Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы


Кеңестік кездегі Қазақстанның музыка



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Кеңестік кездегі Қазақстанның музыка
және театр өнері 
 
 
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің 

«Қазақстан тарихы» кафедрасының
профессоры, т.ғ.к.
С.Д. Шаймұханова 
 
Төңкерістен кейінгі алғашқы он жыл ішінде қазақ кеңес музыка 
мәдениетінің қалыптасу тарихы музыканы танудың маңызды салаларына 
жатады. Осы процестерді зерттеу қажеттілігі айқын. Бәрінен бұрын, 
республиканың жаңа социалистік музыка мәдениетінің қалыптасуы сол 
процестерге байланысты екені белгілі. Кеңес өкіметі өткір идеялық-саяси күрес 
пен экономикалық қиыншылықтарға қарамастан еңбекшілерді рухани байытуға 
бағытталған іс-шаралар мен акцияларды жүзеге асыруға белсенді мүмкіндік 
берді. 
Музыка өнері қазақ халқының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды 
орын алады. Дәстүрлі қазақ музыкасы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып келе жатыр. Дәстүрлі қазақ музыкасының тілі өте бай, ғасырлар 
бойғы халықтың тарихы осыған дәлел. Қазақ музыка өнері – бұл адамның ішкі 
әлемінің, оның жан дүниесінің, рухани байлығының сарқылмас көзі. Кеңес 
өкіметінің алғашқы күндерінен бастап қазақ музыкасы мен қазақ әндері 
большевиктер партиясы тарапынан зер салып қадағалау объектісіне айналды. 
Семей облысының ақындардың бірінші слеті 1919 жылы Верный қаласында 
жүргізілді. Халықтың шығармашылық мұрасын жинау мен жүйелендіру 
бойынша жұмыстар Азамат соғысынан кейін бірден басталды.
1921 жылы Негізгі саяси-ағарту комитеті құрылды, оның музыка бөлімі 
халық музыкасын жазып, музыкалық ұжымдарды ұйымдастырды. 
Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге 
жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп 
болғаны анық. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, 
саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да 
дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-кұй аспаптарын жасап алады 
екен. Музыкалық аспаптарды сипаттау, кейде оларды бейнелеу Қазақстанда 
болған саяхатшылар мен ғалымдардың жазбаларында, батырлар жырында, аңыз 
әңгімелерде, халық дастандарында кездестіруге болады. Қазақ музыка 
аспаптарын Мәскеу мен Ленинград қалаларының мұражайынан табуға болады. 
Көптеген музыка аспаптарының ұмыт болғанына қарамастан (үрмелі, 
ұрып ойналатын) ән және аспаптар өнері дамыды, көрнекті композиторлар 
пайда болды. Қазақ музыкасының ауыздан-ауызға таралуы дала 
композиторларынан ерекше шығармашылық жағдай мен орындау шеберлігін 


85 
талап етті. Композитор тыңдаушылардың алдында міндетті түрде тамаша 
туындыларын орындап отырды. Ол музыкалық бейнедегі жаңаша бір 
тәсілдермен жаңа шығармаларын орындайтын. Бұл өте маңызды еді, өйткені 
әрбір композитор өз әндерін өзі айтуы тиіс еді. Сондықтан қазақ дәстүрлі 
аспаптық музыкасында өзінің айрықша ерекшеліктерін сақтап қалған орындау 
шеберлігінің стилі мен алуан түрлі мектебі қалыптасқан. 
Ертеде аспаптар негізінен аңшылық кезінде және әскери жорықтарда 
дабыл қағу үшін пайдаланылған. Қазақ музыка аспаптарын бес топқа бөлуге 
болады: 

үрлеп тартылатын үрмелі аспаптар – саз сырнай, қос сырнай, қамыс 
сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней; 

ішекті аспаптар – жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыра, қыл 
қобыз; 

сым тілшелі өзі дыбыс шығаратын – шаң қобыз немесе шаң қауыз, одан 
шығатын дыбыс жұқа металл тілшесі арқылы шығады, жеке топқа жатады; 

ұрып ойналатын аспаптар - даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл

дабыл, 
кепшік; 

сілку арқылы үн шығаратын музыкалық аспаптар: қонырау және 
асатаяқ. 
Қазақ халқының дәстүрлі аспаптар өнері оның әлеуметтік, тарихи-мәдени 
және рухани өмірінің әртүрлі даму кезеңінде өзіндік ерекшелік болып 
табылады. Тұтас алғанда қазақ халқының музыка мәденеті – ғасырлар бойы 
жалғасқан ұрпақтар сабақтастығының нәтижесі, оның ерекшеліктері халықтың 
өмір сүруімен байланысты.
Нағыз қазақ әнсіз өмір сүре алмайды. Құрманғазы, Тәттімбет, Дина 
Нұрпейісова, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Майра 
Шамсутдинова және т.б. аттары қазақтың музыка тарихына және әлемдік 
музыка мәдениетіне енді. Олардың шығармалары қазақ халқының мақтанышы, 
қазақ музыкасының классигіне айналды. Халық өзі барынша қадір тұтып 
құрметтеген, төбесіне көтерген әншілерді сал мен сері деп атаған. Әншілер, 
ақын- композиторлар, күйшілер әрдайым халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. 
Ғасырлар бойы қазақ даласындағы талантты композиторлар, музыканттар, 
әншілер, ақындарды атақты ел басқарған адамдармен, мемлекет 
қайраткерлерімен, батырларымен және ұлы қолбасшылармен, батырлармен 
қатар ардақтаған.
Белгілі ғалым-этнограф, композитор Александр Викторович Затаевич 
(1869-
1936) өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының музыкалық 
шығармаларын жинау мен оны бір ретке келтірумен айналасқан. Ол 
Қазақстанның көптеген облыстарында болып, 2300-дай қазақ әндері мен 
күйлерін жазып алған. 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні» деп аталатын 
еңбегін жарыққа шығарған, ал 1931 жылы «Қазақтың 500 әні мен күйі» деген 
еңбегі жарық көрген, онда қазақтың халық музыкасының теориясы мен тарихы 
туралы зерттелген. А.В.Затаевичке «Қазақ КСР халық әртісі» деген атақ берілді.
Затаевичтің шығармасы қазақ өнеріндегі көптеген хас шеберлердің 


86 
қалыптасуына үлкен әсер етті. А.Затаевичтің ұсынысы бойынша Париждегі 
әлем халықтарының этнографиялық концертіне Әміре Қашаубаев қатысты, ол 
қазақтың ән айту өнерін бүкіл дүние жүзіне танытты. Ж.Жабаев, К.Әзірбаев, И 
Байзақов, Т.Әміренов сияқты атақты ақындар мен музыканттар халық арасында 
кеңінен танылды. 
30-
жылдардың басында қазақ опера өнері пайда болды. 1934 жылы 
M.О.Әуезовтың қойылымымен И. В. Коцыктың музыкалық өңдеуімен «Айман-
Шолпан» спектаклі қойылды. 1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық 
театры, ал 1937 жылы – Қазақ опера және балет театры болып ашылды. Көп 
ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар 
бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана 
халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен 
(халық музыкасын И. Коцыктың өңлеуімен) танысты. Осы спектакльдерде 
әншілер Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер,
М.Ержанов, режиссёр Ж.Шанин және т.б. қатысты. 1934 жылы 
Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсы, кейін “Жалбыр” 
(1935) және «Ер-Таргын» (1937) қойылды. В.В.Великановтың «Қалқаман мен 
Мамыр» (1938) және И.Н.Надировтың «Көктем» (1940) деп аталатын алғашқы 
ұлттық балеттер қойылды. 30-40-жылдары қазақтың хормен ән айтуы мен 
романсы, камералық-аспаптар симфониясы мен хор музыкасы қалыптаса 
бастады. Радиокомитет жанында жаңа орындаушы ұжымдар пайда болды: 
симфониялық оркестр, орыс халық аспаптарының ансамблі, кеңестік бұқара 
әндері мен халық әндерінен хор. Р.Елебаевтың «Жолдастар», Л.Хамидидің 
«Қызыл қыран» және «Қазақ вальсі» әндері халыққа кеңінен таралды. 1939 
жылы Қазақ КСР композиторлар одағы құрылды. 1942 жылы Евгений 
Брусиловскийдің «Гвардия, алға!» операсы қойылды, кеңес халқының неміс 
басқыншыларымен күрестегі ерлігіне арналған. Қазақ музыкасының әрі 
қарайғы даму кезеңі Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы 
болды (1944 жылы қойылған), оның музыкасына Абай әуендері алынды. Сол 
кезде Е.Брусиловскийдің «Сарыарқа» деп аталатын 3-симфониясы жазылды, ол 
қазақ симфониялық музыкасының тұңғыш туындыларына айналды. 1944 жылы
Алматы қаласында барлық мамандықтағы ұлттық музыкант кадрларын 
тәрбиелеуде үлкен маңызы болды, ал 1945 жылы КСРО Ғылым 
Академиясының Қазақстан Президиумы жанында қазақ өнерінің тарихын 
зерттеудің негізін қалаған «Өнертану секторы» ұйымдастырылды. 1945 жылы 
Қазақ КСР Мемлекеттік әнұраны қабылданды (музыкасы - Е. Г. Брусиловский, 
М. Т. Төлебаев және Л. А. Хамиди, мәтіні А. Мұхаметханова, Ә. Т. Тәжібаев 
пен Ғ. М. Мүсірепов). 
Қазақ КСР «Қазақ хор капелласы», Құрманғазы атындағы халық 
аспаптары оркестрі, симфониялық оркестр, Қазақ телевидениесі мен 
радиосының камералық оркестрі, "Гүлдер" жастар эстрадалық ансамблі, 
Композиторлар одағы, Құрманғазы атындағы консерватория, музыкалық 
бөлімшелері бар бірнеше педагогикалық институттар мен мәдениет 
институттары, 11 музыкалық училище, 156 балалар музыка және көркемөнер 
мектептері жұмыс істеді. 


87 
Қазақстанның музыка мәдениетінің жетістіктері Мәскеу қаласында өткен 
қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігінде көрсетілді (1936, 1958). Мәскеуде 
және басқа қалаларда Қазақ КСР күндері өткізілді. Қазақ музыка өнерінің он 
күндігі Татар АКСР (1962), Армян КСР (1968), Өзбек КСР (1960, 1971) өтті; ал 
1968 жылы Қазақ өнерінің он күндігі Венгрияда өткізілді. 1973 жылы Алматы 
қаласында Азия халықтарының музыкасына арналған ЮНЕСКО-ның 3-
халықаралық музыкалық трибунасы өтті. 
ХХ ғасырдың 40-70 жылдары қазақ музыка өнерінің қарыштап әрі қарай 
даму кезінен айналды. Республикада бұл кезеңде Абай атындағы академиялық 
опера мен балет театры, Мемлекеттік филармония, Хор капелласы. Құрманғазы 
атындағы халық аспаптары оркестрі, ән мен би ансамблі, симфониялық 
оркестр, "Гүлдер" жастар эстрадалық ансамблі, «Досмұқасан», «Айгүл» жұмыс 
істеді.
Қазақ ақындары, КСРО халық әртістері Р. Бағланова, Е. Серкебаев, Б. 
Төлегенова, апалы-сіңлілі музыканттар Нақыпбековалар, А. Мұсаходжаева, Г. 
Кадырбекова, дирижер Т. Мыңбаев, әншілер М. Мұсабаев, Р. Жұбатұрова, А. 
Дінішев, Р. Рымбаева, Г. Есімов және т.б. бүкіл дүние жүзіне танымал болды.
Опера және балет өнері дами бастады. К. Қожамияров пен Н. Тілендиевтің 
«Алтын тау» операсы, С. Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы, Г. 
Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз» бен «Хиросима» балеттері және т.б. 
қойылды. Қазақстан композиторлары бірқатар симфониялық туындылар 
жасады. К. Қожамияровтың «Ризвангуль» симфониялық поэмасы Қазақ КСР 
Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 60-70 жылдары балет өнері жаңа қарқынмен 
дами бастады, бұл талантты балетмейстр Болат Аюхановтың өнерімен 
байланысты.
1926 жылы тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды, ол театрды Ж. Шанин 
басқарды. Театр сахнасында қойылған алғашқы пьеса «Еңлік-Кебек» еді. 1938 
жылы мамырда Мәскеу қаласында қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өтті. 
Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Музыка 
театрының атақты әншісі Қ.Жандарбеков, талантты биші Шара Жиенқұловалар 
әйгілі болды. 
20-
30 жылдары — бұл Қазақстан мәдениетінің тарихындағы өте күрделі 
кезең еді, сондықтан қазақ өнеріне келеңсіз және оң әсер етті. Оң әсерлер деп, 
білім мен ғылым саласындағы күрт өзгерістер, әдебиет пен өнер саласындағы 
табыстарды айтға болады. 1939 жылы республика бойынша халықтың 
сауаттылығы 65%-ға, ал қазақ халқы арасында — 40%-ға жетті. 1940 жылдарға 
қарай еңбекке жарамды халық арасындағы сауатсыздық мүлдем жойылды деп 
айтуға болады. Бірақ, бір жағынан, бұл ұлттық мәдениет өзінің тарихи 
бастауынан ажырап қалған жылдар еді. Бұл ауыр кезең - тоталитарлық 
режимнің, репрессияның толқыны еді, қазақ ұлттық зиялы өкілдерінің көзін 
жойып, құрта бастаған кез еді.
Демек, ХХ ғасырдың 30-жылдары бұл жерде бірнеше театрлар пайда 
болды, олар бүгінгі таңда «оңтүстік астананың» жетекші сахналары болып 
табылады. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматы қаласына Мәскеу, Петербург, 


88 
Киев өнер өкілдері қоныс аударды. Режиссерлер, актерлер мен сценаристтер 
Қазақстанда жемісті жұмыс істеді, осының арқасында Қазақстандағы театр 
өнері жаңа деңгейге көтерілді. Соғыстан кейін Алматы қаласының көптеген 
театрлары Қазақстанда, КСРО аймағында, Еуропа мен Азияда кеңінен танымал 
болды.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады, сондықтан Алматы қаласында 
әртүрлі ұлттық театрлар ашылды, олардың арасында неміс, корей, ұйғыр 
театрлары көзге түсті. Театр өкілдері әртүрлі ұлттан тұрса да олардың барлығы 
өз сахналарында өз халқының сюжеттері негізінде спектакльдер қойды. 
ХХ ғасырдағы 40-50жылдары Қазақстанның мәдени өмірі қатаң 
идеологиялық қысымға ұшырады, соның негізінде мәдени құрылыс мәдени 
қызметтің жекелеген түрлерін қарапайым қосу ретіндегі догматикалық 
түсініктер бойынша қабылданды: мектеп құрылысының дамуы, жоғары оқу 
орындары санының артуы, мәдени-ағарту жұмыстары және т.б. Сондықтан 
мәдениеттің саясатпен байланысы ең негізгісі болуы тиіс, яғни социализмнің 
жасампаздығын насихаттау қажет болды.
Саяси мәселелер бойынша ВКП (б) ОК Қаулысы қабылданған соң 1946 
жылы 26 тамызда Қарағанды облыстық театрының репертуары күрт өзгерді. 
Облыстық қазақ театры өткен заманның хандары мен батырларының өмірінен 
алынған фольклорлық тақырыптағы пьесалардан бас тартты, өз репертуарын 
қазіргі заманғы қазақ және орыс драматургтерінің туындыларымен толтырды. 
Театрда 1949-1950 жылдары А. Корнейчуктың «Макар Дубрава», А. 
Сафроновтың «Московский характер» «Песня жизни», «Дружба и любовь», «Я 
советский врач», «Балбулак», Ф. Шиллердің «Коварство и любовь» пьесасы, 
балаларға арналған «Алтын сақа» және т.б. спектакль қойылымдары қойылды. 
Театрдың премьерлік спектакльдері қоғамның және баспасөздің оң бағасын 
алды. Қазақ КСР-ның 30 жылдығына арналған Ғабиден Мұстафиннің 
«Миллионер» спектаклі қойылды, спектакль қазіргі заманғы колхозшылардың 
өмірі туралы алғашқы қазақ пьесаларының бірі, кейін «Абай», П. Павленко 
«Счастье» және У.Шекспирдің «Укрощение строптивой» спектакльдерін 
қойды. 1950 жылы облыстық орыс драма театры И. Штоктың «Грушенька»; К. 
Симоновтың «Чужая тень»; С. Михалков пен Д. Самойловтың «Тайная война»; 
«Таланты и поклонники», А. Островскийдің «Доходное место» және «Горячее 
сердце»; М. Сагалович пен Б. Фаянстың «Государственный советник», Л. 
Компанейцтің «Человек должен жить» спектакльдерін қойды. Осы жылы 
Қарқаралы совхоз-колхоз театрының репертуарында Ж.Байжановтың 
«Жолдастар», Мұхтаровтың «Семья Алана», В. Собконың «За вторым 
фронтом» және С. Бегалиннің «Шолпан» қойылымдарын қойды. Алайда, 
шығармашылық ұжымдардың күші, мемлекеттік және партиялық органдардың 
Қазақстандағы театр өнерін дамыту мәселелеріне зор көңіл бөлгеніне 
қарамастан, театрға көрермендердің сирек келу үрдісі жалғаса берді. 
Осы жағдайға байланысты себептерін анықтау және одан шығу жолдарын 
іздестіру туралы өнер ісі жөніндегі облыстық бөлім меңгерушілеріне және 
театр директорларының кеңесі өтті (Алматы, 1951 ж.17 наурыз), кеңесте драма 
театрларының репертураларының жағдайы туралы мәселелер, кеңес адамының 


89 
бейнесін театрда бейнелеу, спектакльлдерді шығармашылық ресімдеу сапасын 
арттыру мәселелері қарастырылған. Көрермендердің театрға деген 
қызығушылығын азайту себептерінің бірі көрермендерге ұсынылатын 
репертуардың жоғары деңгейі жеткіліксіз болуы еді.
Қарағанды облыстық өнер мекемелерінің 1951 жылғы 9 ай ішіндегі 
жұмысы туралы баяндама жазбаларынан алынған деректерге көз жүгіртсек, 
облыс орталағында 400 мың адам жұмыс істеді, бірақ халықтың мәдени қызмет 
көрсету деңгейі өте төмен күйде қалды. Облыстағы жалғыз драма театры 
Қарағанды қ. ғимараты болмағандықтан сегіз жыл бойы Балқаш қаласында 
жұмыс істеді, ол жерде көрермендер контингенті қамтамасыз етілмеді. 
Облыстық қазақ музыкалық-драмата театрының өз жайы болмады, сондықтан
кинотеатр жайында жұмыс істеді, біресе киносеанстар, біресе қойылымдар 
қойылып отырды. Материалдық факторларға байланысты музыкалық 
мәдениетте де қарқынды дами алмады: облыстық филармонияның құрамында
симфониялық оркестр мен музыкалық лекторий, хор және хореографиялық 
ұжымдар болмады. Филармония жұмысшылармен, репетициялық жайлармен, 
меншікті сахнасымен қамтамасыз етілмеді, тіпті өзінің маңыздылығы жағынан 
тиісті дәрежесін де ақтай алмады.
Облыстық кәсіби театрлардың қанағаттанарлық жағдайын түзетуге 
байланысты біздің еліміз үшін тән театрларды бір-біріне қосу мен ірілендіру 
тәсілі пайдаланылды: 1951жылғы 1 қыркүйектегі Қазақ КСР Министрлер 
Кеңесінің Қаулысына сәйкес, облыстық орыс театры тұрақты жұмыс істеу үшін 
Балқаш қаласынан Қарағанды қаласына ауыстырылып, Қарағанды облыстық 
қазақ музыка драма театрымен біріктірілді, біріктірілген орыс және қазақ 
театры 1953 жылға дейін бірге жұмыс істеді.
50 жылдардың соңында тыңайған жерлерді игеруге байланысты Орталық 
Қазақстанның ауылдарында мәдени құрылысты кеңейту мен мәдени өмірді 
жандандыруға үлкен көңіл бөлінді. 
1954 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 
«Тыңайған жерлерді игерген аудандарда еңбекшілерге мәдени қызмет 
көрсетуді күшейту туралы» № 388 бұйрығына сәйкес және 1954 жылғы 25 
тамыздағы КСРО Министрлер Кеңесінің № 12, қаулысын орындауға 
байланысты республиканың концерттік ұйымдарына «1954 жылдың IV 
тоқсанында тыңайған жерлерді игерген аудандардың халқына мәдени қызмет 
көрсету үшін, ең алдымен, жаңадан құрылған колхоздардың қызметкерлері мен 
жұмыскерлеріне, соның ішінде Ақмола және Қарағанды облысына Қарағанды 
облыстық филармониясы концерттің саны 100-ден кем болмайтындай 8 
концерттік бригаданы» ұйымдастыруды және жіберуді ұйғарды.
Орталық Қазақстанның театр өнерінің әрі қарай дамуына 1957 жылы 
алғашқы рет ұйымдастырылған Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің драма 
театрларының республикалық байқауы оң әсер етті, байқау жеңімпаздары 
Қазақстандағы алғашқы «Театр көктеміне» қатысуға жолдама алды. Байқау 
театр ұжымдарының шығармашылық қызметін жандандыруға, құнды 
шығармашылық туындыларды жасауға мүмкіндік берді. Байқау театрлардың 


90 
шығармашылық дербестігін және бастамаларын кеңейту жағдайында театр 
жұмысының қорытындысын шығарды, ұжымдар арасында тәжірибе алмасуға
мүмкіндік берді, ең озық режиссерлік, актерлік және шығармашылық-безендіру 
жетістіктерін анықтады. Әділқазылардың жоғары бағасы Павлодар қаласының 
облыстық қазақ және орыс театрларының (Н. Виртаның « Дали неоглядные»), 
Ақмола облыстық орыс театрының (А. Корнейчуктың «Почему улыбались 
звезды»), Қарағанды облыстық орыс театрының (Н. Гогольдің «Ревизор»), 
Қостанай облыстық орыс театрының (В.Гусевтің «Иван Рыбаков») 
спектакльдері ие болды. 
90-
жылдары КСРО құлағаннан кейін Алматы мен Қарағандының 
көптеген театрлары құлдырауға ұшырады, бірақ жұмысын жалғастыра берді. 
Бірақ сонымен қатар тоталитарлық цензурадан қорықпайтын жаңа тәуелсіз 
театрлар пайда бола бастады. Театр студиялары пайда болды, оның негізіне 
сахна шеберлігінің қазіргі заманғы еуропалық мектебі алынды, интерактивтілік 
пен суырып салма өнері үшін үлкен кеңістіктер ашылды. Мысал ретінде 
«ARTиШОК» Алматы театрын айтуға болады.
Қазіргі таңда Алматы, Астана, Қарағанды және Қазақстанның басқа 
қалаларының театрлары қаланың мәдени өмірінде маңызды роль алуда. 
Қойылымдардың әр түрлілігі (пьеса, опера, балет, ертегі) кез келген 
көрерменннің сұраныстарын қанағаттандыра алады. XXI ғасырдың басынан 
бері қалада құрылыс қайта жанданды: негізгі көшелер қалпына келтірілді, 
көшелер қала құрылысының ең бірінші жоспарында қарастырылған, тұрғын 
үйлер, мәдени және әкімшілік ғимараттар қайта жаңғыртылды, қазіргі заманғы 
эстетиканың талаптарына жауап беретін жаңа сауда орталықтары салынды, 
жаңа парктер салынуда. 
Қарағанды тарихы АЛЖИР және Карлаг лагерьлерімен тығыз 
байланысты. Карлаг, КСРО ғылымы мен мәдениетінің көптеген өкілдерінің 
тұтқында отырған жері Қарағанды мәдениетінің бір ошағына айналды. Олар 
бірегей мәдени мұраларын өмірдің азапқа, қайғы-қасіретке толы кезеңде 
қалдырды. Тұтқында отырғандардың күшімен кеңес мерекелеріне арналған 
концерттер мен спектакльдер қойды. Суретшілер безендіру жұмысымен 
айналысты. Карлагта тіпті балет қойылғаны белгілі. Мұның барлығы, негізінен 
жоғары кәсіби деңгейде болды. 30-жылдардың соңында Қарағанды бейнелеу 
өнерінің тарихы бастау алады. Қазақстандағы өнердің жаңа кезеңінен тұтастай 
дамуының алғышарты қаланды. Жер аударылған көптеген тұтқындар кейін 
қалада қалып, қала мәдениетіне айтарлықтай үлес қосты. Қала құрылысын 
жандандыруға неміс және жапон әскери тұтқындары да қатысты. Қала 
аумағында 50-ден астам тарих пен мәдениет ескерткіші бар: Кеншілер мәдениет 
сарайы, Н.Әбдіров атындағы спорт сарайы, К. Станиславский мен С. 
Сейфуллин атындағы театрлар, «Чайка» қонақ үйі, цирк ғимараты, «Шахтёр» 
стадионы, Н.Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ. Мұстафин, А.Байжанов, «Кеншілер 
даңқы», «Мәңгілік алау» ескерткіштері, Ауғанстанда қаза тапқан қарағандылық 
жауынгерлердің құрметіне арналған мемориалдық сәулет ансамблі. 
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 1932 
жылдан бері жұмыс істейді. 1964 жылы театрға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 


91 
С. Сейфуллиннің есімі берілген. Театр М. Әуезов, Г. Мүсірепов, С.Мұқанов 
және т.б. қазақ драматургтерінің пьесаларын қойды. 1996 жылғы IV 
республикалық фестивальде Қарағанды қазақ драма театры екінші орын алды.
Қарағанды қазақ драма театры VII республикалық фестивальде Г. Гориннің 
«Атың шыкпаса» пьесасы бойынша спектакль үшін «Гран-при» жүлдесіне ие 
болды. Қазіргі кезде театрда 8 сахна жетекші шебері мен жоғары категориядағы 
12 актер ойнайды. 2008 жылы желтоқсанда Бұқар жырау көшесі бойындағы 
жаңа ғимарат ашылды. Жаңа театр Бұқар жырау мен Бейбітшілік көшесі 
қиылысындағы бұрынғы «Жазғы театрдың» орнына салынды. Халықтар 
достығы мемлекеттік орденді, атақты режиссер К.С.Станиславский атындағы 
Қарағанды орыс драма театры 1930 жылы салынды. 1963 жылы драма театрға 
режиссер К. С. Станиславскийдің есімі берілді. 1981 жылы театрға елу жыл 
толу құрметіне байланысты Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театр 
сахнасында Қазақ КСР халық әртістері: В. В. Караваев, А.А..Демидова, 
В.Ф.Корниенко, В.К.Борисов, Қазақ КСР еңбегі сіңген әртістері Т.Ф.Зеленин, 
Т.А.Давыдова, Д.А.Белов, В.Т. Макуш, А. П. Зимарёва, қазіргі кездегі 
труппадағы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртістері А. В. Григоров, 
Н. Ф. Штоколова, әртістер Т. А. Федоренко, В. Г. Злобин, Л. М. Пекушева, 
И.Ф.Городкова, И. С. Немцев, А. П. Кочемаскин, Г. А Турчина, О.В.Миронов 
ойнайды. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 1973 жылдың 17 
қарашасында құрылған. Театр негізін КСРО-ның басқа қалаларында жұмыс 
істейтін актерлер құрады. Олардың қатарында РСФСР халық әртісі Игорь 
Войнаровский, РСФСР еңбегі сіңген әртісі Нина Симонова бар. Солармен қатар 
консерваториялардың, театр және музыкалық оқу орындарының жас түлектері 
лайықты орын алады. 2000 жылы театрға «Академиялық» деген атақ берілді. 
Қазіргі кезде Қарағандыда 4 қазіргі заманғы кинотеатр бар, бірақ 1980 
жылдарға қарағанда азырақ. 1990 жылдары «Мир», «Қазақстан», 
«Юбилейный», «Родина» кинотеатрлары жойылды (олардың орнына City Mall
сауда кешені салынды, онда Cinema Town үш зал кинотеатры бар), «Маяк» 
(қазіргі кезде мешіт). 90 жылдардың соңында «Аврора» кинотеатры 
«Сарыарқа» кинотеатрына айналды, 2007 жылы қазіргі заманғы екі залдан 
тұратын кинотеатр қайта жаңғыртылды. «Ленин» кинотеатры — Қарағанды 
облысындағы қазіргі кезде қолданыстағы кинотеатрлардың ескісі. Кинотеатр
1960 жылы сәуір айында ашылған. 2002 жылы қайта жаңғыртылып және 
техникалық құралдармен қайта жабдықталды. Кинотеатр екі залдан тұрады, 
әрбір залдың сыйымдылығы - 160 орын. 
Қарағанды облыстық тарихи-өлекетану мұражайы 1932 жылы
политехникалық ретінде құрылды, ал 1938 жылы облыстық өлкетану мұражайы 
деп аталды. Қазіргі кезде мұражайда 3 ғылыми-зерттеу бөлімі бар: жалпы 
тарих, археология және этнография, қазіргі заманғы тарих және экскурсиялық-
бұқаралық жұмыс. Мұражай қорында 134 810 экспонат бар. Мұражайдың 
жалпы ауданы 1 800 м² құрайды. Мұражай экспозициясы 14 залда орналасқан. 
Қарағанды облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы 1988 жылы ашылған. 
Мұражай коллекциясында кескіндеме, график, мүсін, декорациялық-
қолданбалы өнердің 8 мыңнан астам туындысы есептелген. Мұражай халық 


92 
арасынан өнер туындыларын жинаушы, жинақтаушы, сақтаушы және көрмеге 
қоюшы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту бөлімшесі болып табылады. 
Мұражайға жыл сайын 60 мыңдай келушілер келеді. Мұражайда атақты 
қазақстандық суретшілерінің жұмыстары сақталады. Қарағанды экологиялық 
мұражайы — экологиялық мәдениетті сақтау мен дамытуға, халықтың 
экологиялық ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету сай жұмыс істейді. 
Псевдореалисттік мәнерде құрылған интерактивті экспозициялар Орталық 
Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары және Семей яролық 
полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары туралы баяндайды. Мұражай 
Байқоңыр космодромының тарихын және проблемаларын, жергілікті ауыр 
өнеркәсіп проблемарына үлкен көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет