Негізгі әдебиеттер : [1,2, 4,7,10]
Қосымша әдебиеттер: [3,6, 8]
Дәріс №2.
Дәріс тақырыбы:Математиканың бастауыш курсын оқу пәні ретінде ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Математиканы оқытуға балаларды дайындау және математиканың мектеп курсы жүйесіндегі орны.
1. Бастауыш мектептегі математиканы, оны оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді.
1.Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, біліктілік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2.Тәрбиелік – шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
3.дамытушылық – логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4.Практикалық – меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты біліктілік қалыптастыру.Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру түрлерін іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады.
Математикалық ұғымдарды тұрмыстан алынған нақтылы материалдар арқылы меңгерту көзделеді, ал мұның өзі сабақ кезінде танысатын барлық ережелер мен ұғымдардың практика үшін қызмет ететінін және өмірдің қажеттілігінен туындағанын балаларға көрсетуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда оқытылатын обьектілерді іріктеп алуда, оның оқушыны қоршаған ортаға мейлінше сәйкес келуіне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге халықтың ұлттық өзгешеліктері, әдеп-ғұрып пен дәстүрлері, республиканың аймақтық ерекшеліктері, экономикалық-географиялық жағдайлар, тілдің өзіндік айырмашылықтарының әсері және т.б. барынша ескерілген.
Бастауыш сыныптарда математика пәні ерекше мәнге ие болады, сондықтан оны оқытуға басты назар аударылу керек. Пәннің атқаратын қызметін негізге алсақ бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш сынып оқушыларына математикалық білімді меңгерту және оларды өмірде пайдалануға қажетті біліктілік дағдылармен қамтамасыз ету мақсатын көздейді.Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер келіп туындайды:
- бағдарламаға сәйкес математикалық білімді, біліктілік пен дағдыны игерту;
- өздігінен білімді жетілдіруге, ерінбей еңбектенуге үйрету;
- меңгерген математикалық білімін күнделікті өмірде пайдалана алуларын қалыптастыру.
Математиканы оқытуға балаларды дайындау және математиканың мектеп курсы жүйесіндегі орны. Бастауыш математика курсы оқу пәні ретінде оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады,арифметикалық амалдардың мән-мағынасы мен оларды орындаудың тәсілдерімен таныстырады, қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілдерін игертеді, шамалармен және оларды өлшеудің тәсілдерімен, геометрилық фигуралар және олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен таныстырады.
Математикалық объектілер жалаң түрде ұсынылмайды, тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырылады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |