбекшілердің эстетикалық талғамын арттыруға елеулі үлес қосты. 
Кино бұқаралық және қол жетерлік өнер ретінде қазақ халқының өмірлік 
қажеттілігіне айналды. Бұл жағдайдың ерекшелігі, өйткені көрермендердің 
фильмдерді бағалай білуі маңызды. Көрерменді тәрбиелеу, көрерменннің 
бойында белгілі бір эстетикалық талғамының болуы мен көзқарасы кино 
өнерінің табысты дамуын қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі болып 
табылады. 
Қазақ театр, музыка және кескіндеме өнерінің, көркем әдебиеттің, ғылым 
мен техниканың қарқынды дамуы, халықтың мәдени, жалпы білім беру 
деңгейінің үздіксіз артуы, ұлттық зиялық қауым өкілдерінің өсуі, қазақ кеңестік 


96 
кино өнерінің қарыштап алға дамуына мүмкіндік берді. Бұл, әрине, заңды 
құбылыс, өйткені кино синтетикалық өнер ретінде талантты актерлерсіз, 
суретшілерсіз, композиторларсыз, кинодраматургияның дамуына үлес қосатын 
жазушыларсыз пайда болып әрі дами алмас еді. Қазақ киносы бірнеше күрделі 
кезеңдерді бастан кешті – ұзаққа созылған қажырлы күрестер мен ізденістер 
кезеңі, танымды көріністен жасанды өнерге дейін кинематографияның даму 
мерзімі. Қазақ киносы қазіргі заманғы кинотехниканың дыбысталу, түрі және 
басқа жетістіктері танылған және табысты игерілген кезде, қазақ мәдениетінің 
барлық салалары жан-жақты кәсіби дами бастаған кезде пайда болды. Алайда 
қазақстандық кино өнері шашыраңқы пайда болған деген тұжырым жасауға 
болмайды, қазақ көркем әдебиетінің қалыптасуы, сондай-ақ республикада 
театр, музыка және кескіндеме өнерінің қалыптасуымен бірге дамыды.
1929 жылы Алматы қаласында "Востокфильм" Бүкілресейлік трестің 
өндірістік бөлімшесі болып табылатын алғашқы киностудия құрылды. 
Монтаждау және мультипликациялық зертханалар, жазуларды түсіру бойынша 
цех құрылды. "Востокфильм" трестің өндірістік бөлімшесі оны 
ұйымдастырушылардың пікірлері бойынша Алматы қаласында болашақта 
киностудияны құру үшін база болуы тиіс. Алайда "Восток-фильм" трестің 
өндірістік қазақ бөлімшесі аз уақыт қана жұмыс істеп 1931 жылы жабылып 
қалды. "Востоккино" басқармасы барлық жұмыстарды Мәскеуге ауыстырды. 
Бөлімшенің жабылу себептері, негізінен, техникалық базаның әлсіз болуы және 
кино үшін сценарийлердің болмауы еді.
Өткен ғасырдың 30-жылдардың алғашқы жартысында қазақ көркем 
әдебиеті нығаю жолына түсті. 20-жылдардың екінші жартысында құрылған 
қазақ театры көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. Сол кезеңде 
Қазақстанның музыкалық мәдениеті шығармашылық тұрғыдан биікке 
көтерілді. Қазақ кескіндеме өнері кәсіби шеберлігі жағынан да дамыды. 
Қазақстанның ұлттық кино өнерінде кино өндірісінің техникалық базасы 
болмады, сондай-ақ инженерлік-техникалық және шығармашылық кадрлар 
болмады. Бұл ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі әсер етті. Қазақ киносының 
алғашқы қарлығаштары өнердің жаңа түрін жасау мен дамыту үшін туған 
мәдениетінен барлық керекті, пайдалы және іске асатын жайларды зерделеуге, 
талдауға және пайдалануға тырысты. Бірақ, кино өнерінің дамуы үшін, ең 
бастысы, күшті материалдық-техникалық базасының, маман кадрлар мен 
кинодраматургияның кәсіби шеберлері болуы тиіс еді. Олар бір-бірін 
толықтырады, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Алматы қаласындағы кино 
өндірісінің тоқтап қалуы және Қазақстан туралы фильмдер бойынша жасалған 
барлық жұмыстардың Мәскеу қаласына ауыстыру кино өндірісіндегі осы негізгі 
үш компоненттің болмауына байланысты. Тек үш жылдан кейін ғана бұл 
проблема шешімін тапты, яғни 1934 жылы Алматы кинохроника студиясы 
ұйымдастырылды. 1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссары Кеңестің 1941 
жылғы 12 қыркүйектің № 762 Қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер 
киностудиясы құрылды. 1941 жылдың 15 қарашасында Алматы киностудиясы 
Қазақстанға 
қоныс 
аударған 
«Мосфильм» 
және 
«Ленфильм» 
киностудияларымен бірге – Біріккен Орталық киностудиясының құрамына 


97 
енді. Ол БОК Алматы қаласында 1944 жылға дейін жұмыс істеді, соғыс 
жылдарында барлық отандық шығармашылық фильмдердің 80%-ы түсірілді. 
1944 жылы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы Алматы көркем және 
хроникалық-деректі фильмдер киностудиясы деп аталды. 1945 жылы 
«Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары көшіп кеткеннен кейін, 
Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясы дербес 
жұмыс істей бастады. Осылайша, алғашқы кезеңде қазақстандық 
кинематографтың қалыптасу процесі күрделі және бірқатар кемшіліктерге 
толы болды, мысалы, көркем әдебиеттің, актерлердің, композиторлардың, 
суретшілердің, материалдық-техникалық базасының, біліктілігі инженер-
техникалық кадрлардың жетіспеушілігі, жоғары өндіріс мәдениетінің төмен 
болуы. Бірақ кейін 50-жылдарға қарай бұл проблема мүлдем жойылды және ХХ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап отандық кино индустриясының өрлеуі 
байқалады.
Қазақстанның кино өнері туған халқының рухани мәдениетін дамытуға өз 
дарыны мен шеберліктерін беруге тырысқан хас таланттардың тегеурінді 
ұмтылыстары арқасында дамыды. Қазіргі кезде бұл адамдар үлкен 
шығармашылық өмірмен өмір сүретін және өзінің барлық күш-жігерін үздік 
кино туындыларын шығаруға жұмсайтын ұжымды құрайды. Бұл ұжым 
«Қазақфильм» киностудиясы. Қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткерлерінің 
шығармашылық табыстары олардың табанды, жігерлі ізденістерімен, неғұрлым 
мазмұнды жаңаша ізденістерге ұмтылуы, барынша өткір және көкейкесті 
проблемаларды шешуге, барынша көркем түрлерді таңдауға деген 
шеберліктерімен байланысты. Осы ізденістер нәтижесінде халық барынша 
ұнатқан фильмдер пайда болды: «Қыз-жігіт», «Біздің сүйікті доктор», «Ана 
туралы аңыз», «Менің атым Қожа», «Алдаркөсе» және т.б. Кеңес кезінде қазақ 
киносының туындылары Бүкілодақ экранында табысты көрсетілді. Қазақстан 
кинематографисттері Мәскеу, Ленинград, Киев, Минскіде бүкілодақтық 
кинофестивальде және Азия мен Африка елдерінің халықаралық 
кинофестиваліне қатысты. Көптеген қазақ режиссерлері мен актерлері осы
фестивальде құрмет дипломдарымен марапатталды.
Кино күрделі өнер ретінде тек өнер адамдарынан да, басқа мамандықтағы 
адамдардан да, мысалы костюмерлер, реквизиторлар, грим жасаушылар, 
монтаж жасаушылар, режиссердің ассистенттері, операторлар, суретшілер, 
өндірістік цехтың шеберлерінен де ұжымдық күш-жігерді талап етеді. Оларды 
әдетте фильм титрінде көрсетеді, картинаның жасалуына маңызды үлес қосады. 
Қазақ кино өнеріне өзінің бүкіл саналы ғұмырын арнаған тұлғалардың 
қатарында Ф. Лелюх, А. Шевелев, К. Юманков, 3. Бошаев, Т. Бейбітов, Е. 
Дергачева, инженерлер Ю. Бреус, Е. Белоконь, Л. Касперский және т.б. бар. 
Қазақ киносының дамуына айтарлықтай үлес қосқандар кино өнерінің шынайы 
патриоттарына айналды. 
Шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатары
жыл сайын жас мамандармен толықтырылып отырды, олар арнайы білімді 
Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтында және 
Ленинград киноинженерлер институтында алған. Олардың кейбіреулері қазіргі 


98 
кезде атақты режиссерлер. «Қазақфильм» киностудиясы құрылған сәттен 
бастап жарты ғасыр өтті. Студия жыл сайын кеңейеді, өндірістік технология 
жетілдіруде. Қазақ кино өнерінің даму перспективасы жаңа түсіру алаңдарын 
салу, республиканың табиғи-климаттық мүмкіндіктерін барынша пайдалану 
қажеттіліктерін тудырды. «Қазақфильм» киностудиясының құрылу тарихынан 
бастайық. 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің
бұйрығымен бұл студия «Қазақфильм» киностудиясы деп аталды. 1984 жылы
«Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті өкілі 
Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді. Шәкен Айманов – қазақ 
кинематографының жетекші актері мен режиссері, КСРО халық әртісі, аңыз 
әңгімелердің басты кейіпкері – Алдар көсе туралы фильм түсіруді көп жылдар 
бойы армандаған. Ол осы фильмнің идеясын өзі ұсынған және барынша 
жарқын эпизодтарты таңдап алды. Фольклорлық тақырыпқа арналған бірде бір 
қазақ фильмінің болмауы оның жанына қатты батты. Осындай картинаның 
кейіпкері болуы үшін оның өзі халықтың арасында барынша танымал болуы 
тиіс еді, әзіл-оспақты жаны сүйгіш, қалжыңқой, шаршауды білмейтін Алдар 
көсе сияқты көңілді болуы тиіс еді. Шәкен экранда халықтың сүйікті кейіпкерін 
барынша анық бейнелеуге тырысты. «Ол Алдар көсе бойынан өз халқының 
талантын көргендей, қолында қылыш тұрса, аузында ақыл, даналық есетін 
кейіпкер еді», - деп еске алады сценарий авторы Л. Варшавский. 1964 жылы 
«Алдар көсе» фильмі экранға Ш.Аймановтың қоюымен шықты. Бұл 
фольклорлық материалды пайдаланудың бай тәжірибесі еді, бір сюжеттен басқа 
сюжетке ауысып отыратын ертегі кейіпкері нақты биографияға ие болды.
Қазақ көркем кинематографының бастауы 1938 жылы шыққан 
«Амангелді» киносынан бастау алады. Бұл ұлттық фильм жасаудағы алғашқы 
әрекет еді, «Ленфильм» киностудиясы базасында түсірілді. Қазақ халқының 
даңқты ұлы, азамат соғысының батыры Амангелді Иманов туралы кино түсіру 
идеясы көрнекті жазушылар Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповке тиесілі 
еді. Қазақстанның тумасы, сол кезеңде атақты драматург, жазушы Всеволод 
Иванов сценарий жазуға шығармашылық тұрғыдан көмектесті. Ол қазақ 
халқының тарихын, салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеді, ал Б.Майлин мен 
Ғ.Мүсірепов драматургиялық шеберліктің негізін қалады. 
«Амангелді туралы фильм» - қазақ халқының шынайы өміріне арналған 
алғашқы толық метражды фильм. Кеңестік кинематографияның озық дәстүрін 
жалғастырды: «Чапаев», «Біз Кронштадттанбыз», - деп жазды «Казахстанская 
правда» газеті. Ерлік пен батырлыққа толы бұл кинолента төңкеріс алдындағы 
қазақ даласының шынайы бейнесін айқын көрсете білді. 1916 жылы Торғай 
даласындағы ұлт-азаттық қозғалысын бастаған Амангелді Имановтың 
қаһармандық бейнесі халықтың төңкеріс алдындағы толқуларын тудырды. 
Сценарийдің өзінде болашақ фильмнің халықтық идеясы анық ескерілді. Ол 
идея экранда шеберлікпен берілген. Картинаның режиссері М.Я. Левин әлі жас 
ұлттық кино үшін осы алғашқы кино туындының маңыздылығы мен мағынасын 
түсіне отырып, фильмге үлкен жауапкершілікпен қарады. Екінші режиссер 
ретінде кино саласында елеулі тәжірибе жинақтаған Б.А. Медведевті және бас
оператор ретінде түсірудің майталман шебері X.М. Назарьянцты шақырды. 


99 
Фильмге арнап жазылған музыканы жас композитор Ахмет Жұбанов жазды. 
Басты рольдерге ұлттық сахнаның маңдай алды актерлері шақырылды – Елубай 
Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Сералы Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова,
Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков. Олар кейін естеліктерде 
жазғандай, сол кезде өздерін ишара, ыммен сөйлеу, қозғалысты, ырғақты 
бақылауға қабілетті театр сахнасының кәсіби шеберлері ретінде сезінгендерін 
айтады. Бірақ камера алдындағы алғашқы жұмыс кинода театр тәсілдері мен 
әдістерін соқыр түйсікпен қолдануға болмайтынын түсінді, яғни өнердің жаңа 
түрі жаңа техниканы, жаңаша актерлік ойындарды, жаңаша кино мәдениетін 
талап етті. Осылайша, кинематограф актерлерге жаңа мүмкіндіктерді іздестіру, 
актерлік шеберлігінің ауқымын кеңейтуде қатаң талаптар қойды. 
«Амангелді» фильмінің экранға шығуы республиканың мәдени өмірінің 
үлкен жаңалығы болып табылды. Фильм түсірушілер Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Демек, алғашқы қадам 
жасалды, алайда тұтқиылдан басталған соғыс әлі жас қазақ 
кинодраматургиясының жүзеге асатын көптеген жоспарларына кедергі жасады. 
1941 жылы Алматыда Біріккен Орталық киностудиясы (БОК) құрылды, оның 
құрамына Алматы киностудиясымен қатар Алматыға қоныс аударған 
«Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары жұмыс істеді. Олардың 
республикаға келуі, жергілікті мәдениет өкілдерінің кәсіби шеберліктері 
жоғары мамандармен - С.Эйзенштейн, В. Пудовкин, И. Пырьев, Б. Бабочкин, В. 
Марецкой, Э. Тиссэ, И. Москвин және т.б. тығыз шығармашылық жұмыс істеуі 
өз жемісін берді. Орта буынды мамандарды оқыту қолға алынды, актерлік 
киномектебінде әртістердің біртуар саңлақтар тобы қалыптасты, өз
сценаристері, режиссерлері, операторлары пайда болды. Соғыстың ауыр 
күндері, қаза тапқандардың санының артуы, орны толмас шығындар, ел басына 
төнген қауіпті күндерді сейілту үшін халықтың біртұтас жұмылуы мен жеңіске 
деген берік сенім қазақ және орыс халқының мызғымас достығын нығайтты. 
Мұның барлығы қазақ кинематографисттерінің тұтас буыны үшін үлкен кәсіби 
мектепке айналды. Осы тығыз байланыс мәскеуліктер мен ленинградтықтар 
көшіп кетсе де жалғаса берді. Бұған дәлел соғыстан кейінгі жылдары қазақтың 
атақты ақыны туралы Н.Погодин мен Ә.Тәжібаевтың сценарийі бойынша 
режиссер Е.Дзиган «Жамбыл» фильмін түсіруі, кинода төңкерістен кейінгі 
қазақ халқының өмірінен орын алған өзгерістер арқау болған. 
Фильмге республикамыздың атақты актерлері – Құрманбек Жандарбеков, 
Қапан Бадыров, Кененбай Қожабеков және театр мен кинода өнердегі жолын 
бастаған Шәкен Айманов түсті. Режиссер Ефим Дзиганның көреген даналығын 
атап өтуге болады, яғни Шәкеннің бойындағы тұнып тұрған күшті және 
шығармашылық ауқымдылықты тани білді. Айманов бейнелеген көреген абыз, 
ақын, туған халқының ұлы - Жамбыл бейнесі актерлік шеберліктің жарқын 
шыңы болып қала береді. «Жамбыл» фильмі біздің елімізде және шетелде де 
көрермендер қуанышына ие болды. Қазақ халқының музыкаға, әнге, күйге, 
әзілдер мен өткір қалжыңдарға деген сүйіспеншілігі кинокомедия жанры 
бойынша экрандағы көріністерден орын алды. Осы жанрдағы фильмдер 
түсірудің алғашқысы әрі сәтті түскені Ш. Құсайынов пен В. Абызов сценарийі 


100 
бойынша түсірілген «Қыз-жігіт» комедиясы. Көрікті қыз Ғалия мен бақташы 
жігіт Айдардың арасындағы махаббат тарихы бір сюжетті құрайды, онда 
комедиялық жағдайлар көп, диалогтар өткір қалжыңдарға толы, сатиралық 
эпизодтары көп. Басты рольдегі Лола Абдукаримованың бейнесі ерекше 
мерекелік көңіл күй танытады, оның ролінен көңілді тентек қызды, қыздарға 
тән қулықты, батыл шабандоз қызды көруге болады. Сонымен қатар тамаша
актерлік ансамбльді М. Сүртібаев, К. Қожабеков, К. Байсейітов, В. Сошальская, 
С. Телгараев, Б. Римова, С. Қожамқұлов және т.б. болды. 
Осы кезеңде тамаша қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев (1904-1973) –
Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР халық суретшісі тамаша өнер 
туындыларын салды. Қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, 
кескіндемеші, график-суретші. 1929-1936 жж. Н.Г.Хлудов (Алматы қ.) және 
И.И.Бродской (Мәскеу қ.) шығармашылық студияларында білім алған. ХХ
ғасырдағы Қазақстанның өзіндік шығармашылық жылнамасын құрайтын 2000 
астам картиналар, акварельдер мен суреттердің авторы. Оның жұмысының 
негізгі бөлігі Алматы мен Мәскеу қалаларының мұражайларында сақталуда. 
Суретші қордың құжаттық материалдарын сыйға тарту ретінде 1962 жылы 
мұрағатқа тапсырған. Оларды сипаттау нәтижесінде 96 іс тұжырымдалды, сол 
бойынша тізімдеме жасалды. 1927-1962 жылдар кезеңіне жататын қордың 
құжаттық материалдарының негізгі бөлігі суретшінің жасанды картиналары 
мен нобайлары (май, акварель, қарындаш) арқылы берілген. Қор құрамында 
биографиялық сипаттағы құжаттардың шағын тобы бар (фотографиялар, 
суртешінің сөйлеген сөздерінің мәтіндері, Ә. Қастеевтің шығармашылығы 
туралы пікірлер мен рецензиялар). 
Николай Гаврилович Хлудов – алғашқы орыс суретшілерінің бірі, соның 
арқасында XIX ғасырда кескіндеме өнерінің нақты мектебі қалыптаста бастаған 
және сол бойынша Қазақстан аумағында өзінің ізбасарлары пайда бола 
бастаған. Суретші саяхатқа көп шыққан, Орта Азия мен Қазақстанның өмірі 
мен тұрмысын бейнелейтін суреттер салған, соның негізінде оның кескіндеме 
туындары жарық көрген. Қазақстанның алғашқы суретшілері: Ә.Қастеев, 
А.Бортников, Н. Савельев. С. Чуйков сияқты суретшілердің кәсіби тұрғыдан 
дайындалуы үшін шеберханасын берген, олар сурет пен композицияның 
негіздерін меңгеріп, ең бастысы, табиғатқа және адамзат баласына деген 
сүйіспеншілікті шығармаларына арқау етті. 1920–1930 жж. коллекция, 
негізінен, шынайы салынған акварельдер және суреттермен салынды. Ә. 
Қастеев, А. Исмаилова, К. Ходжикова, X. Ходжиковалардың алғашқы 
жұмыстары сол кезеңді бағалаумен, бейнелеудің айқындығы, терең жеке және 
ішкі сезімдерді айқын бейнелеумен құнды.
Кеңес халқы үшін ХХ ғасырдың 30-50 жылдары азапқа толы жылдар 
болды, өйткені сол кезеңде саяси репрессиялар жүзеге асырылды. ГУЛАГ 
(лагерьлерді бас басқару) КСРО-ның барлық аймағында «өрмекші тор» күйінде 
торлап алды, ИТЛ – түзету еңбек лагерьлері. Оның ірі бөлімі «КарЛАГ» еді, ол 
Долинка кентінің ортасында орналасқан, Қазақстан лагерьлерінің барлық 
жүйесі бойынша КарИТЛ орналасады. Лагерьге келген тұтқындар арасында –


101 
Александр Леонидович Чижевский, Лев Михайлович Премиров, П.Антипов, 
А.Васильева, Ю.Й.Соостер суреттері сақталған. 90 жылдары осы тақырыпты 
қарағандылық суретшілер С.Калмаханов, А.Осипенко, А.Цой, П.Реченский 
репрессияға ұшыраған адамдардың қайғы-қасіретін көрсете білген. Карлаг 
тұтқыны – Фризен Павел Петрович (1887-1978) мерзімін өтеп шыққаннан 
кейін Қарағанды қаласында қалды, Кеншілер мәдениет сарайында қалалық 
кескіндеме студиясын көп жылдар бойы басқарды. Қоныс аударылған неміс 
ұлтынан Владимир (Вольдемар) Александрович Эйферт (1884-1960) – көрнекті 
кескіндеме, педагог және 50-жылдардағы Қарағанды кескіндеме студиясын 
басқарды. 
Солардың арасында Долинка кентіндегі Карлагта, Малиновка кентіндегі 
(АЛЖИР) «Гулаг суретші әйелдері» 30-50жылдары: Ермолаева Вера 
Михайловна (1893-1937) – көрнекті кескіндемеші, кітап график-суретшісі. 1935 
жылы тұтқынға алынған және «КСРО НКВД
кезіндегі ерекше кеңестің» 
шешімімен «әлеуметтік қауіпті элемент» (ӘҚЭ) бабы бойынша ИТЛ-ға 3 жыл 
мерзімге сотталған. Мерзімі аяқталған соң 1937 жылы Қарағандыда ату 
жазасына кесілген. 
Изнар Наталья Сергеевна (1893-1967) - жоғары білікті суретші, акварельші. 
Ол Мәскеу қаласында 1937 жылы желтоқсанда сотталған, Бутырка түрмесінен 
Қазақстанға ауыстырған, бастапқыда «АЛЖИР», кейін «КАРЛАГ», онда 
Долинка кентінің орталық клубында безендіруші суретші болып жұмыс істеген.
Соғыс жылдары Қазақстан Суретшілер Одағы Ресей мен Украинаның 
орталық аудандарынан суретшілерді қабылдады, кескіндемешілердің,
скульпторлардың, графикші суретшілерге тапсырыс көп болды. Қазақстан 
жерінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, депортацияланған, репрессияланған, 
суретшілердің туындыларды салу техникасы мен тақырыбының алуан түрлігі 
ұлттық мектеп туындылары ретінде мұражай жинағына енді. Бұл кездейсоқ 
емес. Суретшілер өздерінің екінші Отанын сүйді, Қазақстан тұрмысы мен 
табиғатына үйреніп, сіңіп кетті. 
1950-
жылдардың соңында Мәскеу, Ленинград, Харьков қалаларының ЖОО 
арнайы шығармашылық білім алған алғашқы ұлттық суретшілер шықты. Бұл 
ұрпақ Кеңес Одағының танымал суретшілер қатарына батыл енді. Әртүрлі 
кезеңдегі жұмыстар Қазақстанның шығармашылық ерекшеліктерінің даму 
эволюциясына көңіл аударуға мүмкіндік береді. К.Телжанов, Н. Нұрмұхамедов, 
М. Кенбаевтың туындылары мағынасы, тақырыбы, орындау техникасы 
жағынан ауқымды, С. Мамбеев полотносы шабытқа толы. Олардың пайда 
болуы өз кезінде Қазақстан өнерінің жаңа шынайы беттері ретінде қабылданды. 
А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова жаңа сахналық және кинематографиялық 
бейнелерді жасауға белсене қатысты. Қазақстан мүсіншілері Х.И. Наурызбаев, 
Б.А. Төлеков мұражай коллекциясында берілген өткен заманның және қазіргі 
кезеңнің көрнекті адамдарының портреттерін бейнеледі. Суретшілер тарихи 
шеңберде шектеліп қалмай, өз кейіпкерлерінің ішкі әлемін, оның жан дүниесін, 
нәзік қырларын таба білуге және анықтауға, соны бейнелеуге ұмтылды. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет