Дәріс №3.
Дәріс тақырыбы:Математикалық білім, білік, дағдыларды оқушылардың игеруін ұйымдастыру
БМ математика сабағы және оның мақсаттары
БМ математика сабағының типтері.
1. Сабақ дегеніміз-құрамы тұрақты оқушылармен, нақты келісілген уақыт аралығында, қатаң бекітілген кестесімен және оқыту жұмысының барлық бала үшін бірдей материалмен ұйымдастырылатын оқытудың формасы.
Сабақ- оқу процесінің маңызды бір буыны болғандықтан мұғалім алдымен оқытатын пәннің бағдарламасындағы тақырыптардың мазмұнын бірнеше сабақтарға бөледі, әрбір жеке сабақтың алатын орнын, мақсаты мен құрылымын және өткізу әдістерін алдын-ала анықтап қояды. Тақырыптық жоспар негізінде мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасайды. Бұл жоспарда ең елдымен сабақтың тақырыбы, өтілетін материалдың мазмұнын және мақсаты мен міндеттері анықталады. Сондай-ақ сабақтың жабдықтары, оның құрылымы, оның барысы белгіленеді. Сабақ жоспары-мұғалімнің жеке творчесволық лаболаториясын бейнелейтін міндетті құжат.
2. Дидактикалық мақсатына байланысты сабақты төмендегідей типке бөлеміз:
1. Жаңа білімді хабарлау сабағы
-Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа материалды игеруге оқушыларды дайындау;
- Жаңа материалды түсіндіру;
- Жаңа материалды бекіту;
- Үй тапсырмасы;
- Сабақты қорытындылау;
2. Оқытылған материалды бекіту сабағы (қандай да бір тақырыпты оқып болған соң жүргізіледі)
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Ауызша тапсырмалыр орындау;
- жазбаша тапсырмалар орындау;
- Өзіндік жұмыс жүргізу;
- Үй тапсырмасы;
- Сабақты қорытындылау;
3. Оқытылған материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы (ірі тақырыпты оқып болған соң немесе тоқсан аяқталарда жүргізіледі)
- Үй тапсырмасын тексеру;
-Өтілген материал жайлы және сабақтың жоспары жайлы оқушыларға мағлұмат беру;
- Ауызша тапсырмалыр орындау;
- жазбаша тапсырмалар орындау;
- Өтілген материалды жалпылау;
- Үй тапсырмасы;
4. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру және бағалау сабағы
- бақылау жұмысының мазмұнымен таныстыру және оларды орындау жайлы нұсқаулар беру;
- әр оқушының жеке жұмысы;
- Оқушылардың жұмысын жинап алу;
Мұндай сабақтардан соң оқушылардың қателерімен, кемшіліктерімен жұмыс жүргізілуі және жекелеген оқушылардың қателіктеріне қарағанда, жалпы класс оқушыларының типтік қателіктері, оның пайда болу себептеріне ерекше көңіл бөліну керек.
Жалпы, бастауыш мектептегі сабақ көбінесе аралас сабақ болып келеді. Демек, бір сабақтың өзінде бірнеше дидактикалық мақсат:
өткен материалды қайталау;
жаңа материалды түсіндіру, оны бекіту;
оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру және бағалау сияқты мәселелер жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |