Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет99/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Ә.Дүйсенбиев ӛмірі мен шығармашылығы жайында 
әңгімелеңіздер.
 
2.
Ә.Дүйсенбиев ӛлеңдерінің ӛзіндік ерекшелігін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


264 
түсіндіріңіздер, шығармаларындағы түйінді ойды 
анықтаңыздар. Шығармаларының тәрбиелік мәні 
туралы пікір білдіріңіздер. 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы.
М.Жаманбалинов, Ә.Дүйсенбиев. - Алматы: Балауса,
1992. 
2.
Бесік жыры. –Алматы: Жалын, 1989.
3.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: 
Мектеп, 1980. 
4.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - 
Павлодар: Арман, 2004. 

тарау. Ж.СМАҚОВ
Ӛлеңдері. 
Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», 
«Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», 
«Сылдырмақ» және «Жүз бір жұмбақ» деген ӛлеңдер 
жинағы басылды. Ақын қаламынан алуан формалы жанр 
үлгілері туды. Ақын ӛлеңдері - баланың ӛміртанымдық 
әліппесі 
іспетті. 
Ойыншыққа 
жан 
бітіреді, 
жан-
жануарлармен таныстырады, бала мінезін әңгімелейді. 
Ж.Смақов - «Опай-сопай», «Тамшы», «Бүршақ туралы 
ертегі», «Кім күшті, кім мықты?», «¥зын аяқ», «Аю қалай 
адасты?» ертегі, поэмалардың авторы. 
Бесік жырлары атқаратын қызметіне қарай қазіргі 
фольклортануда сәбиді қоршаған ортамен таныстыратын 
бесік жырлары, халық мұратын арқалаған бесік жырлары 
және ананың ішкі әлемі сырын шертетін бесік жырлары деп 
қарастырылып жүр. Бүгінгі авторлық бесік жырларында 
танымдық мақсат хабарлаушылық сипатта кӛрінеді де, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


265 
тәрбиелілікпен 
жедел-қабыл 
ұштасады. 
Мәселен, 
Ж.Смақовтың бесік жырында немересіне 
Жылама, балам, жылама, 
Әжең отыр әндетіп. 
Әжең отыр тербетіп 
Апаң кетті нанына 
Папаң кетті малына. 
- деп оны әке-шешесінің күнделікті тірлігінен хабардар 
етеді. Ары қарай «үйде отырып бола ма, сен ӛскенше ер 
жетіп» деп жалғасатын жолдардан әженің немере алдына 
ата-ананың күнделікті тірлігін ақтағысы келген кӛңіл-күйі 
байқалатындай. Әрі «еңбексіз бос отыруға болмас» дегенге 
де емеурін бар. Ақыр соңында «апаң кетті нанына, папаң 
кетті малына, әжең отыр жаныңда» деп немере кӛңіліне 
сенім ұялатар сӛз тауып айтады. 
Қазіргі авторлық бесік жырларының «әлди, бӛпем» деп 
басталуы немесе 
оларда 
«әлди, 
бӛпем, 
әлди-ай» 
қайталамаларының кездесуі шарт емес. Халық ӛлеңінің 
«әлди, әлди, аппағым, қойдың жүні қалпағым, жалпыға 
жаман болса да, ӛзіме жақсы аппағым» деп келетін(3,17) 
шумағындағы «аппағым» сӛзін Ж.Смақов жаңа шырайда 
қолданады. 
Аппақ, Аппақ, Аппағым, 
Тыныш ұйқтап, жат, жаным. 
Халық ӛз перзентін қастерлісіне балайды: 
Әлди-әлди, бӛпешім, 
Қозы жүнді кепешім, 
Жұрт сүймесе сүймесін 
Ӛзім сүйген бӛпешім. 
немесе 
Айналайын, шырағым 
Кӛлге біткен құрағым. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


266 
Жапанға біткен терегім, 
Жаман күнде керегім. 
- деген шумақтар аяулысына баланған жанға, кішкентай 
тіршілік иесі санатындағы ұрпағына арналған. Авторлық 
бесік жырларында «қозы жүнді кепешім», «кӛлге біткен 
қүрағым», 
«жапанға 
біткен 
терегім», 
«жағамдағы 
құндызым», 
«әуедегі 
жұлдызым» 
тәрізді 
бейнелі 
тіркестеріне ұқсас сӛз қолданыстары ұшыраса қоймайды. 
Автор бӛбекті жақсы нәрсеге теңегеннен гӛрі, оның мінезін, 
қылығын, іс-әрекетін қызықтауға кӛбірек кӛңіл бӛледі. 
Әйтсе де, сәбиге деген сүйіспеншілігі әр жолдан байқалып 
тұрады. Мәселен, ақын ӛлеңінің біріндегі ананың баланы 
сүйген кӛңілі орындалатын да, орындалмайтын да мақсатқа 
ұмтылысынан кӛрінеді: 
Ақ інгеннің тайлағын, 
Әкелейін, айналдым. 
Аспандағы айды алып, 
Әперейін, айналдым. 
Бүгінгі ғылыми техниканың қарыштап дамыған заманында 
адамның Айға ұшып барып келе қоюы да таңқалдырудан 
қалған. «Аспандағы айды алып беруді» ниет еткен ананың 
тілегі осы жайтты ескеруден туған болуы да мүмкін. Қалай 
болғанда да, «бесігіңе жат, жаным, тыным алсын кӛкешің» 
деп ӛзіне қадірлі екі жанның да тыным алуын тілейді, басты 
қалауы сол. 
Ж.Смақовтың бесік жырларының халық тақпағы 
үлгісінде келетіні де кездеседі. Қыс кӛріністері суреттеледі, 
аю, бұғы, түлкі, қоян, қасқыр әрекеттері баяндалады. 
Бірінші сатыда аналар поэзия тілімен сәбиді қоршаған 
ортамен таныстыруды мақсат тұтады. Орыс балалар 
фольклорында бұл мысық, кӛгершін, әтеш, сиыр т.б. жан-
жануарлармен 
таныстырудан 
басталады. 
Аң-құс 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


267 
тіршілігімен 
таныстыру 
сипаты 
қазақ 
балалар 
фольклорынан гӛрі, қазақ ақындары бесік жырларынан 
байқалады. Мәселен, Ж.Смақовтың «Әлдиіндегі» ана аң-
құстың бәрінің «ұясында қалғитындығына» жеке-жеке 
тоқтала келіп, сәбиіне тӛмендегідей ӛтініш білдіреді: 
Бұзауқан пыс-пыс етеді, 
Мамасын емді, жетеді. 
Бӛпешім, сен де жатасың
Ұйықтасын десең апашың. 
Ӛтінішін сыпайылап жеткізеді, айтарын «Бұзауқан пыс-пыс 
етеді, мамасын емді, жетеді» деп барып қана айтады. 
Ж.Смақовта бесік жырын нәрестенің әжесі де, анасы да, 
апасы да айтады. Бұл - фольклордан жалғаскан дәстүр. Ал 
бӛпесіне ағасының бесік жырын айтуы -авторлық бесік 
жырының жаңалығы. Ақынның бесік жыры, түсау кесу 
жыры, тақпақ элементтері тоғысқан «Менің бӛпем»
ӛлеңінде күннен-күнге, жылдан-жылға ӛсіп келе жатқан 
інісін қызықтаған бала бар. Ол жақсы кӛретін бӛпесіне бесік 
жырын айтады: 
Бӛпемді жақсы кӛремін, 
Ұнатамын мінезін. 
Мамама кӛмек беремін, 
Ұйқтатамын оны ӛзім. 
Әлди-әлди, бӛпешім, 
Ұйықтасаң, бӛпем, ұйықтай ғой, 
Ұйқтамай қайтсін, құйттай ғой. 
Бӛпесін сүйген ағасы тұсау кесу жырындағыдай «жүрсең, 
бӛпем, құлама, құласаң, бӛпем, жылама!» дейді. «Жақан 
Смақов - бесік жырынан бастап сәби құлағын үйретіп, қаз-қаз 
бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып, ертегі 
айтқызып, баланы мектепке ертіп апарған ақын»(16,119). Және 
ақынның бала кейіпкері де аталған жақсылықтың барын ӛз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


268 
бӛпесіне жасайды. Оған дәлел - аталған «Менің бӛпем» 
ӛлеңінде жас сәбидің туғанынан балабақшаға барғанға 
дейінгісі сипатталады, тіпті ағасының оны келешекте мектепке 
ертіп апармақ ойы бар екендігі де хабарланады. Балаларға 
арналған халық ӛлеңдері(бесік жыры, тұсау кесу жыры, 
санамақ т.б.) элементтері мен детальдарының Ж.Смақовтың бір 
ӛлеңінің ӛн-бойынан ӛзара үйлесім тауып орнығуынан 
немесе сол ӛлеңдер үлгісінде ақынның циклдық ӛлеңдер 
топтамасының түзілуінен оның «сәбидің санатқа қосылу 
эволюциясын»(16,119) танытуды мақсат еткен мүддесі айқын 
кӛрінеді. «Менің бӛпем» ӛлеңінен, сондай-ақ, жас 
балдырғанның балалық, аңқау мінезі, әрекеті кӛрінеді. 
Бӛлем кейде асыр сап, 
Жасырынбақ ойнайды. 
Басын ғана ол жасырса, 
«Жасырындым» деп ойлайды. 
Бетін ғана ол жабады, 
Аяғы сыртта қалады. 
Бӛпесінің әрбір қылығы ағасының мақтаныш сезімін 
туғызады, інісіне деген қамқорлығы үлкен сүйіспеншіліктен
туған. Қайталанып келіп отыратын «бӛпемді жақсы 
кӛремін» жолдары адамзат перзентін жақсы кӛрмеудің 
мүмкін еместігін әйгілеп, жалпы жақсы кӛру сезімін кеудеде 
іркіп 
қалмай 
жариялап 
отырудың 
да 
қажеттігін 
аңғартатындай. Ал енді осы баланың алғаш бесікке 
бӛленгеннен кейінгі қырқынан шығуы, отыруы, тілінің шыға 
бастауы, қаз тұрып, жүре бастауы түрлі жоралғылармен аталып 
ӛтіліп, тілектер айтылады. Халықтың тұсау кесу ырымында 
мақсат-мұрат ірі, айқын: «Ӛмірге аяқ баса бер, асулардан аса 
бер». Ж.Смақовтың «Қаз-қаз бас» ӛлеңінде баланың әр қадам 
басқан сайын сүріну мүмкіндігін ескерген сыңайы бар: 
Қаз-қаз-қаз, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


269 
Қаздаң бас, 
Бір-екі-үш, 
Аздан бас. 
Қаз-қаз бас, 
Құлама, 
Құласаң, 
Жылама. 
Ересек адам санасы бүл тілекті «ӛмірде сүрінсең, жігеріңді 
құм қылып жасыма, жылағаныңды кӛрсетпе» деп 
қабылдайды. «Алақанда алақан» ӛлеңінде ересек адамды 
жүруге талпынған баламен байланыстырып тұрған олардың 
алақандары: 
Алақанда алақан, 
Ал келе ғой, балапан. 
Қаз-қаз! 
Кәне, жүрсең, кӛрейін, 
Келсең, кәмпит берейін. 
Қаз-қаз! 
Алақанда алақан, 
Ал келе ғой,балапан 
Қаз-қаз! 
Алақанымен демейді, сӛзімен жетелейді. Бүгінгі баланың 
құмар нәрсесі - кәмпит. Кәмпит кӛрсе, оған талпынбайтын, 
ұмтылмайтын бала болмайды. 
Уату-алдарқату мақсатын кӛздейтін «Қуырмаш» ӛлеңінде 
әр саусаққа бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр 
шүмек, кішкене бӛбек деп ат беріледі де, олардың атқаратын 
қызметтері санамаланады. Ӛлеңде тӛрт түлікті күнделікті 
тіршілігінің ӛзегі еткен қазақ халқының ата кәсібі кӛрініс 
табады. Ж.Смақовтың «Бес саусақ» ӛлеңі де дәстүрлі 
міндеттерді - бала ұғымын жүйелі ету, санауға үйрету, 
еңбекке т.б. тәрбиелеу жүгін арқалайды: біреу, екеу, үшеу, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


270 
тӛртеу, бесеу, қолымда сонда саусағым нешеу? Бес саусақтың 
сипаттамасы - бес балаға берілген мінездеме. Бірінен бірі 
ӛтетін балалар: кішілерге қамқор, елгезек, ойнақы, епті. Бір 
үйдің бес баласы кӛз алдыңа келеді. Халық ӛлеңінде де, 
авторлық ӛлеңде де адамға деген қамқорлық басты орында. 
Ақынның «Он батыр» санамағы - соны ізденіс нәтижесі. 
Он батырдың аттары аталады да, нағыз батыр соңынан 
анықталып шыға келеді. 
- Ағайынды он батыр, 
Бесеуің оңға тұр. 
Бесеуің солға тұр. 
Бәріңді бастайтын 
Кім батыр? 
- Мен батыр. 
Сұрақ-жауап түрінде айтылатын халық ӛлеңдерінің бір түрі - 
сұрамақ. Ж.Смақов ӛлеңдерін оқып отырып, белгілі «Бақа, 
бақа, балпақ» үлгісінде жазылған біріне кӛз тоқтаттық. 
Бақа, бақа, бақ-бақ! 
Сеніп жүрсем мақтап, 
Бетің негс сатпақ?! 
Бақа, бақа, бақ-бақ! 
Жұрт қояды мақтап. 
Үстің неге батпақ? 
Бақа, бақа, бақ-бақ! 
Жүру үшін мақтап, 
Болу керек әппақ. 
Ӛлеңде риторикалық сұрақ бар. Жауап қажетсінбейтін сұрақ. 
Сұрақ ұялтады, әрі ойлантады. Тағы да ересек адам ойымен, 
ересек адам кӛзімен таразыласақ, «жақсы болсаң ғана, мақтауға 
лайықсың» дегенді аңдаймыз. Үлкенге де, кішіге де керек 
ой, нақты, қысқа, ұғынықты. Автордың тағы бір сұрамағы 
Әйей бала, әй бала, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


271 
Ағатайың әйей ме, 
Ұрмай ма сені аяй ма? 
- деген сұраққа құрылады, халық санамағынан ерекшелігі сонда 
- сұрақтың ӛзінен жауапты аңғаруға болады. Ж.Смақов 
мазақтамалары баланың мінез-құүлық кемшіліктерін, теріс іс-
әрекеттерін әшкерелейді. Әсіресе, жылауық, қорқақ, аяншақ, 
ұйқышыл, салақ балаларды келемеж қылады. Кӛп жылайтын 
бала, кӛбінесе, автор мазақтамаларының объектісі болып 
келеді. «Жылауық» мазақтамасын 
Жылауық-ау, жылауық, 
Жақсы бала болмайсың, 
Қоймасан сен 
Бір ауық 
- деп түйіндесе, «Тағы бір жылауық» ӛлеңін былай қайырады: 
Қойсаңшы енді, жетеді, 
Жыламасаң, не етеді? 
Жылауық-ау, жылауық, 
Қойсаңшы енді бір ауық. 
Дәстүрлі мазақтамалардан ерекшелігі, ақын ӛлеңдері 
салыстыру негізіне құрылған. «Абалаған ит те үргенін 
қойды», «ызаланып ысқырған үскірік боран да басылды» 
«сен де енді қойсаңшы» дейді. Ақыры болмаған соң 
«жұмыстан шаршап кеп оралған әкеге тыныштық керек» деп 
ескертеді.
Сонымен балалар фольклоры үлгілері негізінде 
Ж.Смақов қазақ балалар поэзиясын жанрлық түр жағынан 
ғана байытып қойған жоқ, мазмұн, идея, стиль, буын, ұйқас 
жӛнінен де байытты. Ақынның фольклорлық жанрлық 
түрлер(бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, мазақтама, 
ойын ӛлеңдері т.б.) дәстүрінде туған ӛлеңдерінен бүгінгі 
сәби психологиясының автор еркін ӛз ырқында ұстағандығы 
бірден кӛзге шалынады. Бұл жайт, әрине, ӛз жырымен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


272 
қайтсе де бала кӛңілін табуға тырысқан ақынның мақсат-
мүддесіне еш қайшылық келтірмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет