2 тарау.
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Халық даналығы «Бала - балқыған қорғасын, оны
қандай қалыпқа да құюға болады» дейді. Сондықтан
баланың кӛркем әдебиетке деген қызығушылығын
қоламтасында ӛшіріп алмай үрлеу қажет, осыған әрекет
жасау керек. Орыс балалар әдебиетінің кеңес дәуіріндегі
қамқоршысы М.Горькиий балаларға жазған хаттарында
олардың оқуына ұсынылатын кітаптарды жүйелі түрде
кӛрсетіп отырған екен. 1979 жылы «Жалын» баспасынан
шыққан «Балаларым - бақытым» кітабының соңғы
бӛлімінде балалар оқуға тиісті кітаптарға Горькийдің берген
қысқаша түсініктемесі келтірілген. Бұнда батырлар жыры,
ертегілер,
А.С.Пушкин,
И.С.Тургенев,
Л.Н.Толстой,
В.Г.Короленко, В.В.Бианки, С.Я.Маршак, К. И.Чуковский,
Г.Х.Андерсен, М.Твен, Ә.Сеттон-Томпсен және тағы басқа
кӛптеген авторлардың шығармаларының аты аталып, түсі
түстелген, олармен міндетті түрде танысудың қажеттілігі
айтылған.
Балалар әдебиетін жасаудың ең бір оңтайлы жолы -
бала талап-тілегін білу, біліп қана қоймай оны орындау
екендігін Горький ерте еске тұтса керек. Ӛйткені 1912
жылдың ӛзінде-ақ орыс жазушысы балалардың ӛтініштері
бойынша «Торғай балапаны», «Евсейкомен болған уақиға»
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
30
ертегілерін жазды. 1918-19 жылдары «Ақымақ Иван
туралы», «Самауыр», «Яшка» ертегілері жарық кӛрді. Ӛзін
ешқашан балалар жазушысы есептемегенмен Горький бала
ӛмірі жӛнінде кӛп жазды.
Горькийдің оқушы балалардан алған хаттары бойынша
С.Маршак «Балалар Горькийге жауап береді» мақаласын
жазды. Мақала балалар әдебиеті ерекшеліктері мен
балаларға арналған кітаптарға қойылатын талаптарды
айқындауда маңызды мәнге ие болды. Кеңес балалар
әдебиеті алдына жаңа бағыт-бағдар межеледі. Кішкентай
оқырмандарға арнап шығарма жазуға ниеттенген қаламгер
қауымы үшін пайдалы дүниеге айналды. Үлкендер әдебиеті
мен балалар әдебиетінің жалпы міндеттері мен принциптері,
кӛркемдік әдістері мен тарихи тағдыры бірдей.
Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке бір саласы.
Сондықтан оған ерекше қасиеттер тән. Балалар әдебиетінің
ерекшелігі жайындағы мәселе 30-жылдары да, одан кейін де
талай рет талас ӛзегіне айналды. Кӛбінесе бір-біріне кереғар
пікірлер легі толастамады. Ақын-жазушы, сыншы және
педагогтардың кейбірі балалар әдебиетінің басты ерекшелігі
-
оның
тематикасында,
екіншілері
-
оның
ұғынықтылығында,
үшіншілері
-
оның
балаларға
лайықталған ерекше тілінде деп түсінді. Бірқатары балалар
әдебиетінің ерекшелігі бала оқырманның жас ӛзгешелігін
есепке алуда деп есептеді. «Әйтпегенде, - дейді М.Горький.
-жазушы қаламынан балаға да, ересек адамға да қажетсіз,
адрессіз кітап тууы мүмкін». Балалар әдебиеті баспасы
жұмысының күрделілігін С.Маршак оның үш тілде кітап
шығаруымен байланыстырады, ӛйткені бес жастағы бала бір
тілде, он жастағы бала екінші тілде, ал он бес жастағы бала
үшінші тілде сӛйлейді. «Жастан-жасқа толуымен ӛзгеретін
бала табиғаты дәуірден дәуір, ұрпақтан ұрпақ ауысқан
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
31
сайын да ӛзгеріске түседі. Адамзат та есейеді. Кезінде
үлкендердің ӛздері үшін шығарылған кӛне мифтер қазіргі
уақытта балаға арналған ертегіге айналған» - дейді
И.Мотяшов.
Балалар жазушысы болу үшін оған білім қажет.
Жазушы білімді қайдан алады? Ӛз балалық шағынан алады.
Балалармен арадағы қарым-қатынастан, оларды бақылау
нәтижесінен тірнектеп жинайды. Балалар кітаптарының
тематикасына шектеу қоюға болмайды, онда адамның бүкіл
қоғамдық және жеке ӛмірі қамтылады. А.Макаренконың
айтуы бойынша, бұл жерде «не туралы?» деген сұрақ
болмауы тиіс, «қалай?» деген сұрақ қойылуы керек.
Балалар әдебиетінің тағы бір қасиеті - юмор. Онсыз ол
балалар әдебиеті болмақ емес. Бұның ӛзі балалар
табиғатымен белгіленеді. Балада К.Чуковскийдің айтуы
бойынша, «күлуге деген үлкен қажеттілік» (есть великая
потребность смеяться) бар. Осы қажеттілікті ӛтеу үшін
жарамды материал ұсынылуы қажет. Кӛркем шығарма
балаларды кӛңілдендіру үшін ғана күлдірмейді, олардың
бойында юмор сезімін тәрбиелеу үшін күлдіреді. Ӛйткені
юмор сезімі бала ӛскенде оның кез келген қолайсыз ортаға
қарсы қорғаныс қабілетін арттырады және ұсақ-түйек
қажетсіз
кикілжіңдерден
жоғары
тұруға
үйретеді.
Ашықжарқындылық балалық шаққа тән болатыны сияқты
юмор балалар әдебиетіне тән.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен
Қожаның әжесінің аңқаулығын сипаттайтын эпизодты
тұтасымен келтірейік: «Әжем менің қызық адам.
Тұрмыстың қарапайым қағидасына бүдан жүйрік кісі осы
ауылда, сірә де, табыла қояр ма екен. Сӛйте тұрып ол кӛп
мәселе жӛнінде сәбидей аңқау. Қараңғы болған соң аңқау
болмай қайтсін. Мен қанша әуреленсем де, оған осы күнге
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
32
дейін жердің домалақ екенін ұғындыра алмай-ақ қойдым.
Айтысып-айтысып келеді де, қолын бір-ақ сілтейді. - Бар
аулақ. Жер домалақ емес, сен домалақсың. Басымды
қатырмай, бар!- дейді. Кейде екеуміз құдай жӛнінде керісіп
қаламыз. - Құдай жоқ болса, дүниені кім жаратады? - деп
сұрайды әжем. - Дүниені ешкім де жаратқан жоқ, ӛзі
жаралды. - Сен немене, сонда қасында қарап тұрып па едің,
дінсіз неме? -Қарап тұрғаным жоқ, кітаптан білем. - Ал,
адамды кім жаратты? - Адам маймылдан жаралған. – Тәйт,
сандалған неме. Сандалмай бар онда ана ормандаға маймыл
әке-шешеңе».
Сонымен, балаларға арналған шығармаларға керек
нәрсе юмор екен. Кӛңілді шығарма балаға тез сіңеді. Баланы
күлдіре отырып, оның жанына ізгілік дәнін егуге болады.
«Менің атым Қожада» бала жанына жақын әдемі юмор бар.
Белгілі әдебиеттанушы Қ.Ергӛбек «Менің атым Қожаның»
бас қаһарманы жайында былай дейді: «Қазіргі күнге
Қожаның ӛзі олқы соғатыны және шындық. Ӛйткені
қаһарман
жаңалануы
керек.
Ӛйткені,
қаһарманды
тұлғалайтын, ішкі жан-дүниесін ашатын мотив жаңалануға
тиісті. Бірақ, Қожа қазақ балалар әдебиеті тарихында белгілі
бір кезеңде ӛмірге келген қызықты қаһарман болып қала
береді». Әрине, Қожа қаһарман ретінде балаларды ендігәрі
қызықтырмайды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі
оқушылардың ӛз уақыты деңгейіндегі шығармаларды
оқығысы келетіні тағы шындық.
Балалар әдебиеті - балалар ӛмірінің энциклопедиясы.
Бала кітап арқылы ӛзін, ӛз ӛмірін танып біледі. Балалар
ӛмірінің энциклопедиясы халық ӛмірінің энциклопедиясын
да танытады, ӛйткені бала тағдыры халық тағдырынан
ажырағысыз. Бұның ӛзі балалар әдебиетінің халық
әдебиетімен органикалық бірлікте екендігін байқатады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
33
Мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап он
алты жасқа дейінгі жасӛспірімнің жас ерекшелігіне лайық
оқылатын кітаптар бар. «Балаларға арнап шығарма жазу
былай тұрсын, жазылған жақсы шығарманы жыға танып
қабылдаудың ӛзі бір мәселе. Әлгі шығармаларды түсіну
үшін алдымен кім-кімге де бала бола білу, балаша ойлау,
балаша қабылдау керек» - дейді әдебиеттанушы
Қ.Ергӛбек(16,171). Қазақ балалар ақын-жазушылары да ӛз
шығармаларын жазуда баланың жас ерекшелігін басты
нысанаға алады. Әрбір қаламгер шығарма жазарда, оның
жасы кіші балаға немесе ересек балаға арналатындығын
алдын-ала болжайды. Автордың кей жағдайда шығармасы
жазылып біткеннен кейін ғана оның қай жастағы балаға
лайық екендігін анықтауы мүмкін.
Қ.Ергӛбектің «Кӛркем шығарманы ӛмірдің ӛзі деп
қарайтын, солай қабылдайтын бүлдіршіндердің кӛңіліне
қаяу салмау үшін оларға арналған кӛркем шығармада
иненің жасуындай жасандылық болмауы шарт. [...] Бар
ойыңды бала мінезіне құрып жеткізуің керек. Ең бастысы,
бұл жастағы балаларға бағытталған шығарма сезім арқылы
кӛңілге
ұялауы
шарт.»
-
дегенімен
келіспесіңе
болмайды(16,168).
Ал
жасӛспірімдерге
арналған
шығармалар жӛнінде не деуге болады? Ә.Бӛпежанова былай
дейді: «Тӛл балалар әдебиетімізде жеке кейіпкерлер
психологиясын кӛрсетуде табыстар бар болғанмен, уақыт
рухын терең беретін шығармаларға зәрулік сезіледі. Үлкен
масштабтармен келгенде -жинақтау, қоғамдық ой айта білу,
баланың рухани әлемін, жан-дүниесіндегі қиян-кескі
«майданды» зерделеу, оның бойындағы тазалық - рухани
күш-қуаттың терең қыртыстарын қопару жағы кемшін.
Характер ірілендіру, характер біртумалылығы, жаңа
кӛркемдік ізденіс-шешімдер де қажет-ақ»(11,124). Демек,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
34
уақыт рухын терең беретін шығармалар туғызу -қазіргі
қазақ балалар ақын-жазушыларының алдында тұрған келелі
міндеттердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |