Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет60/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
М.Жұмабаевтың балаларға арналған ӛлеңдерінің 
кӛркемдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар, тәрбиелік 
мәніне тоқталыңыздар.
 
2.
XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің дамуына тарихи-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


152 
әлеуметтік жағдайлардың ықпалы жӛнінде М.Жұмабаевтың 
«Жүсіп хан(Шын ертек)», «Ӛтірік ертек» поэмалары 
негізінде түсіндіріңіздер. 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
М.Жұмабаев. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. 
2.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. –
Павлодар: Арман, 2004. 
3.
Қазақ балалар поэмасының антологиясы. - Алматы:
Арда, 2005. 
7 тарау. Ж.АЙМАУЫТОВ
Ӛлеңдері. 
Ж.Аймауытовтың «Қыс» ӛлеңінің басты 
тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып 
табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра 
суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, ӛлеңнің құрылымдық 
жүйесінен анық байқалады. Ӛлең кіріспе, негізгі екі бӛлім, 
қорытынды бӛліктен тұрғандай әсер береді. 
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар
Тон киіндік, тоңды мал. 
Кіріспе негізгі бӛлімде не жайында айтылатындығына 
оқырманды дайындау мақсатын кӛздейтін сияқты. Қар 
жауды, демек, қыс түсті. Түскен қыс ӛзімен суығын бірге 
ала келді. Адамдардың жылы киінуі, малдың тоңуы қыс 
ызғарына байланысты болып отыр. Ӛлеңнің бірінші 
бӛлімінде алғашқы жолдағы ой жалғаса түскен, яғни, қыс 
мінезі тағы кӛрінеді: 
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар
Боран жоқта тұман бар. 
Қызыл шұнақ қызыл бар. 
Суда айна тас мүсін бар. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


153 
Қылаулатқан қырау бар. 
Екінші бӛлімде екінші жолдағы харакетке ұқсас тірлік 
молынан баяндалады: 
Боғы қатқан бұзау бар. 
Үйіп алған отын бар. 
Қалтыраған қатын бар. 
Бүрсеңдеген лақ бар. 
Сүмеңдеген қонақ бар. 
Қыздар қылған шұжық бар. 
Қонақ айтар қызық бар. 
Соңғы бӛлім негізгі бӛлімдерде айтылған ойдың түйіні 
іспеттес қабылданады. 
Ай, балалар, балалар! 
Күнде оқуға жүрелік, 
Үйренелік, білелік! 
Қыс ызғарына қарамай, күнделікті атқарылатын 
шаруаларға қарайламай оқуға бару керектігі жайындағы ой 
айтылады. 7 буынды ӛлшем балаларға арнау түрінде 
жазылған бұл ӛлеңге ойнақылық сипат дарытқан. Жауған 
қар мен соққан боранның еліктеуіш сӛздермен бейнеленуі 
де белгілі дәрежеде ӛлең ойнақылығын арттыра түскен. 
Жапалақ, жапалақ қар жауар
Жамбасыңа мұз тоңар. 
Лақ, тоқты қашады, 
Қойшы талқан асады. 
- деп келетін халық ӛлеңінің авторлық олеңге ықпалы айқын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет